
Sign up to save your podcasts
Or


Назарларыңызға CoolTóbe подкастының Terek Story жобасына арналған кезекті эпизодын ұсынамыз. Бұл шығарылымның қонағы- зерттеуші, Берікбол Дукеев.
Назарларыңызға CoolTóbe подкастының Terek Story жобасына арналған кезекті эпизодын ұсынамыз. Бұл шығарылымның қонағы – әлеуметтану ғылымының докторанты Алмаш Айқынбайқызы.
Назарыңызға CoolTóbe подкастының Terek Story жобасына арналған эпизодтар сериясын ұсынамыз. Бұл шығарылымның қонақтары әлеуметтанушы, Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасының орынбасары Әлібек Қисыбай және әлеуметтанушы, PaperLab зерттеу орталығының директоры Серік Бейсембаев.
Бұл эпизода антрополог Индира, саясаттанушылар Арман және Жанель, модератор Динара Ресейдегі мобилизацияның Қазақстанға әсері, ресейліктердің Қазақстанға миграциясы, соның салдарынан туындаған қоғамдағы мәселелерге өз рефлексиямызбен бөлісеміз.
Техникалық себептермен Жанельдің Мәскеуде тұрған жылдарындағы әсері мен Орта Азиялықтарға қатысты дискриминация жайлы, әрі ресейлік таныстарының басынан өткізіп жатқан оқиғалары туралы біраз ойлары эпизодқа кірмей қалды.
Кейбір тұстағы дыбыс сапасы үшін тыңдармандардан кешірім сұраймыз.
Эпизодтың қонағы SMM маман, Qazaqshazhaz қозғалысының негізін қалаушылардың бірі, тіл белсендісі Жалғас Ертаймен Қазақстандағы тілдік активизм не үшін қажет туралы саясаттанушы Арман Әмір және антрополог Динара Әбділда пікір алмасты.
«CoolTòbe» жобасының "CoolTòbeнің жазғы құрылтайы" атты бұл циклы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды. «CoolTòbe» жобасының авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.
Эпизодтың қонағы: «Forbes Kazakhstan» қазақ нұсқасының бас редакторы, баспагер Бақытжан Бұқарбай.
«CoolTòbe» жобасының "CoolTòbeнің жазғы құрылтайы" атты бұл циклы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды. «CoolTòbe» жобасының авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.
Эпизодтың қонағы: SVET қоғамдық қорының жетекшісі Мөлдір Албан.
«CoolTòbe» жобасының "CoolTòbeнің жазғы құрылтайы" атты бұл циклы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды. «CoolTòbe» жобасының авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.
Еңбек, үй шаруашылығын жүргізу әйел не еркектің жұмысы болып бөлінеді ме? Төленбейтін жұмыс дегеніміз не? Не себептен еңбек бөлінісінде гендерлік теңдікті ұстану маңызды? Қазақстандағы гендерлік еңбек теңсіздігінің жағдайы қандай? Осы және басқа да маңызды сұрақтар туралы Ұлттық қазақ қыздар педагогикалық университетіндегі әлеуметтік және гендерлік зерттеулер институтының директоры, PhD доктор Айжан Салимжанова және гендерлік зерттеуші Ақбота Садуақасовамен талқыладық.
«CoolTòbe» жобасының "CoolTòbeнің жазғы құрылтайы" атты бұл циклы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды. «CoolTòbe» жобасының авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.
Дауыс беру – бүкіл демократиялық саяси жүйенің негізінде жатқан рәсім. Сондықтан дауыс беру қорытындыларын шығарудың «ашықтығын» және шынайылығын қамтамасыз ету – үлкен саяси маңызы бар міндет. Күлтөбенің осы эпизодында бұл міндетті абыроймен атқарып, сайлаудың әділ өтуін қамтамасыз етуге атсалысып жүрген тәуелсіз бақылаушы Ғалымжан Оразымбет пен Арайлым Назармен әңгіме өрбетеміз.
«CoolTòbe» жобасының "CoolTòbeнің жазғы құрылтайы" атты бұл циклы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды. «CoolTòbe» жобасының авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.
Осы эпизодта PhD доктор Ғалым Жүсіпбекпен «ұлттың құрылуы» ұғымы, Сталиннің ұлт тұжырымының қателіктері, Украинадағы соғыстың Қазақстан қоғамындағы «ұлт» түсінігін қайта қарастыруға ықпалы және азаматтыққа негізделген «саяси ұлт» құру не үшін маңызды екендігі туралы сөйлестік.
CoolTòbe подкастының бірнеше эпизоды Қазақстандағы ұлттық және этникалық identity, қазіргі кездегі еліміздегі ұлттың қалыптасу процестері мен идентификация мәселелері тақырыбына арналады. Бұл бағыттағы эпизодтар Саяси шешімдер орталығының “Орталық Азиядағы ұлт құру және бірегейліліктің қалыптасуы” жобасы аясында Norwegian Helsinki Committee қорының қолдауымен жүзеге асырылады.
From the publisher's feed