1930-40 жылдар. Қазақ тарихындағы орны толмас қасіретті кезең. Біз бұл жылдары қаншама отандасымыздан айырылдық?! Қаншама ғалым қуғын-сүргіннің кесірінен ғылыммен айналыса алмады, қаншама жазушының шығармашылық жолы байланды?! Олар қозғаған тақырып әлі күнге өзектілігін жойған жоқ. Латын графикасы ол кезде де талқыға көп түскен еді. Олар көтерген тақырыптарды оқып отырсаңыз, бүгін жазылған мақаладай әсер етеді. Филология ғылымдарының докторы, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты Грамматика бөлімінің меңгерушісі Орынай Жұбай арнайы “Open mind” жобасы үшін осы тақырыпты жіліктеп тұрып түсіндіреді.