
Sign up to save your podcasts
Or


Кәріс халқының ұлттық дәмінің иісі сізде қандай ассоциация тудыратын еді. Дәл Асқардың иістелігіндей емес-ау)
Ақшаның иісі жоқ деп кім айтты? Ақшаның иісі бар. Біреу үшін ол қымбат былғарының иісі, біреу үшін әтір не шылым иісі. Ал эпизод иесі Ұшқынның иістелігі бойынша ол атасының тер сіңген кәжекейінің иісі.
Балалық шақтан бері таныс, сүйкімді иісті жылдар бойы ұмытпайтын, іздейтін, сағынатын адамдар болады. Терлеген аттың иісін білетін бе едіңіздер? Иістелігімен бөліскен Ұшқын.
Қуырылған бидай иісі жылы естеліктерге, қанық дәмге толы. Иістелікпен бөліскен подкаст авторы Бэлла Орынбетова.
Бұл гараждың иісі басқа, естеліктері де ерек. Бекзатбектің есінде қалған гараж иісінде атасының образы да әдемі өрілген.
Иіс сіз ойлағаннан да ұзақ сақталады. Жадыңызда. Балалық шақта иіскеген иістер жадта керемет естеліктер болып сақтала береді. Бұл эпизодта Қаламқас Толымбекқызы атасының иісімен, ол туралы сентиментал естеліктерімен бөліседі.
From the publisher's feed