Нұрбол Елемесов — онкология саласында 15 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман. Ол қызмет ететін Астана қаласындағы Ұлттық онкология орталығында жыл сайын 2000-нан аса пациент емделіп, дертімен күресіп шығады.
Елімізде қатерлі ісік дертіне шалдығу көрсеткіші әлі де жоғары. Әсіресе, әйелдер арасында сүт безі обыры жиі кездеседі.
Бүгінгі подкаст барысында ең өзекті, маңызды сұрақтарды көтердік. Қатерлі ісікпен күресте ерте диагностика, заманауи емдеу тәсілдері, науқастар мен олардың жақындарына қажетті қолдау сынды тақырыптар қозғалды.
Подкастты тыңдап, пікір қалдыруды ұмытпаңыз.
Қатерлі дертке шалдыққан жандар мен олардың жақындары үшін білікті маман тарапынан берілген ақпарат пен кеңестің рөлі зор.