Қазақ радиосы

Кеңес Дүйсекеевтің "Қарағым-ай" әні (Жадымда қалған сол әуен)


Listen Later

Кеңес Дүйсекеев көп балалы отбасында өскен. Жан дегендегі жалғыз әпкесі Күлшат он сегіз жасында қайтыс болады. Артынан о дүниеге әкесі атанады. Кеңес Дүйсекеев ер жеткенде әпкесінің рухына тағзым жасау ниетімен ән шығаруды ойлайды. Ән ұзатылып бара жатқан қызға арналған ән болуы тиіс деген ой келеді. «Егер де әкем мен әпкем тірі болғанда, әпкем өз серігін тауып, өз босағасынан ұзатылып бара жатқанда, әкем ақ батасын беріп, қызына осы әнді айтар еді» деген ойда болады. Бұл әкесінің қызына арналған әні. Осылай «Қарағым-ай» әні дүниеге келді. Әуеннен кейін, ән мәтінін қазақтың белгілі ақыны Шөмішбай Сариев жазған. Толығырақ подкастта айтылады. 



...more
View all episodesView all episodes
Download on the App Store

Қазақ радиосыBy qazaqradiosy