«Ұстаздыққа ұмтылыс» — өзін ұстаздыққа арнаған жандар жайлы баяндаймыз.
Әр сұқбаттан үйтету ісінің асыл болса да, ауыр тапсырмасын тыныш тындырып жүрген тәлімгерлер тәжірибесін таба аласыз.
Кезекті қонағымыз — Ерназар Қайрат. Физика пәнінің мұғалімі әрі білім саласында белсенді қызмет атқарып жүрген ұстаз. Сұқбат барысында Ерназар мырза шынайы ықыласпен істейтін адамдардың өзгелерге оң әсер ететінін атап өтті. Ол тәрбиеші болуды қалағанын әрі ұстаздықты өзінің тағдыры ретінде таңдағанын айтты. Сабақ алу мен білім алудың айырмашылығы, сұрақ қоюдың маңыздылығы, сондай-ақ жүйенің қателікті кешірмейтіні жайлы ой бөлісті.
Сонымен қатар, үйрену қабілетін арттырудың тиімді жолдарын ұсына отырып, ұстаздықтың тек мамандық емес, үлкен жауапкершілік екенін ерекше атап өтті.