Айқап

Әлішер Елікбаев: Бір сторисім 1 200 000 теңге


Listen Later

Айқап подкастының 16-бөлімінің қонағы – коммуникация саласының маманы, саяхатшы Әлішер Елікбаев.


Бұл эпизодта біз Әлішермен бірге оның кәсіби жолы, қоғаммен байланыс саласындағы тәжірибесі, жарнама және әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану жолдары туралы кеңінен әңгімелестік. Әлішер коммуникацияның заманауи әдістерін қалай қолдануға болатыны туралы пайдалы кеңестер беріп, әлеуметтік желілердің бизнес пен жеке брендті дамытудағы рөліне ерекше тоқталды. Әсіресе, блогерлермен жұмыс жасаудың тиімді тәсілдері туралы өз ойымен бөлісті. Оның айтуынша, блогерлермен серіктестік құруда сенімді қарым-қатынас орнатып, олардың аудиториясына дұрыс көзқараспен қарау аса маңызды. Бұл бағытта Әлішер көптеген нақты мысалдар келтірді және өз тәжірибесімен бөлісті.


Сонымен қатар, Әлішер Елікбаев қазіргі уақытта тергеу изоляторында отырған Қайрат Құдайберген туралы пікір білдіріп, оның ісіне байланысты кейбір жағдайларды айтты. Әлішердің айтуынша, ол да қаңтар оқиғалары бойынша бір рет прокуратураға шақырылған.

...more
View all episodesView all episodes
Download on the App Store

АйқапBy Almas