
Sign up to save your podcasts
Or


Бүгінгі подкастта жазушылар Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов психолог, психосоматолог, коуч-тренер Төребек Бекбаев мырзамен сұхбаттасады. Сұхбат барысында ашулану, жанның тәнге әсері, жасықтық, кітапты не үшін оқу, психосоматика, адамның буллингке ұшырауының себебі, айналаңның айна болуы, адамның қиналуы, шарт қою, байлықтың кілті, т.б. тақырыптарға әңгіме өрбітеді.Подкастта айтылған және басқа да кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3MJFrfТаймкод00:00 Кіріспе00:43 Кітапты не үшін оқу керек?4:20 Кітапты көп оқысаң да неге сен бай емессің?4:44 Нәтижеге жету үшін оқитын адам қиналады4:55 Кітапты ықыласпен жазу керек5:49 Жазушы жазған кітабы арқылы өзін оқиды6:00 Кітапты кім үшін жазғаның маңызды6:55 Жанның жарақаты денеден көрініс табады9:10 Жасықтық неден туады?9:40 7 жасқа дейін баланың психологиясы қалыптасады12:30 Баланың жарақат алуында ата-ананың әсері қандай?13:30 Ананың құрсағында баланың тәрбиесі басталады13:45 Адамның генінде бүкіл аурулар бар, қайсысына тапсырыс берсе, сол оянады.14:20 Адамның буллингке ұшырауына өзі қаншалықты жауапты?14:45 Адам әлсіздігімен буллингті тартады15:13 Менен басқа ешкім жоқ. Мен қандай болсам, айналамды солай көрем. 16:10 Сыныпта таяқ жейтін бала өзін қалай өзгерте алады?17:05 Кітапты қалай оқу керек?17:25 Кітап қызық болса оқу керек. Қинамау керек17:55 Жылына 170 кітап оқыған адамның оқиғасы18:50 Әлемді оқитын, бірақ кітап оқымайтын жазушылар бар19:05 Кітапты көп оқумен келетін тәкаппарлықтың сыры қандай?19:50 Лайдың арасымен жүріп былғанбаудың құпиясы неде?23:20 Байлыққа жеткен және жетпеген адамның айырмашылы – шүкіршілік25:01 Ылғи шағымданатын адамда қандай аурулар пайда болады?25:43 Адам неге ашуланады?26:10 Қойған шартым орындалмаса, ашуланамын29:00 Біреуге шарт қоятындай мен кіммін сонша???29:50 Ашуландырған ситуация мені тәрбиелеу үшін келген, біреуді түзетуім үшін емес31:20 Егер өте құрметті адам болса, ашуланбас едім32:20 Ашуландырған адамға дұға ету33:45 Біреу сені ұрмақшы болса, қорғана жүріп өзін ұрып тастаса бола ма?35:00 Жақсы қыз жаман жігітке тұрмысқа шығуы мүмкін бе? Әркім өзіне лайық адаммен бас қосады36:20 Біреу маған ренжіп жүрсе, не істеуім керек?40:20 Біреудің сұрауынсыз өміріне араласуға бола ма?41:50 Әйел жұмыс істегісі келсе, күйеуі рұқсат бермейді. Неге?43:09 Әйел жұмысқа шықпай тұрып, күйеуімен қарым-қатынасын түзеп алуы керек44:45 Ажырасуға ең көп себеп қандай? Оның шешімі қандай?46:30 Адамның бәрі психологқа баруға тиіс пе?47:44 Ата-анамызға неге жақсы көрем деп айта алмаймыз?49:35 Балаңа, әйеліңе ұрыспас үшін не істеу керек?51:00 Балаңа ұрыссаң, әйеліңнен кешірім сұра51:30 Әйел баласына ұрысса, күйеуіне ренжіп жүр53:00 Адам бәрін бақылауда ұстағысы келуі – қорқыныштан55:00 Өзін-өзі емдеу – стоматолог өз тісін өзі жұлғанмен бірдей55:10 Таңда ұйықтап қалатындар – өзін кінәлі сезінетіндер57:20 Басқа келген сынақ туралы адамның дұрыс пікірі қандай болуға тиіс?57:55 Адам қиналып жатса, қиналуы – оның тек көзқарасы58:20 Мен қиналғанмен ештеңе өзгермейді59:25 Сынақ емес, сабақ деп қабылда59:40 Біреу өмірге зағип боп келсе, одан қандай сабақ алады?1:00:00 Менікі деу – қиналу1:02:00 Мен жазаға лайықпын дегендер – бәле тартады1:04:37 Адам бойындағы таланттың ақысын беруі керек1:05:40 Өзімнен мықты біреу шықты деп өзін салыстырмауы керек1:06:35 Әр адамда миссия болуы керек пе?1:07:45 Жақсы нәрсе еліктеуден басталады1:08:30 Өз-өзіне қол жұмсау – өзін төмен сезінуден басталады1:14:15 Сұрақ «не үшін?» болса, қиналады; «кім үшін?» болса, қиналмайды1:15:55 Мен қандаймын деп баға берме. Жақсы ісіңді жалғастыра берKitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3MJFrfТөребек Бекбаев: @torebek.bekbayevDaniyar: @dzhigitbekМирас Кесебаев: @miras_kesebaevШразаддин Каниязов: @shrazadddinKitapal instagram: @kitapal.kzTelegram: https://t.me/kitapallTikTok: @kitapalkz #kitapal #kitapalkz #kitap #кітап #кітапоқу
Бүгінгі подкастта кітап авторлары: Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов 40 жаста өкінбеуге жоспар, тарих, даналық, демография мен кедейлік, ұлы тұлға тәрбиелеу, қазақ әлемі, өзі таппаған адамдар, т.б. жайлы сұхбаттасады.Тайм-код:00:00 40 жаста өкінбес үшін не істеу керек?2:00 2 жылда не өзгерді? Не үшін кітап оқу керек?7:35 Адамзат тарихы қайда бара жатыр?11:30 Қазақ әлемі, рухани жаңғыру14:00 Тамыр іздеу17:40 30 бен 40 жас арасы бір-ақ қадам21:30 Даналық жаспен келмейді23:50 Ертең өлетін болсаң, қазір не істейсің?27:00 Таңертең жұмысқа барғысы келмейтін адам не істеуі керек?32:00 Қара нәсілділер неге езгі көріп жатыр?36:30 Неге кедей елде демография жоғары?41:15 Көпбалалы болуға көзқарасың қандай?52:30 Балаңыз ұлы тұлға болатынына сенесіз бе?1:12:45 Мықты жар – эгосын тығып тастаған адамKitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3MCnsBDaniyar: @dzhigitbekМирас Кесебаев: @miras_kesebaevШразаддин Каниязов: @shrazadddinKitapal instagram: @kitapal.kzTelegram: https://t.me/kitapallTikTok: @kitapalkz #kitapal #kitapalkz #kitap #кітап #кітапоқу
Бүгінгі подкастта кітап авторлары: Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов Joo High School мектептерін құрушы Қанат Уксикбаев мырзамен сұхбаттасады. Сұхбат барысында іскерлік әдебиеттің кейстерін компанияға қолдану, жасанды интеллектті мектептің ұстазына көмекші қылу, оқушыға сенімнің әсері, мидағы шектеудің болмауы, оқушы кезінде НАТО-ға хат жазып, КНБ әкесін тергеуі, т.б. тақырыптарға әңгіме өрбітеді.Тайм-код:00:00 Кітаптың айтқанын бизнеске қолданатын Қанат мырза кім?2:45 Қай кітаптан қандай кейсті енгіздіңіз?6:35 Кофе мен капуста бәсекелес болса.9:00 Оқушы курсқа оқу үшін бармайды11:15 Қызметкер компанияны жалдайды13:18 Милкшейкті сату оқиғасы16:18 Адамдар қай проблемасын шешу үшін үйленеді20:30 Илон Масктың қиялын шыңдаған кітап22:20 Лидер мен менеджердің айырмашылығы24:30 Инвесторды қашырып жібермес үшін 26:00 Өз компанияң өзіңді жұмыстан шығарып жіберсе, не істер едіңіз?27:50 Wework компаниясы не үшін банкрот болды?31:30 Мұғалімдер директорға сенбей қалғанда, қандай шешім таптым?34:00 Неге сіздің мектепте қағаз, журнал деген нәрсе жоқ? Мұғалім қалай жұмыс жасайды?37:15 Яндекс компаниясы такси қызметін қалай өзгертті?40:10 Шалғайдағы мектепке мықты маманды қалай тартқан?45:30 Оқушы ашуланып өтірік отзыв жазса, не істейсіз?47:00 Жекеменшік мектеп көбейсе, оқушылар екіге бөлініп кетпей ме бай, кедей боп?49:30 Мұғалімнің суперсиласы – жасанды интеллект55:15 Идеалды мектеп деген қандай?59:00 Шетелдік оқушының сұрақтары өмірмен байланысқан1:03:15 Чемпиондар тұратын көше1:05:40 Оқушының арманын мұғалім жойып тастамас үшін не істеу керек?1:08:00 Оқушыға сенім қалай әсер етеді: зерттеу1:10:00 Жақсы сенім бере алу үшін ұстаздың өзі жақсы болуы керек пе?1:10:35 НАТО-ға хат жазу оқиғасыKitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3MCnsBҚанат Бекнияз: @kanat_bekniyazDaniyar: @dzhigitbekМирас Кесебаев: @miras_kesebaevШразаддин Каниязов: @shrazadddinKitapal instagram: @kitapal.kzTelegram: https://t.me/kitapallTikTok: @kitapalkz #kitapal #kitapalkz #kitap #кітап #кітапоқу
Бүгінгі подкастта кітап авторлары: Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов коуч, полиглот Азамат Скаков мырзамен сұхбаттасады. Сұхбат барысында тұлға боп қалыптасу үшін оқыған кітаптары, бай болу, кітап жазудағы қиындықтар мен қызықтар, әдеби кітаптың әсері, т.б. тақырыптарға әңгіме өрбітеді.Тайм-код:00:00 Қой алу үшін кітап оқу2:40 Бала кезде оқыған кітаптар не берді?4:00 Тау фун5:40 Неге ми кей сәттерді өшіреді?6:36 Лобстердің миын өзгерткен шайқас11:35 Өспей қалған ересек13:28 Селективті ойлау: тойда көрген адам15:00 Кітаптың алғашқы 50 бетін оқып көру керек17:20 640 беттік кітапты 4 күнде оқу21:50 Түсінбейтін адамның бәрі жалқау емес24:38 Бауыржан Момышұлымен өткізген бір апта26:50 Стикер жабыстырып оқудың кемшілігі31:25 Мотивациялық кітаптар ойландырмайды32:32 Нобель сыйлығын алған жаңалық37:00 Габриелдің кітабын түсінбедім39:39 Соңғы жапырақ42:30 Жапонның түсініксіз классикасы45:30 Мартин мен Руфтің оқиғасы50:45 Ақша сұрай беретін еркек55:10 Ең ұсқынсыз бет55:30 Бай болсаң, осындай бол1:01:00 Миллиардер сахабалар1:05:07 Түн ортасындағы кітапхана1:09:45 Азамат кітапты қалай жазады?1:13:10 Жүгірген кезде музыка тыңдамасаң, жақсы ойлар келеді1:20:10 Лайфхактар қалай жазылды?1:24:10 Терең ой қалай жазылған?1:32:05 «Өмірде айдаһар жоқ» синдромы1:34:30 Таңда күнделік жүргізудің ләззаты1:37:40 Азамат, Данияр, Шразаддин, Мирас баласын қалай кітапқа баулиды?Kitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3MCnsBАзамат Скаков: @azamat__skakovDaniyar: @dzhigitbekМирас Кесебаев: @miras_kesebaevШразаддин Каниязов: @shrazadddinKitapal instagram: @kitapal.kzTelegram: https://t.me/kitapallTikTok: @kitapalkz #kitapal #kitapalkz #kitap #кітап #кітапоқу
Бүгінгі подкастта кітап авторлары: Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов видеограф, дронбегі Дастан Мұхамедрахымов aka ByDastan мырзамен сұхбаттасады. Сұхбат барысында жетістік жолында табанды болу, баланың тілін табу, бойдағы талантты ақысын беріп қолдану, дронның кесірінен абақтыға түсу, т.б. тақырыптарға әңгіме өрбітеді.Тайм-код:00:00 Ердоғанның үйін видеоға түсіріп, түрмеге түсу4:50 Kitapal-дың видеосын 30 мыңға түсіру6:42 Танымал болғасын не өзгерді?9:15 Бірден видеограф болған жоқпын14:40 Гиперлапспен Қазақстанда ешкім түсірмеген15:30 3 күнде 20 млн көрілім17:50 Дубайға 5 млн айлыққа жұмысқа шақырды19:15 Бір жұмыста табанды болу22:19 Тимотей Чаламеттен лайк24:20 Дюна киносын Маңғыстауда түсіру27:00 Кез келген мықты адам қой баққан28:40 Карантинда почтальон арқылы сабақ оқу34:00 Не үшін табиғатқа құмармыз?36:00 Қанша дрон құрттың?38:00 Қағбаны қалай түсірдің дронға?41:00 Өмірде қандай тәуекелге бардыңыз?48:30 Кітаппен достық туралы50:45 Кітап оқимын деп көзімді құрттым55:00 Мұғалім алып қойған кітап1:02:35 Түсіретін адам ғана байқайтын әдеміліктер1:08:15 Сапалы видеоның құпиясы қандай?1:14:40 Адам өлтіріп, ақша табу1:18:10 Тегін курс алу үшін шартты орындаңыз.Kitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3MCnsBByDastan: @bydastannDaniyar: @dzhigitbekМирас Кесебаев: @miras_kesebaevШразаддин Каниязов: @shrazadddinKitapal instagram: @kitapal.kzTelegram: https://t.me/kitapallTikTok: @kitapalkz #kitapal #kitapalkz #kitap #кітап #кітапоқу
Бүгінгі подкастта кітап авторлары: Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов полиглот, шығыстанушы Арсен Шади мырзамен сұхбаттасады. Сұхбат барысында студентке керек кеңестер, тіл үйрену, ақша табу, т.б. тақырыптарға әңгіме өрбітеді.Таймкод0:00 Тизер1:41 Қалай полиглот болу керек?4:44 Арабшаға қызықтырған нәрсе – осы8:30 Мадагаскардағы қызық диалог11:25 Әр полиглоттың артында анасы тұр14:45 Жаттау – қарапайым, бірақ өте пайдалы әдіс19:25 Ақсүйектің баласы қай тілді білуге тиіс?22:04 Студентке қандай кеңес бересің?25:56 Арсен өмірін қалай жоспарлады?29:20 Студентті оқығаны үшін неге кінәлі қылады?30:00 Кәсіпсіз қалмайтын мамандық игер32:30 Біз менсінбейтін мамандық34:08 Критикалық ойлау35:25 Тез бейімделу37:15 Көлік жүргізу, кілтсіз оталдыру39:30 Спортпен айналысу40:13 Қаржы сауаттылығы41:30 Оқимын ба, жұмыс істеймін бе?46:15 125 мың теңгеге умраға бардым52:20 Оқуға келдіңдер ме, оқыңдар53:52 Соқыр сенімнен ақша табу55:00 Окоп кезеңі55:39 Soft skills59:00 Толық инсан1:01:56 Тамақтан ақша аямау1:04:45 90 күнде грамматика үйрен1:06:23 Черчильдің оқиғасы1:08:50 Қазіргі студенттерге қызығам және аяймын1:09:50 Отбасылы студент болудың қиындығы мен қызығы1:14:30 Қолыңнан келгеннен артық жасауға тырыс1:17:05 Туалетке көп бармас үшін ауыз бекіт1:18:57 Студент қандай кітап оқуға тиіс?1:26:38 Мартин Иденнен дұрыс отбасы шықпайды1:28:20 Оқырманға кітап сыйлауKitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3MCnsBАрсен Шади: @shadi.arsenDaniyar: @dzhigitbekМирас Кесебаев: @miras_kesebaevШразаддин Каниязов: @shrazadddinKitapal instagram: @kitapal.kzTelegram: https://t.me/kitapallTikTok: @kitapalkz #kitapal #kitapalkz #kitap #кітап #кітапоқу
Бүгінгі подкастта кітап авторлары: Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов “STEPPE&WORLD” баспасының негізін қалаушысы, баспагер Раиса Қадыр ханыммен сұхбаттасады. Сұхбат барысында балаларға арналған бестселлер кітаптарды басу идеясы, еуропадағы кітап көрмелері, рухани жылу сыйлайтын кітаптар, т.б. тақырыптарға әңгіме өрбітеді.Таймкод:00:00 Кіріспе1:35 Не үшін балаларға шетелдік кітаптарды аударып жүрсіз?7:50 Балалар кітап оқымайды дейтін ата-ананың өзі оқымайды10:00 Қай кітапты шығаруды қалай шешесіздер?15:40 Орындықтан құлата жаздаған кітап16:45 Балалар комикс кітап оқыса, өздері комикс сала бастайды17:20 Қыста Итбастың фильмі шығады20:50 Илон Масктың мамасы туралы кітап ұнамады21:10 Депрессивті уақытта жылу сыйлайтын кітап шығардық23:40 Кітапты медитация ретінде көремін24:50 Қай құнды кітап бағаланбай жатыр?28:15 Төл әдебиет керек пе әлде аудара берген дұрыс па?31:10 Жоан Роулиң қазақ ертегілерін де оқыған ба?33:30 Хәрри Поттерге көп қарсылық, хейт келді40:30 Кітап көрмелерінен не үйренуге болады?42:05 Кітап оқитын елдер қандай?48:00 Кітап сатып алуға ваучер52:00 Элиф Шафакпен кездесу54:50 Кітапты өмірлік сала ретінде таңдаған жастар нені істемеу керек?1:02:00 Жігіттерге рух беретін кітап1:06:00 Түн ортасындағы кітапхана1:10:40 Жасанды интеллект кітап жаза ма?01:14:15 Түпнұсқа мен аударманың беретін ләззаты бірдей ме?1:16:45 Сүйіп оқитын кітабыңыз1:23:00 Жәбірленушіден жәбір көрсетуші болған дұрыс па?1:26:00 Өзімнен бір жас үлкенге орын беремінKitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3MCnsBРаиса Қадыр: @raisa_kaderDaniyar: @dzhigitbekМирас Кесебаев: @miras_kesebaevШразаддин Каниязов: @shrazadddinKitapal instagram: @kitapal.kzTelegram: https://t.me/kitapallTikTok: @kitapalkz #kitapal #kitapalkz #kitap #кітап #кітапоқу
Бүгінгі подкастта кітап авторлары: Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов профориентолог, кәсіпкер Бабур Әділханмен сұхбаттасады. Сұхбат барысында мамандықтың аты мен заты, ең қымбат қызметкер, өзіңді танудың жолдары, мамандық пен ажырасудың байланысы деген тақырыпқа әңгіме өрбітеді.Таймкод:00:00 Кіріспе1:44 Қазіргі жастар бір мамандықпен жүруге тиіс пе әлде көп мамандықпен бе?5:56 Оқымасаң, арба сүйрейсің6:54 Жаман мамандықтар11:00 Адам өзін қалай тануы керек?14:00 10-сынып оқушысы қандай мамандық таңдаймын десе, қандай бағыт көрсетесіз?21:30 Бабур Әділхан деген кім?24:50 Мамандықты қате таңдау ажырасуға әкеле ме?31:50 Бес нәрсеге асық бол35:50 Талантыңа сай жұмыс істесең, бақытты боласың39:00 Жоғары мансап керек пе өзі?43:00 Қазіргі деңгейіңізге жету үшін қандай кітаптар әсер етті?49:40 Өзіңізге пір тұтатын сахаба кім?1:03:00 Жұмыстан шығаруға болмайтын қызметкер
From the publisher's feed