
Sign up to save your podcasts
Or


«Елге қызмет ету» ұғымының шынайы мағынасы қандай? Ғылымда, өнерде, күнделікті тірлікте үнсіз майдан ашқандардың орны қайда?
«Нұртас және елге қызмет»: Бұл кітап біздің патриотизм туралы түсінігімізді қалай аударып-төңкереді?
Неге адамды бір стандартты «өлшемге» салу — ең үлкен қателік? Адам болмысын шектейтін рамкаларды қалай бұзамыз?
«Адамды бір шаблонға сыйғыза алмайсың. Ал тарихты бір тараптың көзқарасымен жаза алмайсың.»
Егер сіз де дайын аксиомаларға күмәнмен қарап, оқиғалардың астарына үңілгіңіз келсе — бұл подкаст дәл сіз үшін!
JJT.FM подкастының бұл шығарылымында адамды күлдіріп қана қоймай, тереңге үңілдіретін «КітапХан» жобасының авторы Хамит Ердехан қонақта. Мұхтар Шахановтың поэзиясы арқылы махаббаттың шынайы өлшемін таразылап, сана биігінде маңызды сұрақтарға жауап іздедік.
🎧 Салмақты әрі қызықты әңгімені жіберіп алмаңыз!
jjt.fm подкастының жаңа шығарылымында Асқар ағаймен өзін-өзі тану бағытында әңгіме өрбіттік. Ағай өзінің Исландия сапары, шаршаумен күрес, өзіңді ашу үшін әрекет ету және адамдарды тану туралы ойларын айтып берді. Шынайы әрі салмақты сұхбат болды. Әсерлі тыңдау тілейміз!
Сынып жұмысы
Капитализм және біз
JJT.FM кезекті шығарылымы тарих сабағындағы капитализм тақырыбымен өрбіді. JJT alumni бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан тарих сабақтарының бірін сіздерге ұсынамыз. Бүгінгі шығарылымда тарих беттерін парақтай отырып, экономика мен күнделікті өміріміздің қалай ажырамас бөлшекке айналғанын талқылаймыз.
🔔 Қоңырау соғылды, құлаққапты киіп, сабаққа қосылыңыздар!
Тыңдап, пікір жаза кетіңіз!
Тыңдап, пікір жаза кетіңіз! Келесі эпизодтарда қандай кейіпкерді көргіңіз келеді?
@jjt.club инста парақшадан бақылай аласыз!
From the publisher's feed
Бұл аудио подкаст замандастардың басын қосып, көңілді отырыс пен теңдессіз тәлімді ұштастыратын жоба. Мұнда біз өмір, даму,…
Құлаққапты киіп, бізбен бір толқынға түсіңіз!