
Sign up to save your podcasts
Or


Qazaqsha podcast жаңа айдары "Maqala tyñda" деп аталады. Мұнда қазақ медиасында жарияланған өзекті де сапалы материалдар туралы айтамын. Алғашқы эпизодта журналист Нұртай Лаханұлының Азаттық радиосы сайтында жарияланған «Шыңжаңнан келгендердің кейінгі легі "лагерь" тақырыбын қозғауға құлықсыз» материалы.
– Қытайда қалған туыстарымның амандығын білейін деп келдім. Ол жақта бауырларым, ағайын-жұрағатым бар. Естуімізше, онда қиындық көп болып жатыр. 2017 жылы басталған Қытай саясатының салдарынан түрмеге қамалған достарым бар. Сотталып кеткен ерлі-зайыпты таныстарым да бар. Балалары жетімдер үйінде қалды. Сондағы олардың бар қылмысы – намазға жығылғаны, – дейді Ералы.
Осыдан кейін ғана Оралтай: "Қазақстанға барғанда әртүрлі әңгіме айтпайсың деп, қолымызды қайырып, талай қағазға қол қойғызды ғой" деді...
Бұл эпизод біздің өмірде көрген, қанша уақыт өтсе де жылуы әлі кете қоймаған жақсылық туралы. Өздерінің мейірімге, жылуға толы естеліктерімен бөліскен достарым Қаламқас Толымбекқызы, Болатбек Мұхтаров, Айсұлтан Жақыпоы, Аян Қалмұрат, Мейірман Ілес, Назерке Низамудинқызына және есімін атамауды жөн көрген досыма көп алғыс.
Бұл эпизод қазақтың боғауыз, бейпіл сөздері жөнінде. Ұят, мораль шектеуімен қазақтың ауыз әдебиетінің осы саласы ұмыт болып барады. Бейпіл сөздерді жаңғырту көпшілік орындарда бейәдеп сөйлеуді білдірмейді. Бұл әңгіменің де өз орны, аудиториясы бар. Сондықтан да эпизодқа қатысты 18+ жас шектеуін тағы да еске саламын. Эпизод басындағы дисклеймер Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты қазақ тіліңдегі сөзді синтездеу жобаcымен жасалды. Эпизодта Аршат Қайролланың, "Адаптация" тобының музыкасы қолданылды.
Балалығымыз ауылда өтіп, қалада есейсек те, біз не ауылдық не қалалық болмадық. Кешегі мен бүгінгі, өзім және өзге, ауыл мен қала туралы эпизод Айсұлтан Жақыповпен)
Саясатпен, азаматтық белсенділікпен айналысатын қыз-келіншектер бір жағынан заңсыздықпен күрессе, екінші қоғамда қалыптасып қалған стереотиптермен де күресуге мәжбүр. Бұл подкаст мақсаты - әйелді киелендіріп, ерлерді тұқырту емес, әсте. Тек ой салу. Подкаст қонақтары: Инга Иманбай, Әсем Жәпішева.
Бұл эпизод арнайы подкаст ретінде жазылған жоқ. Былтыр, қазан айында Қызылорда қаласына жол түскен болатын. Сондағы бір кездесуіміздің бір ғана бөлігінің аудиожазбасы. Айтпақшы, қонақжай қызылордалық достарым Zhamilya Kassymkhan мен Oskar Gasta көп рақмет.
Ғалымжан Оразымбет екеуміз қыркүйек, қазан айларында Қазақстанның он қаласын: Орал, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Астана, Қарағанды, Қызылорда, Шымкент, Тараз және Алматы аралап, сапарға шығып едік. Осы сапардың дәмін, әсерін ораға салған эпизод.
Подкаст қонағы - Қазақстандағы санаулы тәуелсіз саясаттанушылардың бірі Шалқар Нұрсейітов. Бұл эпизодта Шалқар белгілі бір саясаткер туралы емес, азаматтық қоғам өкілі, сіз бен біз туралы айтады. Саясатпен айналысу үшін ешкімнен рұқсат алудың, арнайы білім алудың қажеті жоқ. Өзі тұратын мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуды мұрат ететін кез келген азаматтық қоғам белсендісі осы әңгіменің басты кейіпкері. Саясатанушы азаматтық қоғамдағы "саясатпен" айналысатын адам туралы, оған биліктің көзқарасы, оның құндылықтары туралы пікірін айтады. Біздің азаматтық қоғамға жетпейтіні не, оны біріктіретін, күш беретін не? Радикал оппозиция қайдан шығады? Өзгерістер қашан басталады? осы және басқа да сұрақтарға саясаттанушы жауабын осы эпизодтан табасыз.
"Үрей. Күйзеліс. Паранойя. Психикалық дерті бар адамдардың басынан кешіретін жағдайы осы. Карантин кезінде біз уақытша олардың не сезінетінін білетін болдық. Бұдан былай оларға түсіністікпен қарайтын шығармыз деп ойлаймын"...
Бұл эпизодта біз: Сая Бақимова, Ернар Бекенов үшеуміз үрей, қорқыныш сезімдері туралы айтамыз. Үрей қайдан шығады? Оның пайдасы бар ма? Оны қалай жеңуге болады? Сонымен қоса бұл эпизодта Нұрлыбек Зинабдин, Гаухар Раянова, Абылай Амантай, Ғалымжан Оразымбет және Бекзатбектің естеліктері қолданылды.
From the publisher's feed