Міне, осы секілді анық ақиқаттармен дүниенің мәнмағынасын, оның құпия сырларын ашып көрсетеді. Осылайша, соңында сөзсіз болатын қоштасуды жеңілдетіп, тіпті көзі ашық, көкірегі ояу жандарды өлімге құштар етіп қояды. Аллаhтың рахымы барлық жерде, барлық істе бар екенін байқатып, кез келген нәрседен жақсылықтың нышанын сездіреді.
Міне, Қасиетті Құран осы бес бапқа ишара қылып қана қоймай басқа да жеке баптарға ишара қылады. Осы аталғандардан еш сыбағасы жоқ мақұрым жандардың жағдайы аянышты, обал-ақ.