⚜️ «Ғылым 2.0» подкастының бұл шығарылымында ғалым болмысы, ғалым болу үшін адам бойында болуы тиіс қасиеттер сөз болады.
⚜️ Ғылым дамуы үшін ғалымға жасалатын жағдай қандай болуы керек, ғылым қай жағдайда алға жылжиды деген сауалдар төңірегінде жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар өкілдері ой бөліседі.
⚜️ Ғалымдар деңгейін көрсететін әлемдік бағалау жүйелерінің артықшылығы мен кемшіліктері айтылады.
⚜️ Спикерлер:
🔹 Рәтбай Мырзақұлов - PhD, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ЕҰУ жанындағы Халықаралық теориялық физика орталығы кафедрасының меңгерушісі.
🔹 Айдар Балабеков – Назарбаев университетінің оқытушысы, Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ докторанты, қазақ тілін үйретуге арналған оқулықтар авторы, қазақ тілінің лексика-грамматикалық минимумының құрастырушысы.
Hosted on Acast. See acast.com/privacy for more information.