– Мұхамбетке бар, ғазиз жанды қайтаратын уақыт жетті, – деді. Әзірейіл жалғыз барып, пайғамбардың жанын сұрауға жүрегі дауаламады. Жанына Мәкәйіл мен Ысрапыл періштелерді ертіп алды. Үшеуі Мұхамбеттің шаңырағына келді. Бірақ, үйге кіруге жүрексініп тұрды. Бұл күні пайғамбар сахардан соң толық жуынып-шайынып, үстіне миск септі. Сақал-мұртын бастырып, тырнақтарын алды. Үстіне таза киімдерін киіп, тісін мисуакпен тазалап отырған.
Бәтима сырттағы періштелерді көрді. Ол жүгіріп келіп:
– Әке, есік алдынан бейтаныс үш адамды көрдім. Олар кіреберісте кібіртіктеп, табалдырықтан аттай алмай тұр, – деді жүрегі алып ұшып.
Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз.
✅Құрметті тыңдарман. Өзіңіздің ыңғайыңызға қарай Telegram, VK playlist немесе Подкаст қолданбалар арқылы толықтай тыңдап жүре аласыз. Басты Ниет көкірекке құндылық құю.
Отбасы Хрестоматиясы жобасы.
Telegram: https://t.me/Siar_sharip
Google Podcast: https://podcasts.google.com/feed/aHR0cHM6Ly9hbmNob3IuZm0vcy9mMmQ1Nzk1NC9wb2RjYXN0L3Jzcw?ep=14
VK playlist: https://vk.com/music/playlist/-224884126_1_25ac4b794b339d765c
RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss