Айқап

Айқап

By AlmasNewsPolitics
Download on the App Store

Айқап episodes

  • Баспасөз хатшы не үшін керек? PR-шының жалақысы қанша? Әкімдіктердің контенттері неге бірдей?

    Подкасттың кезекті қонағы - PR және медиа мамандары қауымдастығының төрағасы, PR-стратег Ақерке Берлібай. Ақерке Берлібай -   / akerke_berlibay  Подкаст авторы, медиаменеджер, Kaztourism.media бас редакторы - Алмас Маратұлы -   / almas.maratu1y   Бұл шығарылымда біз Қазақстандағы PR саласының шынайы жағдайын, мемлекеттік коммуникацияның проблемаларын және кризистік PR кейстерді талқыладық.

    1 hr 1 min
  • Қазақстандағы саяси партиялардың идеологиясы қандай? Құрылтайдан қай партия көп мандат алады?

    Айқап подкастының кезекті қонағы — саясаттанушы Ернұр Молдашев.Біз бұл эпизодта Қазақстандағы сайлау жүйесін, пропорционалды және мажоритарлы модельдердің айырмашылығын талқыладық.Сарапшы қазіргі саяси процестерге өз бағасын беріп, маңызды өзгерістерге тоқталады.Сондай-ақ қоғамдағы саяси мәдениет пен азаматтардың рөлі туралы ой бөлісті.Эпизодты соңына дейін көріп, пікіріңізді комментарийде қалдырып, саясатқа қызығатын досыңызға сілтемесін жіберіп қойыңыз.

    55 min
  • Салық кодексі өзгерді: бизнес не істеуі керек? | Айтуар Қошмамбетов

    Айқап подкастының бұл шығарылымы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіне арналды. Қонақтарым — ШОБтің лоббисі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айтуар Қошмамбетов және жеке кәсіпкер Фариза Байшина.Осы подкаста біз бизнесті алаңдатып отырған негізгі өзгерістерді талқыладық. Олар:— ҚҚС мөлшерлемесінің 16% болуы— запрет на вычеты— арнайы салық режимдері (СНР)— жалпыға бірдей белгіленген режим (ОУР)— Ұлттық тауар каталогы — Атамекен кәсіпкерлер палатасының жұмысы

    Депутаттың айтуынша, 2026 жыл шағын және орта бизнес үшін ауыр болады. Көптеген кәсіптер жабылуы мүмкін.

    46 min
  • IL’HAN | Телеграм - музыканттардың басты жауы

    Танымал музыкант Ильхан Ихсан Aiqap подкастының қонағы болды. Подкаст барысында Ильханмен оның шығармашылық жолы, отбасы тарихы мен музыкалық мұрасы жайлы жан-жақты әңгімелестік.⠀Ильхан тегіндегі «-ов» жалғауынан арылу себептерін түсіндіріп, қазақ тіліндегі әншілердің сахнадағы орнын талқылады. Ол Ninety One тобына алғысын білдіріп, олардың арқасында қазақ музыкасының дамығанын атап өтті.⠀Сондай-ақ, Қайрат Нұртаспен жұмыс істеу процесі, авторлық құқық, плагиат мәселелері және хит әндердің қалай пайда болатыны туралы ойларымен бөлісті.⠀Подкасттың ең әсерлі сәттері – Ильханның ата-бабалары жайлы айтқан естеліктері: күйші, жыршы, термеші болған бабасы Жетпіс Исатайұлы мен күйші, актер атасы Мұханов Ихсан жайлы деректер өте әсерлі болды.

    1 hr 46 min
  • Alem & ZAQ | Партнерские роды | Балаға вакцина салу | Әкелер декретке шығуы қажет

    ALEM мен ZAQ былтыр алғаш рет әке атанды. Жақында жігіттермен осы үлкен өзгеріс туралы ашық сөйлестік. Әке болу - тек эмоция ғана емес, жауапкершілік, өмір салтын түбегейлі өзгерту. Партнёрлік босану тәжірибесі, баламен алғашқы түндер, ұйқысыз түндер мен толғанысты сәттер - бәрі әңгімеміздің өзегіне айналды.


    Сондай-ақ жігіттер пәтер алу, табыс табу, отбасылық бюджет пен приоритеттердің ауысуы туралы да шынайы пікірлерімен бөлісті. Әңгіме барысында еркектердің тұрмыстық өмірге, отбасындағы рөліне және қазіргі заманғы әкелік моделіне деген көзқарасын тыңдап, біраз ой түйдік.

    2 hr 13 min
  • Назарбаевтың қателігі | Имамның аяғын уқалау | Діни радикализм | ӨРКЕН КЕНЖЕБЕК

    Айқап» подкастының 18-бөлімінің қонағы – саяхатшы, блогер Өркен Кенжебек. Бұл эпизодта Өркен мырзамен саясат, дін және қоғам туралы ашық әңгіме өрбіді. Сондай-ақ, ол блогерліктен тапқан алғашқы табысы, Жаңаөзен оқиғасына қатысты көзқарасы және Назарбаев дәуірі туралы ойларымен бөлісті.

    1 hr 23 min
  • Қабыл болатын Ораза қандай? | Рамазан айына нұсқаулық

    «Айқап» подкастының кезекті қонағы – ҚМДБ «Уағыз-насихат» бөлімінің меңгерушісі, ҚМДБ Баспа үйінің директоры Батыржан Берденұлы. Рамазан айына қатысты өзекті тақырыптарды талқылап, оразаның мәні мен маңызы, ауыз бекітудің шарттары, оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар, пітір садақаның рөлі мен осы айда жиі қойылатын сұрақтарға нақты жауап алдық.

    1 hr 5 min
  • Әлішер Елікбаев: Бір сторисім 1 200 000 теңге

    Айқап подкастының 16-бөлімінің қонағы – коммуникация саласының маманы, саяхатшы Әлішер Елікбаев.


    Бұл эпизодта біз Әлішермен бірге оның кәсіби жолы, қоғаммен байланыс саласындағы тәжірибесі, жарнама және әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану жолдары туралы кеңінен әңгімелестік. Әлішер коммуникацияның заманауи әдістерін қалай қолдануға болатыны туралы пайдалы кеңестер беріп, әлеуметтік желілердің бизнес пен жеке брендті дамытудағы рөліне ерекше тоқталды. Әсіресе, блогерлермен жұмыс жасаудың тиімді тәсілдері туралы өз ойымен бөлісті. Оның айтуынша, блогерлермен серіктестік құруда сенімді қарым-қатынас орнатып, олардың аудиториясына дұрыс көзқараспен қарау аса маңызды. Бұл бағытта Әлішер көптеген нақты мысалдар келтірді және өз тәжірибесімен бөлісті.


    Сонымен қатар, Әлішер Елікбаев қазіргі уақытта тергеу изоляторында отырған Қайрат Құдайберген туралы пікір білдіріп, оның ісіне байланысты кейбір жағдайларды айтты. Әлішердің айтуынша, ол да қаңтар оқиғалары бойынша бір рет прокуратураға шақырылған.

    56 min
  • Ердоғанның үйін дронға түсірдім

    «Айқап» подкастының 15-ші бөлімінің қонағы – видеограф, дроншы, блогер by Dastann, Дастан Мұхамедкәрім. Дастан видео саласына қалай келгені, қандай қызықты әрі табысты ұсыныстар түскені жайлы оқиғаларымен бөлісті. Дронның көмегінмен 700 мыңға жуық оқырман жинағаны туралы да айтты.


    1 hr 10 min
  • Көкпар дауы: Қазақ пен қырғыз бір туған ба? Көшпенділер ойыны қалай өтті? |

    «Айқап» подкастының кезекті бөлімі Астанада өткен V-ші Көшпенділер ойынына арналды. Қонаққа тележурналист Азамат Әбілқайыр, қырғыз спорт комментаторы Бексултан Усеналиев және Jaratman media-ның продюсері Изат Мухаметқалиев қатысты.

    Изат:   / izat_mukhametaliev  
    Бека:   / usenaliev88  
    Азамат:   / azamatabilqaiyr  
    Жанасыл:   / zhanasil  
    Алмас:   / almas.maratu1y  
    Jaratman Podcast: ‪@jaratman_podcast‬

    1 hr 26 min

About Айқап

From the publisher's feed

Түсініксіз дүниелерді оп-оңай жеткізуге тырысамыз