Sign up to save your podcastsEmail addressPasswordRegisterOrContinue with GoogleAlready have an account? Log in here.
Қоқыстан қалай ақша табуға болады? Қоқыс 21 ғасырдың пайдалы қазбасы ма? Ғалам жылынып, климат өзгеріп барады, бұл процесті тоқтатуға сіз қалай үлес қоса аласыз? Подкаст барысында осы және өзге сұрақт... more
FAQs about Экокүнделік:How many episodes does Экокүнделік have?The podcast currently has 411 episodes available.
November 01, 2024"Қазақстан тәуелсіз болуы керек!". "Алаш" партиясының талабы1990 жылғы 15 қазанда Қазақ ССР парламенті алдында аштық жариялаған "Алаш" партиясы белсенділері Азаттықа берген сұхбатта жаңарған одақтық шартқа қарсы болып, билікті тәуелсіздік алуға үндегенін және егемендік декларациясын неге құптамайтынын айтқан....more28minPlay
October 26, 2024Назарбаевқа керек заң тәуелсіздік жариялардан екі ай бұрын қабылданды1991 жылғы 16 қазанда "Қазақ ССР президентін сайлау туралы" заң қабылданды. Билік басында отырған Нұрсұлтан Назарбаев сайлауға жалғыз кандидат болып тіркелді және биліктің кей тармағының басшысын ауыстырды. Қызу айтыс-тартыс тудырған заң қалай қабылданған еді?...more41minPlay
October 19, 2024Компартия мен демократия. Жолайрықтағы Жәнібеков1990 жылы билік басылымында жарияланған Қазақстан компартиясы орталық комитетінің хатшысы Өзбекәлі Жәнібековтің мақаласына Азаттық радиосы шолу жасаған. Онда не айтылған еді?...more21minPlay
October 12, 2024Горбачев пен Назарбаевқа хат. Алашорданың мүлкі қайда?1990 жылы қазақстандық бірнеше қоғам белсендісі совет үкіметінен Алашорданың мүлік-мүкәмалын қайтаруды талап етіп, Мәскеу мен Қазақстандағы компартия басшылығына хат жазған. Оған қол қойғандардың бірі – "Азат" қозғалысының жетекшісі Сәбетқазы Ақатай Азаттыққа сұхбат берген еді....more26minPlay
October 05, 20241990 жылы Алматыдағы "баспанасыздар бүлігі" немен аяқталды?1990 жылы Алматыдағы баспанасыздар бас көтеруіне қатысқан Әуезхан Шашаев кейін 9 шаршы метрлік жатақханаға қол жеткізген. Үй басып алғандар бастан кешкен қиындықтары жайында айтады. Әуезхан осы қозғалыстың соңы немен аяқталғанын әңгімелеп берді....more31minPlay
September 28, 2024Баспанасыздардың бас көтеруі. Бос тұрған үйлерді басып алғандар туралы репортажСовет одағының соңғы жылында Алматыда бас көтерген баспанасыздар өз талап-мұңы мен биліктің зомбылығы жайында айтады. 1990 жылы күзде бос тұрған жатақхана мен есептен шыққан үйлерді басып алған соң милиция оларға аяусыз күш қолданып, қуып шыққан....more23minPlay
September 20, 2024Жәнібеков айыптаған, Нұрқаділов алаңдаған "митингілік демократия"Белсенділер Хасен Қожахмет пен Аманжол Нәлібаев 1990 жылы Азаттыққа берген сұхбатында қоғамдық ұйымдар жұмысын талқылаған. Сол кездегі шенеуніктер Өзбекәлі Жәнібековтің баяндамасы мен Заманбек Нұрқаділовтің мақаласында бұл жайлы не айтылған?...more37minPlay
September 20, 2024Агрессияны қалай тежейміз, қалай дұрыс шығарамыз? Агрессияның зияны (пайдасы) қандай?"Жаншипаның" 33-эпизодында адам бойындағы агрессия туралы сөз қозғадық. Агрессияны қалай тежейміз? Агрессияны қалай дұрыс шығарамыз? Агрессияның пайдасы мен зияны қандай? Ашудың көп болуына не себеп? Бала ашуланғанда ата-ана қалай әрекет етуі керек? Осы сауалдарға практик психолог Гүлзат Қанат жауап берді....more38minPlay
September 15, 2024Шетелдік мультфильмдерді қазақша сөйлетіп жүрген Назерке"Ойжұмбақ", "Ойыншықтар оқиғасы", "Малифисента", "Ақшақар қыз", "Энканто"... Осы мультфильмдердің барлығын қазақша сөйлеткен кім? Қарапайым қазақ актерлары, режиссерлары. Оларға қуат берген не? Жұмысқа деген ынта пен патриотизм. "Зеренің" бүгінгі кейіпкері - дубляж режиссері Назерке Лесбекқызы....more34minPlay
September 14, 2024Билік алғашқы қоғамдық ұйымдарды қалай қысымға алды?Бұл – "Азаттық-70" подкасының жалғасы "Азаттық толқынында". Мұнда Азаттық эфирінде әр жылдары берілген, радио қорында сақталған маңызды хабарларға, айтулы оқиғаларға шолу жасалады. Бірінші эпизодта Қазақстан тәуелсіздігіне бір жыл қалғандағы қоғам өмірі баяндалған сұхбатқа шолу жасаймыз....more32minPlay
FAQs about Экокүнделік:How many episodes does Экокүнделік have?The podcast currently has 411 episodes available.