Sign up to save your podcastsEmail addressPasswordRegisterOrContinue with GoogleAlready have an account? Log in here.
Қоқыстан қалай ақша табуға болады? Қоқыс 21 ғасырдың пайдалы қазбасы ма? Ғалам жылынып, климат өзгеріп барады, бұл процесті тоқтатуға сіз қалай үлес қоса аласыз? Подкаст барысында осы және өзге сұрақт... more
FAQs about Экокүнделік:How many episodes does Экокүнделік have?The podcast currently has 411 episodes available.
January 10, 2024Данияр Бакимов: Қалдық өңдеу бизнесінде тек патриоттар ғана қалдыRocket plastic жобасының өкілдері пластик өңдеп, дизайны ерекше бұйымдар жасайды. Бұған қоса, кәсіпкерлерге, білім мекемелеріне пластик өңдейтін аппараттар ұсынады. Eco Kundelik-тің кезекті эпизодының қонағы Rocket plastic жобасының негізін қалаушы әлеуметтік кәсіпкер Данияр Бакимов....more26minPlay
January 06, 2024Алматыдағы Қаңтар оқиғасы. Журналистердің бастан кешкеніЕкі жыл бұрын дәл осы күндері Азаттық радиосының қызметкерлері Қаңтар оқиғасының ортасында жүрді. Асылхан Мамашұлы, Аян Қалмұрат және Санат Нұрбеков көрген Қаңтар оқиғасы қалай өрбіді?...more1hPlay
December 30, 2023Ауғанстанға кеткен қазақ әйелінің тағдыры және бүгінгі диаспораБала кезінде Қазақстаннан кеткен Әсия Салдарбекқызы совет-ауған соғысында тағы да көшуге мәжбүр болды. Ол басынан кешкендерін бұрын Азаттыққа әңгімелеп берген. Ауған қазақтарының қазіргі жағдайы қалай? Бұл туралы жақында Ауғанстаннан келген шығыстанушы Жомарт Жеңісұлымен сұхбатта айтамыз....more33minPlay
December 29, 2023"2023 жылдың қаһармандары – құқық қорғаушылар"Қаңтар істері, парламент сайлауы, әйелдерге қарсы қылмыс, экс-президент Назарбаевтың кітабы. Өтіп бара жатқан 2023 жыл тағы несімен есте қалды? Жылды қортындылауға келген қонағымыз – журналист, құқық қорғаушы әрі саяси белсенді Инга Иманбай өзі үшін бұл жыл несімен есте қалғанын айтты....more33minPlay
December 28, 2023Смартфон, гаджетке тәуелділіктен қалай құтылуға болады?"Жаншипа" психологиялық подкастының 25-эпизодында смартфонға, гаджетке тәуелділік туралы сөз қозғадық. Кейінгі кезде біздің подкасты тыңдаған бірнеше адам "смартфонға тәуелдімін, күніне орта есеппен жеті сағаттай телефонға кетеді. Көзім құрғай бастады, бұдан қалай құтыламын?" деп жазды. Сондықтан смартфон, гаджетке тәуелділік тақырыбын қозғауды жөн көрдік. Смартфонға тәуелділіктің себебі неде? Адам бұл тәуелділіктен қалай шыға алады? Бұл сауалдарға "Цифрлық тәуелділік" кітабының авторы, психолог Самал Самарқанқызы жауап берді....more31minPlay
December 23, 2023Таалайбек Ылайтегін. Желтоқсанда шеруді басуға қатысқаны үшін берілген марапаттан бас тартқан адам1986 жылы Желтоқсан оқиғасын басып-жаншуға қатысып, кейін сол үшін берілген марапаттан бас тартқан Таалайбек Ылайтегін осы оқиға кезінде екіұдай күйге түскенін айтады. Желтоқсан оқиғасын тексеру комиссиясына "Алаңға әскер енгізгендерді жазалау керек" деп арылу хатын жазған ол оқиғадан 37 жыл өткенде Азаттық радиосына сұхбат берді....more22minPlay
December 20, 2023Пластик бөтелкені азық-түлікке алмастыратын дүкен және қоқыс бизнесіҚазақстанда пластик бөтелке, әйнек ыдыс, картон сияқты өңделетін қалдық түрлерін азық-түлікке алмастыратын алғашқы дүкен қай жерде орналасқан? Қоқыс бизнесімен айналысу тиімді ме? Эко күнделіктің кезекті эпизодының қонағы әлеуметтік кәсіпкер Владислав Голярко осы сұрақтарға жауап береді....more23minPlay
December 16, 2023Қан төгілген Жаңаөзен. Эфир сыртындағы сөзАтылған оқтың дауысы. Мәйітханадағы шашылған дене. Шетпедегі жоқтау. 2011 жылғы 16-18 желтоқсанда Азаттық негізінен Жаңаөзен оқиғасы туралы айтты. Қантөгіс орнына кешігіп жеткен Азаттық тілшілері талай қиындықты бастан кешті. "Азаттық радиосына 70 жыл" подкасының бүгінгі эпизоды осы туралы....more36minPlay
December 15, 2023"Мағыналы әндер көп болса деймін"ZAZ-дың "Je veux" әні мен Afric Simone-нің "Hafanana"-сын қазақша тыңдап көрдіңіз бе? Алматылық Мөлдір Байбуринова осы және өзге де оншақты әнді қазақ тілінде шырқап жүр. Көптен ойда жүрген бұл ермегін жұрттың назарына ұсынуға досымен арада болған бәс түрткі болыпты. Бұл туралы Мөлдірдің өзі айтып береді....more31minPlay
December 09, 2023"Лениннен жиіркендім". Совет кезінде Махмет Құлмағамбетті қалай қаралады?...more18minPlay
FAQs about Экокүнделік:How many episodes does Экокүнделік have?The podcast currently has 411 episodes available.