de.media

Ауғандықтар намысшыл, төзімді халық


Listen Later

Бұл сұхбатта қазақстандық дәрігерлер Ауғанстандағы ең ауыр, жан түршіктірер көріністерді алғаш рет бүкпесіз айтты.

 

Дәрігерлердің айтуынша, ауған халқы ерекше сабырлы, қайсар, намысшыл. Тіпті кішкентай балалардың өзі ауырса да жыламайды, сыр білдірмейді.

 

Әйелдердің жағдайы өте ауыр. Көпшілігі ауруханаға бара алмай, үйде босануға мәжбүр. Соның салдарынан ана мен бала өлім-жітімі өте жоғары. Кейбір отбасыларда бес баланың төртеуі шетінеп кетеді. «Неше балаң бар?» деп сұрағанда, «біреу» деп айтады, ал кейін «төртеуі қайтыс болды» деп қосады. Балалардың көбі тамақсыз қалған, инфекция жұқтырған немесе жарақат алған. Босқындар лагеріндегі көріністер тіпті ауыр: бір ғана кішкентай шатырда 20–30 адам тұрады, көбісі – балалар. Жылу жоқ, дәрі жоқ, таза су жоқ. Ауғанстанда медицина өте әлсіз. Аппараттар жетіспейді, кей жерде мүлде жоқ. Соның кесірінен көптеген адамдар аяқ-қолын сақтап қалу мүмкіндігінен айрылып, ампутацияға тап болады. Инфекциялық аурулар көп, медицина мамандары жетіспейді, оның ішінде әйел дәрігерлер тіпті аз. Соған қарамастан, ауған халқы дәрігерлерге ерекше құрметпен қарайды. Қазақстаннан барған мамандарға олар ризашылықпен қарап, «көмек көрсеткен елді ешқашан ұмытпайтынын» жеткізген.

...more
View all episodesView all episodes
Download on the App Store

de.mediaBy de.media