Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Қазақстанда қылмыстық жауапқа тартылғандарға рақымшылық жасалатынын айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен ІІМ-нің кеңейтілген алқа отырысында белгілі болды. Жиында ішкі істер органдарының биылғы тоғыз айда атқарған қызметінің қорытындылары мен Президент тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Сондай-ақ басқосуда Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер саласы қызметкерлерінің еңбекақысы төмен екенін айтты. Осыған орай ПРезидент Үкіметке 3 жылдың ішінде тәртіп сақшыларының еңбекақысын 30 пайызға көтеру туралы тапсырма берді.
***
Балалар әдебиетінің 20 әлемдік бестселлері қазақшаға аударылады. Бұл туралы Ақордада өткен Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты. «Күні кеше Ұлттық сенім кеңесінің кезекті отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «...мектеп жасындағы балаларды кітап оқу әдетіне үйрету» қажеттігін баса айтты. Сондықтан, біздің министрліктің бастамасымен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қатысуымен балалар әдебиетінің 20 әлемдік бестселлерлерінің тізімі жасалып, ішкі қаржылық мүмкіндіктерді қарастыра отырып, аударманың аудио электрондық нұсқасын жасау туралы шешім қабылданды. Алдағы уақытта оларды басып шығару мәселесі бойынша Білім және ғылым министрлігі өз үлесін қосады деген сенімдеміз», - деді министр. Оның атап өтуінше, бұл жұмыстардың барлығы – ел ішінде, әсіресе, балалар мен жастардың арасында рухани-адамгершілік тәрбие жүйесін жүзеге асырудың біртұтас жол картасын қалыптастырып, бірнеше мүдделі мемлекеттік органдардың атсалысуымен іске асыруды көздейді.
***
Еске сала кетейік, Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын одан әрі тереңдетіп Ұлттық жаңғыру кезеңіне өткізудің арнайы Жол картасын жасау қажет деген шешім қабылданды. Бұл құжат аса маңызды ұлттық жоба ретінде жүргізіледі. Ұлттық жаңғыру жобасының ең басты мәні – Ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Бұл – ұлттық жаңғырудың стратегиялық мақсаты болып қалады. Жол картасында Мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру, Білім және ғылымды дамыту, Жоғары ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру, Еңбек адамын қалыптастыру, Ауылды түлету сияқты т.б кешенді іс-шаралар қамтылады. Мемлекеттік хатшы отырысты қорытындылай келе, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басым бағыттары бойынша жұмысты одан әрі жандандыру бойынша нақты тапсырмалар берді.
***
Елімізде шеттен келетін жолаушыларға талап күшейтілді. Енді халықаралық рейспен келген азаматтар карантиндік стационарға 7 күнге жатқызылады. Бұған дейін ол екі тәулік еді. Шара мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес қабылданды. Шетелге барған 25 қазақстандық елге қайтарда ПТР-тест тапсырмағаны белгілі болды. Оның 14-і Алматы, 8-і елорда, тағы үшеуі Шымкент әуежайында анықталды. Бұл жолаушылардың барлығы карантинге алынды.
***
«Үркер» сыйлығына өтінімдер қабылдау 2 қарашада аяқталады. «Медиа дамыту қорының» мәліметінше, осы күнге дейін арнайы құрылған комиссия 200-ден астам өтінімді қабылдаған. Биылғы статистика көрсетіп отырғандай, ең көп өтінім «Жыл танымдық материалы», «Жыл сұхбаты», «Жыл репортажы», «Жыл аналитикалық материалы» номинациялары бойынша келіп түскен. Конкурстық жұмыстарды саралап, әділ бағасын беретін тәуелсіз қазылар алқасының құрамына еліміздің беделді журналистері, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері және биыл алғаш рет халықаралық медиа-сарапшылар енген. Қазылар алқасы баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы ең мықты мамандарды анықтап, 13 қарашада марапаттау рәсімінде жеңімпаздардың есімін жариялайды.
***
Францияның Ницца қаласында пышақпен қаруланған ер адам көшеде жүрген азаматтарға шабуыл жасады. Салдарынан 3 кісі көз жұмып,