Бүгінгі қонағымыз – ҚР Президенті Іс басқармасы Медицина орталығы ауруханасының лор-дәрігері Медет Маханбет. Ол медицина саласындағы кәсіби тәжірибесін бөлісіп, мұрын мен құлақ ауруларының алдын алу жөніндегі кеңестерін айтты.
Подкаста есту қабілетін қалпына келтіру, гайморит пен ангинаны емдеу, құлаққа күтім жасау, тұмаудан сақтану және маманға дер кезінде қаралудың маңызы туралы әңгіме қозғалады. Сондай-ақ мұрынға арналған дәрілерді ұзақ уақыт тамызудың зияны мен үйде ем жасаудың қатерлері туралы сөйлестік.