
Sign up to save your podcasts
Or


Жергілікті ұйымда қалған жөн бе, әлде халықаралық ұйымға ұмтылған дұрыс па? Бұл эпизодта біз екі ортада жинаған тәжірибемізбен бөлісеміз.
Жұмыс мәдениеті несімен ерекшеленеді, мансап қай жерде тезірек өседі, бір ортадан екіншісіне ауысқанда не қиын болды — бәрін өз басымыздан өткен мысалдармен айтамыз.
Халықаралық ұйымда жұмыс істегісі келетіндерге де нақты кеңестеріміз бар: неден бастау керек, түйіндеме мен сұхбатта қандай қателіктер жиі жіберіледі, ағылшын тілі ана тіліңіз болмаса, оның мансапқа қалай әсер ететіні. Өзімізге халықаралық ортаның есігін ашқан сәттер мен адамдар туралы да әңгімелейміз.
Бұл эпизодта Құралай мен Гүлназ эмоционалдық күйіп кету (бернаут) туралы ашық әңгімелеседі. Бұл сезім қалай көрінеді? Неге әлеуметтік салада, білім беруде, қоғамдық жобаларда жүргендер оған ерекше бейім? Одан қалай шығуға және өзіңді қалай сақтауға болады? Бұл теория емес, өз басымыздан өткен тәжірибе.
Соңғы кезде «бәрі мәнсіз» деген ой жиі келетін болса, бұл эпизод саған арналған.
Фандрейзер, мониторинг және коммуникация мамандары, жобалық және бағдарламалық менеджерлер — бұл рөлдердің өзіндік ерекшелігі қандай? Егер сіз осы секторда қалып, кәсіби деңгейіңізді өсіргіңіз келсе, даму бағытын қалай айқындау керек? Сұрақтарға жауап беретін өте практикалық әрі пайдалы шығарылым. Тыңдап, баға беріңіздер!
From the publisher's feed
Бұл жобада келесі тақырыптар қозғалатын болады: әлеуметтік өзгерістер, активизм, көшбасшылық, үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық қоғам, сала этикасы мен кәсібилігі, профессиялар және карьера…
Бізбен байланысқа шығу жолдары:
Гүлназдың instagram-ы https://surl.gd/alhdoe
Құралайдың instagram-ы https://surl.li/irnygs