Біз мұнда үнемі дамып келе жатқан технология әлеміне сапар шегеміз. Подктаст жүргізуші менің атым - Тимур Бектұр. Технология саласында 12 жылдан астам тәжірибесі бар IT сарапшы және аналитикпін. Мақсатым: жұртшылық түсінуге қиынсынатын технология саласының күрмеуін шешіп, таза қазақша ІТ контент ұсыну және дамуға жетелейтін ғылым мен білімді көпшілікке насихаттау. Осы подкаст арқылы мен сіздерге өз білімімді және тәжірибемді бөлісе отырып, технология саласындағы соңғы трендтер, инновациялар һәм ұтымды шешімдер туралы құнды түсінік беруді қолға алдым.
Сондай-ақ, қосымша форматтағы өзге де ақпаратқа қол жеткізу үшін менің телеграмдағы "Тимурдан Инфо" каналыма https://t.me/timurdaninfo және Инстаграмдағы парақшама жазылуды ұсынамын: https://instagram.com/timurbektur