Жаңалықтар

ПТР-тесттілеудің бағасы 22% арзандайды


Listen Later

 

ПТР-тесттілеудің бағасы 22% арзандайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі
Алексей Цой айтты. «Нарықта шығыс материалдарының бағасы арзандағандықтан ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ПТР-зерттеу тарифін 22% төмендетуді ұсынды. Жеке қорғаныс құралдары мен тест бағасы арзандайды. Тариф осы айдың соңына дейін бекітіледі», - деді ведомства басшысы. Сондай-ақ, ол қазір зертханалар тәулігіне 48 мыңға жуық тест жасай алатынын жеткізді.

***

Елде Карантиндік бақылау күшейтілді. Елге келген адамдар термометриядан өтіп,
оларда ПТР тест анықтамасы болуы шарт. Болмаса- олар зертханалық текстеру жүргізу үшін екі тәулікке дейін карантиндік стационарда оқшауланады. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов айтты.

***

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес 6 қазаннан бастап ҚР
Мемлекеттік шекарасын автомобильдік өткізу пункттері арқылы 33 600 ел азаматы мен шетелдік, оның ішінде 10 051 жолаушы өтті, 3 322адам карантиндік стационарларға орналастырылды, оның 60-тан астамында індет анықталды. Халықаралық авиарейстермен 14 832 жолаушы келді, оның 3 051-і тестілеуден өтті. Нәтижесінде 9-ның қауіпті індет жұқтырғаны белгілі болды.

***

Нұр-Сұлтанға бүгін түнде халықаралық рейстер бойынша тағы 4 ұшақ ұшып келді.
Air Astana, Turkish Airlines пен Flydubai әуе компаниялары орындаған рейстермен 569 жолаушы ұшып келіп, оның 118-де ПТР анықтама болмаған. Олардың бәрі осы себепті карантин стационарына жатқызылды. ПТР-тестілеуден өткеннен кейін олар үйлеріне қайтарылады. Ал тест қорытындысы коронавирус жұқтырғанын көрсетсе, ондай жолаушылар инфекциялық стационарға барады.

***

Өткен тәулікте елімізде коронавирус белгілері бар пневмониямен 321 адам
ауырып қалды. 3 адам көз жұмды. Тағы 269 адам ем-дом қабылдап жазылып шықты. 1 тамыздан бергі статистикаға сәкес бұл ауруға  35 234 адам шалдыққан, 373 адам қайтыс болды. 27 978  ел азаматы жазылып шықты.
...more
View all episodesView all episodes
Download on the App Store

ЖаңалықтарBy Qazaq Radiolary