
Sign up to save your podcasts
Or


Айқаптың кезекті қонағы - PR-шы, TANBA коммуникация агенттігінің басшысы, PR саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар, Қазақстандық PRshy клубының вице-президенті - Ақсұлу Санғали.
Айқап подкастының 12-ші бөлімінің қонағы жайдарманшы, сценарист - Рамазан Файлов. Рамазанмен бірге жайдарманның қоғамдағы рөлі, діннің адамға әсері, ағымдардың зияны, сценаристердің еңбегінің құны туралы әңгіме еттік. Бұл подкаст ауыл баласының қалаға ұмтылғаны, ондағы кездесетін қиындықтары туралы болды.
Айқап подкастының 11-ші бөлімінің қонақтары - журналистер Ерболат Мұхамеджан, Жолдас Өрісбай және медиа маман Жанасыл Болатбек болды.
Әріптестерімізбен бірге БАҚ саласындағы өзекті мәселелерді асықпай отырып талқыладық. Шетелдік және қазақстандық журналистиканы салтыстырдық, тәуелсіз журналистің кім екенін білуге тырыстық. Бұл подкаст журналистерге, медиа саласындағы азаматтарға қызықты болуы тиіс. Көрсеңіз міндетті түрде, лайк басып, пікір қалдыруыңызды сұраймын. Құрметпен, Алмас.
Айқап подкастының 10-шы бөлімінің қонағы - MIND ғылыми-аналитикалық орталығының координаторы Альтаир Ахметов. Альтаир Амангелдіұлы - 2019 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ректоры, 2019-2023 жылдар аралығында Президент әкімшілігі мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі болған.
Альтаир Амангелдіұлымен мемлекеттің аналитикалық мәліметтерге деген сұранысы, MNU университетінің жанынан құрынған MIND ғылыми-орталығы, Ақордада қабылданатын шешімдер және мемлекеттік қызметтегі негізгі проблемалар туралы көлемді подкасты жаздық. Аналитик мемлекеттік қызмет саласындағы біраз тың ақпараттармен бөлісті.
Айқап подкастының тоғызыншы бөлімінің қонағы, туризм маманы, Қазақ туризм Ұлттық компаниясының басқарушы директоры - Даниель Сержанұлы. Біз Даниель мырзамен Қазақстан туризмінің потенциалы туралы әңгіме қозғадық. Біздің ішкі туризмді БАӘ мен Египет елдерімен неге салыстыруға болмайтынын түсінуге тырыстық. Подкастты соңына дейін көріп, өз ойыңызды қалдырып кетуіңізді сұраймын, Рахмет!
Айқап подкастының сегізінші бөлімінің қонағы, тележурналист, Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті - Нұрсұлтан Құрман. Нұрсұлтан мырзамен подкаст барысында Қазақстан футбол құрамасының Еуропа чемпионатына бару мүмкіндігі, Дуглас пен Игитасыз Қазақстан футзалының болашағы, жалпы футболдың бірігейлікті қалыптастырудағы рөлі туралы әңгімелестік. Подкастты соңына дейін көріп, өз ойыңызды қалдырып кетуіңізді сұраймын, Рахмет!
«Айқап» подкастының жетінші бөлімінің қонағы, 91 тобының мүшесі, артист - Данияр Құлымша. Даниярмен подкаст барысында оның өмірлік принциптері, шығармашылығындағы жаңалықтары, отбасымен қарым-қатынасы туралы әңгімелестік. Жаңа Қазақстан туралы ойын білдік. Қазіргі уақыттағы жастардың басты проблемасы не және оны қалай шешуге болатыны туралы пікірлестік. Подкаст сәтті шыққан сияқты. Алайда, бағасын беретін сіздер. Ендеше бірге көрейік!
Айқап подкастының алтыншы бөлімінің қонағы, кино, театр және дубляж актеры - Абай Асылхан. Абай өзінен 8 жас үлкен аруға ғашық болып, отбасын құруды жоспарлағанда оның туыстары қарсы болады. Сөйтіп екі жас бірнеше уақыт бойы күйзелісте жүреді. Түрлі өмірлік сынақтарға тап болады. Абай осы подкастта намазға қалай келгені туралы, Қажылыққа барғанда не үшін жылағаны туралы әңгімелейтін болады.
Айқап подкастының бесінші бөлімінің қонағы, қоғам белсендісі - Тоғжан Қожалы. Біз Тоғжан ханыммен алдағы Парламент сайлауы, қазақ әйелі, кедейшілікке тап болған қазақ халқы туралы әңгімелестік. Экс-президент Назарбаев және президент Тоқаев жайлы да сөз болды. Тоғжан ханымнан біздің биліктің неге Ресейге тәуелді екенін білдік.
Айқап подкастының төртінші бөлімінің қонағы, PR маман - Айман Сахова. Біз Айманнан екі баланың анасы бола тұра Huawei сияқты халықаралық алпауыт компанияда жұмыс істеуге уақыт табудың жолдарын сұрадық. Айманмен қазіргі қазақ әйелі қандай болуы керектігі туралы сөйлестік. Бұл шығарылым жаңадан босанған аналарға , жас келіндерге, болашақ келіндерге кеңес беретін өте пайдалы бөлім болған сияқты.
From the publisher's feed