Sign up to save your podcastsEmail addressPasswordRegisterOrContinue with GoogleAlready have an account? Log in here.
✅Бұл арнада Қисса-сүл әнбия, Сияр шәріп, Мың сұрақ, Яссауи Феномені, Салт-дәстүр жайлы қазақ даласының мыңдаған жылдық Ислам өркениетінің құндылықтары, қиссалар мен аңыздар, ғибратты оқиғалар жинағын ... more
FAQs about РУХАНИ ПОРТАЛ:How many episodes does РУХАНИ ПОРТАЛ have?The podcast currently has 276 episodes available.
March 04, 202466. Ескендірдің дүниеден өтуі | Қисса сүл-әнбияЕскендірдің дүниеден өтуіҚайтыс боларында Ескендір уәзірлерін жиып: – Мен бүкіл дүниені биледім. Зұлымды тыйып, ізгінің жолын ашпақ болдым. Алайда арманыма жете алмадым. Ертең мен өлгенде, бір қолым жоғары созылып, қарысып қалады. Біреу келіп, бұл жұмбақты шешкенше, түспейді. Қолымның қарысқаны жазылып, түспейінше, жерлемеңдер, – деп өсиет айтыпты.Telegram: Қисса сүл-әнбия YouTube бейне: 66. Ескендірдің дүниеден өтуі | Қисса сүл-әнбияЖалғасын аудиодан тыңдай аласыз.👇...more2minPlay
March 04, 202465. Зұлқарнайын қиссасы | Қисса сүл-әнбияЗұлқарнайын қиссасы Зұлқарнайын жорықта бір қамалды ала алмайды. Сөйтіп: – Мен Құдайдың әмірімен келіп тұрмын. Қақпаны ашыңдар! – деді. Ар жақтан бір кісі: – Мына түйіншекті ал. Ашып көрсең, бәрін түсінесің, – деді. Ескендір түйіншекті ашса, ішінде бас сүйек жатыр екен. Ол уәзірлерін жинап, бұның мәнісін сұрайды. Бір данышпан тұрып: – Сүйекті таразыға тартып көрейік, – деді.Telegram: Қисса сүл-әнбия YouTube бейне: 65. Зұлқарнайын қиссасы | Қисса сүл-әнбияЖалғасын аудиодан тыңдай аласыз.👇...more2minPlay
March 04, 202464. Дұғаның шарапаты | Қисса сүл-әнбияДұғаның шарапатыБір күні Ғайса келе жатып, жолдың жиегіндегі моланы көрді. – Уа, Тәңірім, бұл мола кімдікі? – деп сұрады. Алла: – Бір пақырдың моласы, – деп жауап берді. – Мұның ақиреттік жағдайы қалай? – Тірісінде құлшылық пен сауаптан мақұрым болған. Тек өлейін деп жатқанда кәлимаға тілі зорға келді, – деді. Telegram: Қисса сүл-әнбия YouTube бейне: 64. Дұғаның шарапаты | Қисса сүл-әнбия Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз.👇...more2minPlay
March 04, 202463. Өлі риза болмай, тірі байымайды | Қисса сүл-әнбияӨлі риза болмай, тірі байымайдыБір күні Ғайса моланың жанынан өтіп бара жатып, қабірдегі әруақтарды көрді. Олар жиналып, жақсы сұхбат құрып отыр екен. Ішінде бір әруақ басы салбырап, көңілсіз отырды. Ғайса: – Сенің неге көңіл күйің жоқ? Басқалар бүгін шат-шадыман отыр ғой, – деді. – Олардың ұрпақтары ата-аналарын есіне алып, дұға жасады. Садақа таратты. Мені ешкім есіне де алмады, – деді. Telegram: Қисса сүл-әнбия YouTube бейне: 63. Өлі риза болмай, тірі байымайды | Қисса сүл-әнбияЖалғасын аудиодан тыңдай аласыз.👇...more3minPlay
March 04, 202462. Сайтанның саудасы | Қисса сүл-әнбияСайтанның саудасыБірде Ғайса он қашыр мен бес есекке жүк артқан Ібілісті көрді. – Әй, Ібіліс, қайда асықтың? – деді. – Базарға.– Не апара жатырсың?– Он қашыр мен бес есекке артқан жүгім бар. – Жүгің тым көп екен. Сатып үлгересің бе?– Менің тауарымның қаны жерге тамбай тұр. Пышақ үстінен сатылып кетеді, – деді Ібіліс.Telegram: Қисса сүл-әнбия YouTube бейне: 62. Сайтанның саудасы | Қисса сүл-әнбияЖалғасын аудиодан тыңдай аласыз.👇...more6minPlay
March 04, 202461. Жұмжұма немесе қубас хикаясы | Қисса сүл-әнбияЖұмжұма немесе қубас хикаясыҒайса пайғамбар жолда жатқан бір қу басты көріп, оның иесімен тілдескісі келді. Алладан: – Уа, Тәңірім, мына қу басқа тіл бітір. Кім екенін білейін, – деп сұрады. Алла қу басқа тіл бітірді. Ғайса: – Әй, қу бас, еркексің бе, әйелсің бе? Жайыңды баянда, – деді. Қу бас: – Затым ер. Бір заманда Шам шаһарының патшасы болдым, – деді. – Патша болсаң, неге алтыннан мазарың жоқ? Сүйегің неге шашылып жатыр? – деді Ғайса. YouTube бейне: https://youtu.be/qaLsefTKMHU?si=IzmAcR8WozeVXUqhТелеграм арна: https://t.me/Qissa_sulЖалғасын аудиодан тыңдай аласыз.👇...more7minPlay
March 03, 202460. Зәкәрия пайғамбар қиссасы | Қисса сүл-әнбияЗәкәрия пайғамбар қиссасыБір патшаның қызы сұлу болыпты. Ол Мысырдың перғауындарына ұқсап, өз қызына өзі үйленгісі келеді. Сөйтіп Зәкәрия пайғамбардан «рұқсат» деген пәтуа сұрайды. Зәкәрия: – Шариғат бойынша өз қызына көңілі түскен адамды Құдай қарғайды. Елді бүлдіріп, адамды аздырасың, – деді. Дегені болмаған патша оның соңына түсті. Жалдамалы жендеттер Зәкәрия орманда оңаша келе жатқанда өлтірмек болды. Зәкәрия қашады. Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз.👇...more3minPlay
March 03, 202459. Жүніс пайғамбар қиссасы | Қисса сүл-әнбияЖүніс пайғамбар қиссасыБір күні Алла Жүніс пайғамбарға: – Мосул шаһарына барып, халқына иман үйрет, – деп бұйырды. Жүніс шаһарға келіп, халыққа иман үйретуге кірісті. Алайда оның сөзіне ешкім құлақ аспады. Пайғамбар ел-жұртына ренжіп, қаладан кетіп қалды. Жүре-жүре бір теңіздің шетіне ілікті. Кемеге мініп, сапарға шықты. Кенет қатты дауыл тұрып, қалың тұман торлады. Сол кезде кемедегі бір қарт: – Ау, жарандар! Бұл – Құдайдың бізге жіберген зауалы. Арамызда Алланың әмірін тәрк қылған біреу отыр. Содан құтылмай, бұл апаттан аман қалмаймыз, – деді. Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз.👇...more6minPlay
March 03, 202458. Адамның екі түрі | Қисса сүл-әнбияАдамның екі түріШайқы Бұрқыдан біреу:– Неге кейбір адамдар ақкөңіл, мейірімді болады, ал енді біреулері көре алмас, күншіл келеді? – деп сұрады.– Өмірде адамдардың екі түрін байқадым. Оның бір тобы шыбындарға ұқсайды. Шыбынның іздегені – нәжіс. Шыбынды гүлзар баққа жіберсең де, ол соның ішінен нәжіс тауып, соған қонады. Сасық иістен ләззат алады. Оның мұрны жұпар иіс сезбейді, – деді. Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз.👇...more2minPlay
March 03, 202457. Шайқы Бұрқының хикаялары | Қисса сүл-әнбияШайқы Бұрқының хикаяларыЕртеде бір перзентке зар шал мен кемпір Мұсаға келіп, арыз айтты. – Сен Алланың пайғамбарысың. Бізге Алладан бір перзент сұрап алып бер, – деді. Мұса көңілдерін қимай: «Жарайды», – деді. Мұса Тұр тауына шығып, Аллаға арызын жеткізді. Ұлық Алла: – «Лауһы Махфузда (тағдыр тақтасы) олар ұрпақсыз өтеді» деп жазылған. Алланың үкімі екі болмайды. Бұйырған тағдырына риза болсын, – деді. Мұса Алланың жауабын жеткізгенде, олар одан сайын қайғырды.Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз.👇...more6minPlay
FAQs about РУХАНИ ПОРТАЛ:How many episodes does РУХАНИ ПОРТАЛ have?The podcast currently has 276 episodes available.