Ертеде дүниенің төрт бұрышына билік жүргізген Мәлік деген патша болыпты. Әлемде одан өткен бай, құдіретті ешкім болмапты.
Бір күні патша араб жазирасында аң аулап жүріп, Меккеге келеді. Қараса, қажылық мезгілі екен. Жұрт оны патша екен деп елемейді. Ол уәзірінен:
– Бұлар неге маған тағзым етпейді? – деп сұрайды. Уәзірі:
– Уа, падишам, бұлар – табиғатынан надан, тәкаппар халық. Ыбырайымның Қағбасынан артық ешкімді мойындамайды. Оны көңілге алмаңыз, – дейді. Патша:
– Олай болса, мен бір түмен әскер жіберіп, Қағбасын қиратамын. Нан піскен кеудесін табанға басып, ат құйрығына байлаймын, – депті.
✅Құрметті тыңдарман. Өзіңіздің ыңғайыңызға қарай Telegram, VK playlist немесе Подкаст қолданбалар арқылы толықтай тыңдап жүре аласыз. Басты Ниет көкірекке құндылық құю.
Отбасы Хрестоматиясы жобасы.
Telegram: https://t.me/Siar_sharip
Google Podcast: https://podcasts.google.com/feed/aHR0cHM6Ly9hbmNob3IuZm0vcy9mMmQ1Nzk1NC9wb2RjYXN0L3Jzcw?ep=14
VK playlist: https://vk.com/music/playlist/-224884126_1_25ac4b794b339d765c
RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss