
Sign up to save your podcasts
Or


Қазақстанда мал шаруашылығын дамыту үшін не қажет, кәсіпкерлерге қолдау көрсетпей жатқан мемлекет кінәлі ме, "алақан жайып жүрген" кәсіпкерлер кінәлі ме, қой өсіріп, баю үшін қандай қаражат керек? Stan.kz Назар аудар подкасты үшін "Шопан ата" қой өсірушілер ұлттық қауымдастығының төрағасы, мал шаруашылығының жанашыры, кәсіпкер Алмасбек Садырбаевпен сұхбаттасып, еліміздегі қой шаруашылығы қалай дамып жатқанын білді.
Мәди Алдабергенов - Қазақстандағы бірен-саран тектанушылардың бірі, дәрігер-невропотолог. Осы бағытта Польшада “Recall Healing” институтында білім алып, Мәскеуде семинарлардан өткен. Айтуынша, қазір өзіне келген пациенттер бір-екі сеанстан соң дерттерінен арылып, ұзақ уақыт бас ауру болған проблемаларының шешімін табады. Stan.kz тілшісі тектанушымен ата-баба синдромы, тектанудың адам өміріндегі маңызы жайлы сөйлесті.
Көп адам күйбең тіршіліктің күйіне салынып, өлім жайлы ойлана бермейді. Қайтыс болған соң ағзаларыңыздың тәніңізден ажырап, өзгенің денесіне алмастырылатыны жайлы ойланып па едіңіз? Егер адам тірі кезінде ағзаcын трансплантациялаудан бас тартпаса, онда қайтыс болғаннан кейін медициналық мекеме қызметкерлері оның ағзаларын алуға құқылы. Мұны "келісім презумциясы" деп атайды және қазақстандықтардың көбі одан бейхабар. Денсаулық сақтау Кодексінің соңғы өзгерістеріне сәйкес, жеке тұлға өз атынан трансплантация жасаудан бас тартатынын айтып, өтініш жазуы керек. Бұл өтінішті қайда барып, қалай жазады? Оны қайда тіркейді? Stan.kz тілшісі емханаға барып, өтінішін тіркеп көрді, мәселенің егжей-тегжейімен бөліседі.
6 жасында көршісі зорлаған белгілі заңгер Ләззат Рақышева саналы өмірін зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсетуге арнаған. Оған бұл туралы айту әлі күнге дейін қиын. Соңғы уақыттарда еліміздегі педофилдердің көбеюі оны алаңдадаты. Ол балғын балалықтың тұнығын лайлайтын арамзаларға өлім жазасына кесуді сұрайды. Stan.kz тілшісі Ләззатпен тілдесіп, оқиғасын тыңдады.
From the publisher's feed