Kazakh Language Learning Podcasts

Kazakh podcast 121605


Listen Later

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ертең еліміздің ең ұлы мерекесі – Тәуелсіздік күні. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің жеке мемлекет болып шаңырақ көтергенін әлемге жария еткен. Содан бері міне 14 жыл өтті. Бүгін Астанада осы мерекеге арналған салтанатты шара өтті. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған еркін ел, тәуелсіз мемлекет болғанымызға 14 жыл болыпты. Тарих таразысына тартқанда қас-қағымдай мезгіл болғанымен, осы мерзімде Қазақстан халқының жүріп өткен жолы, өткен кедергілері, жеңген қиыншылықтары мен жеткен жетістіктері жүз жылға бергісіз. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы жетістіктерді былай деп қорытындылайды: - Біз тәуелсіздік жылдары ең алдымен, ашық жатқан шекарамызды айқындадық. Екіншіден, ұлттар арасындағы келісімді сақтадық. Үшіншіден түбегейлі реформаны жүзеге асырдық. Төртіншіден, елдің саяси әлеуметтік жаңару ісін қолға алдық. 14 жылдың ішінде әлемге әйгілі мемлекет болып, ТМД бойынша ең үздік үлгі деп танылған экономикалық реформаларды жүзеге асырып, көпұлтты елінің тұрақтылығы мен татулығын сақтап, тұрғындарының табысын еселеген Қазақстан осымен тоқтап қалмақ емес. Алдағы басты міндет - әлемнің ең дамыған 50 мемлекетінің қатарына қосылу. Біріншіден, әлемдік нарықта бәсекелесті елге айналу, екіншіден, әлеуметік саланы нарық талаптарын сай жаңарту, үшіншіден, ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру, төртіншіден, мемлекеттік құрылым мен саяси жүйені жаңартуды белсенді түрде одан әрі жалғастыру.Тәуелсіздіктің құны тым қымбат. Өйткені, еркін елдің азаматы болу - бақыттың ең үлкені. Сондықтан, тәуелсіздіктің тұғырын берік, еліміздің еңсесін биік, мемлекетіміздің мерейін үстем ету - әрбір қазақстандықтың парызы.
...more
View all episodesView all episodes
Download on the App Store

Kazakh Language Learning PodcastsBy СeLCAR, Indiana University