Айқап

Айқап

By AlmasNewsPolitics
Download on the App Store

Айқап episodes

  • Оралманның ішкі күйі, қазақ тілі, Украинадағы соғыс

    Айқап подкастының үшінші бөлімінің қонағы, продюсер - Ерболат Беделхан. Біз Ерболат мырзамен оның Моңғолиядан оралған кездегі ішкі күйі туралы, Қазақстанға келген кезде кімдердің қолдау көрсеткені туралы әңгіме айттық. Қазақ тілінің қазіргі жағдайы, тілдің бизнес тіліне айналғаны туралы да біраз сөйлестік. Ерболат Беделхан Украина мен Ресей арасындағы соғыс туралы өз ойымен бөлісті, алдағы уақытта түркі мемлекеттерімен бір үлкен одақ құрылуын қалайтынын айтты.

    1 hr 16 min
  • Міржақып. Оян, қазақ!

    Айқап» подкастының екінші бөлімінің қонағы - режиссёр, сценарист, San Francisco Art University түлегі Мұрат Есжан. Біз Мұрат мырзамен 2022 жылы жұртшылыққа ұсынылған «Міржақып. Оян,қазақ!» сериалы туралы әңгімелестік.

    Әңгіме барысында қазіргі қазақ киносы мен сериалдары, актерлердің шеберлігі туралы сөз болды. ХХ ғасырдың басында қазақ ұлтының болашағы үшін жанын қиған Алаш арыстарының ұлы істерін еске алдық.


    Подкастты көріп, сіз де өз ойыңызбен бөлісіңіз. Бұл біз үшін аса маңызды.

    1 hr 13 min
  • Қаңтар. Сайлау. ЛГБТ.

    Айқап подкастының алғашқы бөлімінде қонақта, біздің досымыз, саясаттанушы Ернұр Молдашев. Біз Ернұрмен қанды Қаңтар, батыстың неліктен ЛГБТ-ны қолдайтынын және қайырымдылық жасаудың жолдары туралы әңгімелестік. Онымен қоса 2022 жылы орын алған саяси процесстер жайлы да сөйлескен едік. Подкастты көріп, сіз де өз ойыңызбен бөлісіңіз.

    1 hr 8 min

About Айқап

From the publisher's feed

Түсініксіз дүниелерді оп-оңай жеткізуге тырысамыз