Бала тәрбиесі дегенді біз көп жағдайда тек оның әдепті болуы, сабақ оқуы, т.б. деп түсінеміз. Бірақ оның рухани тәрбиесіне аз көңіл бөлеміз. Мен бұл эпизодта балаға діни тәрбие бергеннің артықшылықтарымен бөлісіп көрдім.
Жаңа жыл жаңа мақсаттардан басталады. Алайда сіз қойған мақсаттар шынымен сіздікі ме? Сіз шынымен сол нәрсені қалайсыз ба? Өз мақсаттарыңызды өзге адамдардың мақсатынан қалай ажырата аласыз? Подкасттың осы шығарылымы сізге бұл сұрақтардың жауабын табуға көмектеседі.
Біз “әйел бақыты” деген ұғыммен таныспыз. Оның неден құралатынын жақсы білеміз? Ал ер адам үшін бақыт деген не? Ер адамдарды қандай нәрселер бақытты қылатын білеміз бе? Дәл осы эпизодта мен бұл сұрақтың жауабын ер адамдардың өзінен іздедім.
Подкасттың бұл эпизодында біз Гэри Чэпменнің “5 языков любви” атты кітабынын алынған махаббатың 5 тілін үйреніп, “сен мені жақсы көрмейсің” деген шағымға көзқарасымызды өзгертіп көреміз.
Бұл эпизодта біздің қоғамымыздың басты сұрағын талқылаймыз :) бұл қандай сұрақ? Әрине “жұрт не дейді?” деген сұрақ. Жұрт деген кім? Олар не дейді? Олар неге “дей береді”? Және жұртың сөзінен қалай қорықпауға болады?
Өміріңізде өзіңізге қанша рет “шыда” деп айттыңыз? Ал басқалар сізге қаншама рет “шыда” деп кеңес берген еді, есіңізде ме? Бірақ сіз дұрыс шыдап жүрсіз бе? Осы эпизодты тыңдап, бұл сұраққа жауап беріп көріңіз.
“Өзгеру керек” - бұл #ажыраспа жобасынан туған подкаст. Подкастта қарапайым, әр адамның өмірінде күнделікті кездесетін, бірақ біздің әрекет етуімізге тікелей әсер ететін тақырыптар қозғалады.
Сәлем, құрметті тыңдарман! Бұл менің подкастымның алғашқы эпизоды. Бұл эпизодта мен неге подкасттың атын “Өзгеру керек” деп қойғанымды, ол қайдан және неліктен туғаны туралы айтып беремін.
3 min
About OZGERU KEREK
From the publisher's feed
"Өзгеру керек" - бұл күрделі философиялық немесе арнайы мамандандырылған тақырыптарға арналған подкаст емес. Бұл жерде әрқайсысымыздың өмірімізде кездесетін, күнделікті тұрмысымызға әсер ететін…
қарапайым тақырыптар талқыланады: қарым-қатынас, қаржылық сауаттылық, тұлғалық даму, бала тәрбиесі және т.б.