de.media

de.media

By de.mediaBusinessNews
Download on the App Store

de.media episodes

  • Экспортты шектеу ет бағасын түсіре ме?

    Елімізде медициналық қызметтің қолжетімділігіне қатысты шағымдар көбейген соң, Денсаулық сақтау министрлігі маңызды өзгеріс енгізуді қарастырып жатыр. Егер науқасқа қажет қызмет 10 күн ішінде көрсетілмесе, ол еш кедергісіз басқа клиниканы таңдай алады.

    16 min
  • Ауғандықтар намысшыл, төзімді халық

    Бұл сұхбатта қазақстандық дәрігерлер Ауғанстандағы ең ауыр, жан түршіктірер көріністерді алғаш рет бүкпесіз айтты.

     

    Дәрігерлердің айтуынша, ауған халқы ерекше сабырлы, қайсар, намысшыл. Тіпті кішкентай балалардың өзі ауырса да жыламайды, сыр білдірмейді.

     

    Әйелдердің жағдайы өте ауыр. Көпшілігі ауруханаға бара алмай, үйде босануға мәжбүр. Соның салдарынан ана мен бала өлім-жітімі өте жоғары. Кейбір отбасыларда бес баланың төртеуі шетінеп кетеді. «Неше балаң бар?» деп сұрағанда, «біреу» деп айтады, ал кейін «төртеуі қайтыс болды» деп қосады. Балалардың көбі тамақсыз қалған, инфекция жұқтырған немесе жарақат алған. Босқындар лагеріндегі көріністер тіпті ауыр: бір ғана кішкентай шатырда 20–30 адам тұрады, көбісі – балалар. Жылу жоқ, дәрі жоқ, таза су жоқ. Ауғанстанда медицина өте әлсіз. Аппараттар жетіспейді, кей жерде мүлде жоқ. Соның кесірінен көптеген адамдар аяқ-қолын сақтап қалу мүмкіндігінен айрылып, ампутацияға тап болады. Инфекциялық аурулар көп, медицина мамандары жетіспейді, оның ішінде әйел дәрігерлер тіпті аз. Соған қарамастан, ауған халқы дәрігерлерге ерекше құрметпен қарайды. Қазақстаннан барған мамандарға олар ризашылықпен қарап, «көмек көрсеткен елді ешқашан ұмытпайтынын» жеткізген.

    58 min
  • Ironman болу жолы, 40° аяздағы тәртіп және табыс философиясы / СҰХБАТ

    Бұл шығарылымның қонағы -  Берік Молдабаев, кәсіпкер, спорт насихатшысы, әлеуметтік жобалардың авторы.

    Берік мырза Ironman жарақатсыз болмайтын, аса шыдамдылықты талап ететін қымбат спорт екенін ашық айтады. 40 градус аязда суға түсу, ұйқы мен тамақ тәртібі, мақсатқа жету үшін той мен жиыннан бас тарту - оның күнделікті дағдысы. Италиядағы халықаралық жарыста 3500 адамның алдында көк туды желбіреткен сәті, құрылыс компаниясына жұмысқа тұрып Ironman-ге қатысуы, ерте тұрудың әдістері — осының бәрін толық баяндайды.

    33 min
  • Налоговая реформа 2026: рост НДС, новые правила и кого затронут изменения

    С 1 января 2026 года в Казахстане вступает в силу новый Налоговый кодекс, который станет крупнейшей реформой последних лет. Одно из ключевых изменений - повышение ставки НДС с 12% до 16%. Главный вопрос остаётся открытым - готово ли общество к самой масштабной налоговой реформе последних лет?

    6 min
  • Трамптың жұбайы талғампаз / дипломатияның қыр-сыры / cұхбат

    de. YouTube арнасының кезекті қонағы – Эльнара Байназарова, БҰҰ-ның Қазақстандағы кеңсесінің баспасөз қызметінің басшысы. Биыл Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 80 жыл, ал Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастыққа 30 жылдан астам уақыт өтті. Осы мерейтойлар аясында бағдарламада Қазақстан мен БҰҰ-ның бірлесіп жүзеге асырып жатқан ең өзекті мәселелері, сондай-ақ дипломатиядағы маңызды келіссөздер, әлем саясаткерлерінің имиджі, халықаралық коммуникацияның қыр-сыры кеңінен талқыланады.

    27 min
  • Қазіргі таңда қандай формат сұранысқа ие?! | Подкаст студия ашқысы келетіндер көрсін | МалТап #4

    «МалТап» жобасында жас та болса бас болып, табыс тауып жүрген кәсіпкерлермен таныстырамыз. Бүгінгі кейіпкеріміз – Астана қаласындағы подкаст студия жетекшісі - Ерлан Мусипов. Студия кәсібін қалай және неден бастағанын, бүгінде контентмэйкерлерге не жетіспейтінін, студия ашқысы келетін жас кәсіпкерлерге өз кеңестерімен бөлісті

    43 min
  • Адамдар несиені көп алып кетті | Сұхбат

    De.Media арнасының қонағы – экономист Сапарбай Жұбаев. Сарапшы банктердегі несие пайыздары, инфляция, жалақы деңгейі және той шығындары мәселелеріне қатысты өз пікірін білдірді. Сапарбай Жұбаев қарапайым тілмен экономикалық жағдайды түсіндіріп, халыққа қаржыны дұрыс басқару бойынша кеңес берді. Сұхбатты көріп, пікір жазыңыз.

    51 min
  • Как ИИ меняет агропромышленность?

    ИИ внедрён в 648 хозяйствах и 41 перерабатывающем предприятии страны. В этом выпуске рассказываем о том, как цифровые технологии и искусственный интеллект меняют агропромышленный комплекс Казахстана. Узнаем, как точное земледелие, дроны, IoT-системы и Smart-фермы помогают повышать урожайность, снижать издержки и автоматизировать производство.

    51 min

About de.media

From the publisher's feed

De. – креатив контент өндіретін жаңа медиа