Әжемнің әңгімесі

Әжемнің әңгімесі

By Qazaq RadiolaryParentingKids & Family
Download on the App Store

Әжемнің әңгімесі episodes

  • Әжемнің әңгімесі – 14 қараша 2020 жыл
    Хабарымыздың бүгінгі қонағы - қазақтың ақыны Ғабиден Қуанышбайұлы.

    Хабар әжелер институтын насихаттайды. Кейінгі ұрпаққа отбасының, ағайын - туыстың бірлігін сақтайтын тәрбиеші, әрі ақылгөйі, тілеуқоры – әжелер әңгімелері арқылы парасатты ой түйінделеді.
    16 min
  • Әжемнің әңгімесі – 7 қараша 2020 жыл
    Хабар әжелер институтын насихаттайды. Кейінгі ұрпаққа отбасының, ағайын - туыстың бірлігін сақтайтын тәрбиеші, әрі ақылгөйі, тілеуқоры – әжелер әңгімелері арқылы парасатты ой түйінделеді.
    Бүгінгі хабар қонағы - Еңбек ардагері Тілеухан Мырзағалиұлы.
    16 min
  • Әжемнің әңгімесі – 31 қазан 2020 жыл
    Бүгін Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант - Абай Тасболатов әже әлдиіндегі әлемімен бөліседі.

    Хабар әжелер институтын насихаттайды. Кейінгі ұрпаққа отбасының, ағайын - туыстың бірлігін сақтайтын тәрбиеші, әрі ақылгөйі, тілеуқоры – әжелер әңгімелері арқылы парасатты ой түйінделеді.
    15 min
  • Әжемнің әңгімесі – 17 қазан 2020 жыл
    Қазақтың ұлттық дәстүрін бренд дәрежесіне көтеру жолында қажыр-қайратын жұмсап жүрген дизайнер, сәңгер, қолөнер шебері - Жадыра Сахиева әже әлдиіндегі әлемімен бөліседі.

    Хабар әжелер институтын насихаттайды. Кейінгі ұрпаққа отбасының, ағайын - туыстың бірлігін сақтайтын тәрбиеші, әрі ақылгөйі, тілеуқоры – әжелер әңгімелері арқылы парасатты ой түйінделеді.
    16 min
  • Төлеген Жаманов: Кеңсірігімде әжем марқұмның әлі күнге иісі бар
    Қазақ радиосының «Әжемнің әңгімесі» хабарында ақын әрі тарихшы Төлеген Жаманов әжесі Бәден Жүпенқызының немере бойына сіңірген тәлім-тәрбиесі жайлы айтты.
    «Кеңсірігімде әжем марқұмның әлі күнге дейін иісі бар. Келіншегімнің төркінінен келген төсек дүниесі бола тұра, екеуміз Қирабайдың Жаманы жамылған үлкен көрпесін әлі күнге дейін ырым ғып жамыламыз» ,- дейді әже әлдиіндегі әлемін еске алған Төлеген Жаманов.
    Әже бауырында өскен Төлеген осы күнге дейін әке мен шешесін атымен атайды. «Қамырым сенен болса да иінім басқадан» дейді қазақ. «Менің иімді қандырған, сарайымды кеңейткен, бүкіл ықылас, тәлімі мен тәжірибесін менің бойыма төгіп беріп кеткен адам»,- дейді ақын.
    Толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.
    Хабардың редакторы- Альмира Елімсары.
    16 min
  • Әжемнің тәрбиесі – алтын көмбе
    Ақеділ Тойшанұлы: Атажұртпен жалғастырған тірі көпір менің әжем. Әжемнің үйден берген білімі көп дүниегеге қозғау салды, алтын көмбе болды.
    Осыдан 27 жыл бұрын Моңғолия қазақтары ең алғаш Қазақстанға қарай көш керуенін бастап берді. «Еңбек шарты» атты құжатқа сәйкес 1991-1992 жылдары 45 мыңнан астам қазақ атажұртқа оралды. Ақеділ Тойшанұлы «Атажұртқа» жеткен көштің басында тұрды. «Атажұртпен жалғастырған тірі көпір – менің әжем Нұриман» деп ағынан жарылды фольклортанушы ғалым «Әжемнің әңгімесі» хабарына берген сұхбатында.

    Нұриман әже шығыс өңірінде белгілі Сырымбет бидің ұрпағы. Боранбай би, Сырымбет би Абылайханның бас билері болған екен. Бұл кісілердің өмірі Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақ білек» романында суреттелген. Сондағы кейбір кейіпкерлер біздің әжеміздің туысқандары болып келеді ,- дейді Ақеділ Тойшанұлы.
    Толық ақпарат аудионұсқада.
     Хабардың авторы әрі редакторы- Альмира Елімсары.
    16 min

About Әжемнің әңгімесі

From the publisher's feed

Ұлттық тәрбиенің өзегі әжелер мектебінің құндылығы дәріптеледі. Әже ұлағатымен өскен ұрпақтың пайымды парасаты тыңдаушыға жеткізіледі.