Sign up to save your podcastsEmail addressPasswordRegisterOrContinue with GoogleAlready have an account? Log in here.
"Зере" - Азаттықтың әйел құқығы жайлы подкасты. Бұл подкаст қоғам естімейтін я байқамайтын әйелдердің проблемасын шешуге бағытталған. Әр эпизод тыңдарманға әйел құқықтары туралы ой тастайды. Және оны ... more
March 23, 2024Ұлыстың ұлы күні демократия лебімен жандандыСталин кезінде тыйым салынған Наурыз мерекесі Совет одағы ыдырар қарсаңда жаппай тойлана бастады. Азаттық радиосы бұдан 55 жыл және 35 жыл бұрын Ұлыстың ұлы күні жайлы хабарларында не нәрсеге назар аударған? Бұл туралы Наурыз мерекесін зерттеуші Серік Ерғали не дейді?...more22minPlay
March 15, 2024Семей полигоны жабыларда суицид саны артқанСемей сынақ полигоны маңындағы халық арасында бейдауа дерт пен мезгілсіз өлім жиі болатыны жөнінде Азаттықта кейбір деректер сақталған. Оны жергілікті азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі құжаттарымен салыстырып көрдік. Алғашқы және соңғы ядролық сынақ кезінде дерт пен диагноз қалай өзгерген? Деректер не дейді?...more27minPlay
March 15, 2024Бойдағы энергияны қалай сақтаймыз? Күшімізді қалай дұрыс жұмсау керек?Бойымызда энергия таусылғанда не істейміз? Энергия мен ресурсты қалай жинаймыз? Энергия мен ресурстың маңызы неде? "Жаншипа" психологиялық подкастының 29-эпизодында практик психолог Шапағат Есжанмен адамның энергиясы және ресурсы тақырыбын талқыладық....more32minPlay
March 09, 2024Мәскеудің қаулысы, Назарбаевтың жарлығы. Семей полигонын жапқан кім?Қазақстанда алғашында Нобель сыйлығына Нұрсұлтан Назарбаев емес, "Невада – Семей" қозғалысы ұсынылған. Биыл қозғалыстың құрылғанына 35 жыл толды. 35 жылда Семей полигоны маңындағы адамдардың өмірі аса өзгермеді. Нобель сыйлығына ұсынылды деген қозғалыстың қоғамдағы орыны қандай болды?...more33minPlay
March 01, 2024БҰҰ-ға мүше Қазақстан. 30 жылдан кейін де өзекті тіл мәселесі1992 жылғы 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-ға мүше болып қабылданды. Ұйымға мүше мемлекет саны 168-ге жетті. Қазақстанның БҰҰ-дағы алғашқы тұрақты өкілі Ақмарал Арыстанбекова бұл жөнінде не жазған? Ел тәуелсіздігінің алғашқы 10 жылы қоғамға қандай әсер қалдырды? Бұл туралы Хасен Оралтай Азаттыққа берген сұхбатында айтқан....more26minPlay
March 01, 2024"Қорлық пен зорлық түбі – қатыгездік". Ұзақ жыл отасқан күйеуін пышақтаған әйелдің оқиғасыТүркістанда жылдар бойы күйеуінен зорлық көрдім деген әйел ерін пышақтап өлтірген. Марқұмның денесін бөлшектеп, өзенге ағызып жіберген. Бұл қорғану ма әлде қасақана адам өлтіру ме? Қатыгездікті көрген адам өзі де қатыгез болуы заңдылық па? «Зеренің» бүгінгі эпизодында психолог маман Әсем Амангелдіқызымен осы мәселені талқыладық....more29minPlay
February 23, 2024Совет-ауған соғысы кезіндегі Герат қазақтары45 жылдай бұрын Ауғанстанға совет әскерінің "шектеулі" контингенті енгізілуі оған қарсы соғыстың тұтануына себеп болды. 10 жылдан соң Совет әскері шығарылғанда Ауғанстанда азамат соғысы басталды. Бұл туралы ауғандықтар не дейді, ауған қазақтары белсендісінің пікірі қандай? "Азаттық радиосына 70 жыл" подкасының бүгінгі эпизодында осы туралы айтылады....more36minPlay
February 23, 2024"Анамда рак..." Қатерлі ісік, іштегі өксік, дертпен күрес және үміт"Жаншипа" подкастының бұл эпизодының қонағы – бір шаңырақтың ұлы, сүйікті жар, бала тәрбиелеп отырған әке, журналист Марғұлан Ақан. Марғұланның анасына қатерлі ісік диагнозы қойылған. Бірнеше жылдан бері анасын емдетіп, жақында анасының қатерлі ісікпен күресі жайлы "Үміт" деген кітап жазып шығарды. Марғұланмен жақыныңа қатерлі ісік диагнозы қойылғаннан кейінгі күрес пен өмір жайлы әңгіме өрбіттік....more42minPlay
February 17, 2024Ауған соғысындағы советтік "мұсылман ротасы"2024 жылғы 15 ақпанда Ауғанстаннан совет әскері шығарылғанына 35 жыл толды. Азаттық радиосы соғыс кезінде осы елде адам құқығы аяқасты болып, елдегі жағдайдың шиеленіскенін хабарлап отырған. Сонда туындаған сұрақтарға бүгінгі эпизодта, ауған соғысына қатысқан тарихшы Болат Сайлан жауап береді....more37minPlay
February 16, 2024"Еркіндігімнен айырылғым келмейді". Әйелдер маршын өткізу үшін күресіп жүрген Ақторғынмен әңгімеАлматыда ақпанның басынан бері жалғыз адам пикеттері өтіп жатыр. Талап – 8 наурызда әйел құқығы мәселесін көтеретін марш өткізуге рұқсат беру. Әйел құқығын қорғаушылар марш өткізуге жергілікті әкімдіктен рұқсат ала алмағандықтан осындай амалға барып отыр. Азаттық радиосының "Зере" подкасының бүгінгі қонағы – Ақторғын Ақкенжебаласымен марштың маңызы жайлы сөз қозғадық....more28minPlay