яғни, мадақтау мен дәріптеу, марапаттау мен шүкiр тек оған лайық. демек, нығметтер оның қазынасынан келіп жатыр. Қазынасы сарқылмас.Міне, бұл кәлима былайша сүйінішті хабар береді: Ей, адам! ырысым таусылды, нығмет бiттi деп уайымдама! өйткені, мейірімділік қазынасы сарқылмайды. ләззат аяқталды деп қайғырма. Себебі, олар соңсыз мейірімділік қазынасынан келіп жатыр. Ағашы аман болса жемісі таусылса да оқасы жоқ, қайтадан жеміс береді емес пе? Берілген нығметтердің ләззатынан мың есе тәтті Иләһи мейірімнің ілтипатын, оның арнайы сыйы екенін шүкір ете ойлап бiр ләззатты жүз есе арттыруға болады. Мәселен, аты әлемге әйгілі патша ағзам саған алма сыйласа, ол алманың ләззаты басқа алмалардан жүз, бәлкім мың есе тәтті болады. Өйткені, ол алма саған деген патшаның сый-ілтипатының белгісі. Сол сияқты لَهُ الْحَمْدُ кәлимасы арқылы, яғни, мадақтау мен шүкір ету арқылы яғни, нығметке қарап оның берілгенін, жарылқау екенін сезiну арқылы яғни, Мүним Аллаһты яғни, нығмет берушiні ойлау арқылы, яғни, оның рақымын, ілтипатын, әрi жарылқауы тағы да жалғасатынын ойлау арқылы берілген нығметті мың есе тәттi рухани ләззатқа айналдыруға болады.