====(Жақсы Жаңалықтар, өмірге туралы сөздер, Інжіл әндер)-Қазақстанда Кіші Тілдер (әліпбилік ретпен)===
1 ҚОРЫНТТЫҚТАРГА: ТАРАУ 15
1 Ал енді, бауырластар, мен сендерге уағыздаған Ізгі хабарды тағы да естеріңе салғым келеді. Сендер оны қабылдап, сенімдерің нығайып келді.2 Егер оны дәл мен уағыздағандай берік ұстансаңдар, осы Ізгі хабар арқылы құтқарыласыңдар; әйтпесе оған бекерге сенгендерің.3 Менің қабылдап алып, сендерге жеткізген ең басты хабарым мынау болды: Киелі жазбаларда алдын ала айтылғандай, Мәсіх біздің күнәларымыздың құнын өтеу үшін жанын құрбан етті.4 Осы жазбалардың тағы алдын ала айтып кеткеніндей, Мәсіх қабірге қойылып, үшінші күні қайта тірілді.5 Ол Кефаға (яғни Петірге), содан кейін он екі елшінің бәріне көрінді.6 Мұнан соң Оны бес жүзден аса бауырластарымыз да бір мезгілде өз көздерімен көрді: олардың көпшілігі әлі тірі, біразы ғана қайтыс болды.7 Содан кейін Мәсіх Жақыпқа, сондай-ақ барлық елшілеріне көрінді.8 Бәрінен кейін, дер кезінде жаңа өмірге дайын болмаған мен де Мәсіхті өз көзіммен көрдім.9 Елшілердің ішіндегі ең лайықсызымын, елші деп аталуға да тұрмаймын, себебі мен Құдайдың қауымын қуғындадым.10 Бірақ та Құдайдың рақ