
Sign up to save your podcasts
Or


Бұл жолғы подкастта не айттық?
Алдыңғы жолы көп жазу мен аз жазу туралы сөйлессек, бұ жолы жылдам жазу, асықпай ұзақ жазу жөнінде сөз қозғадық. Қалалық проза, аграрлық әдебиет, бүгінгі оқырман, қазіргі кейіпкер туралы талқыладық. Ойдан ой туады ғой. Бір қарасам, заң мен тәртіп, құндылықтардың қақтығысы, жазушылардың рөлі туралы сөйлеп отыр екенбіз. Арман Әлменбет пен Есбол Нұрахмет біраз әңгіме айтты. Тағы бір подкаст арнап, кеңірек көсілтсе де болады екен деп ойладым.
Бұл жолғы подкасттың қонақтары жазушы Қанат Әбілқайыр мен ақын, жазушы Жақсылық Қазымұратұлы болды.
Олар бүгінгі проза, әдеби редакторлық дәстүр, тапсырыспен кітап жазу, кітап сату, аға буынның жастардың шығармасын оқуы секілді тақырыптарда ой қозғады.
«Алқаның» кезекті шығарылымын аударма тақырыбына арнадық. Қонақтарым әдебиеттанушы, сыншы Амангелді Кеңшілікұлы мен ғалым-аудармашы Гүлшат Бақытжан. Подкаста қазақ аударма мектебі, қазіргі аударманың сапасы, ғылыми тұрғыда даму бағдары, өзекті мәселелер мен алдағы мақсат-міндеттер жөнінде сөз қозғалды. Кеше ғана Нобель сыйлығын алған Хан Гаң туралы да айтылды.
Ақын Тоқтарәлі Таңжарық пен Ерлан Жүніс мазмұнды, әсерлі әңгіме айтты. Екі қаламгердің жаңа романы, көп жазу мен аз жазудың артық-кем тұстары, өз буынының бағасы, әдеби байқаулардың бүгінгі форматы, «Екеудің әңгімесі» жайлы естеліктер және тағы басқа да тақырыптар сөз болды.
Қонақтар: ақын Олжас Қасым, ақын Азамат Әбілқайыр.
Жаңа шығарылым. Бүгінгі тақырып: әдебиеттің креативті индустриядағы рөлі. Қонақтарым Мақпал Жұмабай мен Alikhan Tuiebay тақырып төңірегінде жақсы-жақсы ойлар айтты. Одан бөлек бүгінгі әдебиеттің насихаты, өзекті мәселері, әлемнің 6 тіліне аударылған поэзия мен проза антологиясы және жасанды ителлектінің өнерге ықпалы, креатив хабтар туралы сөйлестік.
Бұл жолы детектив тақырыбында жазып жүрген жазушыларды шақырдық. Абай Аймағанбеттің жақында шыққан “Бұрылысқа жарты қадам қалғанда” атты детектив романы, Жадыра Шамұратованың детектив тақырыбындағы әңгімелері талқыланды. Сосын жазушының түрме аралап жүрген кездегі диктофонға айтылмайтын істерге қалай үңілгенін, тақырыпты қалай зертеу керектігі де айтылды. Жалпы біз детективті қалай түсініп жүрміз? Оның табиғаты қандай болуы керек?
Подкасттың алғашқы қонақтары – ақын Ақберен Елгезек пен жазушы Мақсат Рамазан. Әңгіме Мұхтар Мағауинмен кездесу төңірегінде басталып, өткен жолы қаламгер айтқан 40 жас жазушының тізіміне жалғасты.
Мақсат Мәліктің "Абыл мен Қабылы", әдебиеттегі кәсібилік, бүгінгі тақырыптар сөз болды.
Ақберен Елгезектің әлі жарық көрмеген жаңа романы, сын қабылдау, көп мақталудың зияны, тіл мен форма секілді тақырыптар талқыланды.
From the publisher's feed