Жаңа кейіпкеріміз — Назарбаев Университетінің түлегі, жастарға арналған бірнеше Telegram-каналдың авторы Махаббат Боранбай. Махаббат қазіргі кезде PaperLab ғылыми-зерттеу орталығының әлеуметтанушысы және «Ұят емес» жыныстық-ағарту сайтының маркетинг және коммуникация маманы.
Эпизод ұзақ болып шықты😊 Сіздерге пайдалы әрі құнды ақпарат бердік деген үміттеміз. Эпизодтағы тақырыптар:
Социология нені зерттейді және Махаббат бұл салаға қалай келді;
Назарбаев Университетіндегі оқу, мамандық ауыстыру, стресс және жауапкершілік;
Жұмыс жасау арқылы ішкі қажеттіліктеріңді өтеу, қабілеттеріңді көрсету;
«Ең басты стереотип — әр адамның өз басында»: топ компаниялар адамды қабілетіне қарай іріктейді
Болашақ жұмысыңды іздеу кезінде өзіңе қандай сұрақтар қою керек?
Социологиялық зерттеулердегі жергілікті ғалымдардың маңыздылығы, олардың болуы;
Стипендиялық бағдарламаларға, түрлі конкурстарға тапсырарда ескеретін басты нәрсе — қоғамға үлесіңді қосу;
Фэйлдардың(сәтсіздік) және көмек сұрай білудің маңызы.
Эпизодта айтылған ақпарат:
Конрад Адэнауер қоры, «Тайбурыл» стипендиясы, К.Маркстың «Капитал» кітабы
Махаббаттың телеграм-каналдары: @youngcareer @zapiskiseniora
⚡⚡Эпизодты тыңдасаңыздар, бізге баға керіп, өз ойларыңызбен бөліссеңіздер — бұл бізге әрі қарай жұмыс істеуге күш береді🥰
Инстаграм: @sendebir.qirpish @notes.of.m
Бұл подкаст АҚШ даму агенттігі (USAID) арқылы Америка халқының көмегімен "Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасының" аясында дайындалды. Подкаст авторлары, Құндыз және Елена, ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
Scott Holmes Music - Longest Year
https://freemusicarchive.org/music/Scott_Holmes/inspiring-background-music/longest-year
---
Send in a voice message: https://anchor.fm/kundyz-mukhangali/message