
Sign up to save your podcasts
Or


Сауат деген не? Қатесіз жазу ма, білгеніңді іске жарату ма? Біз өзімізді сауаттымыз деп айта аламыз ба? Ал тұтас халықты ше?
Бұл эпизодта медиатренер, медиа зерттеуші Асхат Еркімбай, аудармашы, блогер Асқар Базарбай (Oskar Gasta) және блогер, азаматтық белсенді Ғалымжан Оразымбет біздің заманымыздағы адамның сауат деңгейі туралы ой бөліседі.
Бұл пандемия адамға, қоғамға, сезімге, экономикаға, сенімге сынақ іспеттес. Біз оны қалай қабылдаймыз? Үміт беретін не? Неден қорқамыз? Осы төңірегінде Ғалымжан Оразымбет және Бэлла Орынбетова ой бөліседі.
Подкаст барысында айтылған ресурстарға сілтемелер:
https://www.coronavirus2020.kz/ Қазақстан бойынша ресми мәліметтер
Әлемдік жағдайды қадағалайтын сайт: https://www.worldometers.info/coronavirus/#countries
Бұл эпизодта Айсұлтан Жақыпов, Meihua Zheng және мен ксенофобия туралы әңгімелестік. Негізі бұл әңгімеге түрткі болған Қазақстанда жыл сайын әр өңірден бұрқ ете қалатын этнос аралық конфликттер. Атап айтқанда 2020 жылдың 5-7 ақпан күндері Қордайда болған оқиға. Бірақ әңгіме тек Қордай төңірегінде емес. Мұнда біз басымыздан өткен жағдайлар, жеке әсерлеріміз, түйген ойларымызбен бөлістік. Бәлкім кей мәселелерге қатысты әлі де ойларымызды өзгертетін шығармыз, кемелдіктің шегі жоқ) Өз пікірлеріңізді бөлісе отырыңыз.
"Бір күн" подкасты түрлі мамандық иелерінің әдеттегі жұмыс күнін баяндайды. Онымен қоса осы кәсіптің қиындығы мен артықшылығы, оған қатысты қоғамда қалыптасқан жаңсақ пікірлер туралы да айтылады. Алғашқы эпизодта аудармашы Гаухар Раянова өзінің әдеттегі күнін сипаттап берді. Аудармашылардың табысы, жақсы аудармашы болу үшін не қажет екенін, "Еркектер қорқақтардың" туындауына қатысты болжамдар және басқа да қызықты дүниелерді біле аласыз.
Подкаст жазуға келісімін берген Гаухарға көп рақмет)
Подкаст жаңа жыл қарсаңында жазылған еді. Жаңа жыл бұл әдетте жылды қорытындылау, тағы бір жылға есею, өмір туралы ойлау, ғажайып күту, достарыңмен жиналу. Осы подкаст барысында мұның барлығы сөз болады. Екі кесе подкастының қонағы - Ғалымжан Оразымбет.
Қария десе көз алдыңызға кім келеді? Оларға деген көзқарасыңыз, қарым-қатынасыңыз қандай? Сіз кәрілігіңізді қалай елестетесіз? Қоғамның қарияларға арнап ойып жасаған стереотип шаблонына кіргіңіз келе ме? Eki kese шай үстінде Ғалымжан Оразымбетпен осы жөнінде сөйлескен едік
Бұл подкаст менің сүйікті әпкем Ардаққа арналады...
Дүниедегі ең жақын, ең қымбатты адамның өмірден өткенін қабылдау үшін маған үш жыл қажет болды. Қабылдау. Ұмыту емес.
Жақындары қайтыс болғанда адамдар неге қайғырады? Меніңше өмірден өткен адамды емес, өзін аяғаннан. Шындап келгенде өмір деген біз ойлағандай қорқынышты дүние емес сияқты. Eki kese подкастының қонағы Гаухар Раянова. Неге Гаухар, неге бұл тақырып екенін подкаст барысында түсінесіз. Сеніңіз, өлімнен кейін де өмір бар...
Бұл подкастта дизайнер, жас блогер, болашақ жиһанкез Symbatbyek Darigyerkhanuly АҚШ сапары, Моңғолия мен Қазақстан арасындағы айырма мен ұқсастық, өмірін өзгерткен әдеттер, жақсы адамдар туралы пікірлерімен бөліседі ;)
Бұл подкаст мамыр айында Парижде жазылған еді. Әкежан Мағжанұлының елдегі қоғамдық-саяси жағдайына көзқарасы қызықтырды. Сенім, үміт және өкініш туралы Әкежан Мағжанұлының туралы айтқандарын тыңдай аласыз.
Мінезі ауыр, адамгершілігі жоқ профессионал әлде адами қасиеттері ғажап олақ маман ба? Бір қарасаң адамгершілігі, мінез-құлқы өзінің жеке шаруасы, бастысы өз ісін білсе дейсің. Бірақ "өркениетті батыста" сәл шалыс қадамы үшін төрден көрге кетіп жатқан профилерді көреміз ғой. Ұлтқа қызмет ету сонымен мінезден бе? Бұл туралы әріптесім Ұшқын Сәйдірахманмен сөйлескен едік. Айтпақшы бұл біздің алғашқы подкаст болатын)
From the publisher's feed