20. Мың сұрақ
Әлқиса, сонымен сайыс бітті. Бес күн бойы екеуінің аузына кезек-кезек телмірген жұрт демін ішіне тартып, ақырын күтті. Бәсі мен дәрежесі дүниенің қазынасына бергісіз ғажайып бір сырлы сұхбат өрілді. Бұл сында Әбілда жеңді, Мәлике жеңілді. Мәлике көкірегіне жылдар бойы жиған сауалын түгел қойды. Әбілда да шалқыған шалқар білімін көрсетті. Екеуінің мәнді айтысынан тыңдаушылар небір ғажап әңгімеге тойды.
Шарт бойынша Патшайым еркі мен еншісін, тағы мен бағын ұсынды. Бірақ Әбілда бас тартты. Себебі оның тілегені сұлу патша, алтын тақ емес, Хақтың дидары еді. Пайғамбардың сүндетіне берік болу иманы еді. Әзіреті Мұхамбет алғашқы жары Хадишаның үстінен тірі кезінде тоқал алмапты. Әрі «парқырлық менің мақтанышым» деп қарапайым тұрмысты таңдапты. Сондықтан Әбілда да алғашқы жарына адал болды. Мәликені екінші әйелі еткеннен гөрі, інісіне қосып, келін етті, Осылайша біздің қисса тәмамдалып соңына да жетті.
Әбілда еліне қайтап, Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Яссауидің «Хәл» ілімін өміріне шырақ етті. Шәкірт оқытып, елге қызмет етуді мұрат етті. Қартайып сексеннен асқан шағында бұл пәнимен қоштасты. Түркінің пірі - Қожа Ахмет Яссауидің кесенесінің жанына жерленіп, мәңгілікке тыныстапты.
--------------------------------------------------------
Құрметті тыңдарман!
«Мың сұрақ» ертеде Бұқара, Самарқан, Түркістан медреселерінде ең көп оқылған кітаптардың бірі. Ел ішінде ауызша нұсқасы көп тараған. Кейін баспахана ісі дүниеге келгенде алғаш рет 1891 жылы «Қазан» баспасынан хатталып жарыққа шықты. 1914 жылғы баспаханалардан жиі шығып отырды.
1917 жылы большевиктер билік басына келген соң қазақтың ділін, дінін талқандай бастады. 1926 жылы соңғы "Мың сұрақты" жойып, ел санасынан өшіруге тырысты. Алайда, 1991 жылы тәуелсіздік алған соң, бұл кітап Алматыдағы "Санат" баспасынан қайта жарық көрді. Елдің санасын жаңғыртып, рухани шөлін басты. Кейін 1997 жылы және 2002 жылы да тағы өзге нұсқалары шығып жатты. Бірақ, Таяу Шығыстан соққан радикалды діни ағымдар тарапынан бұл кітап тағы да соққыға ұшырады. Сөйтіп, қайтадан архив құшағына енді.
2019 жылы қайтадан өшкенімізді жағып, өлген дүниемізді тірілтіп "Мың сұрақ" деген атпен қайта шығардық.
Сіздер осы 2019 жылы шыққан "Мың сұрақтың" аудио-нұсқасымен таныстыңыздар! Сіздей тыңдарманның барына біз расымен қуанамыз. Бабалар мұрасын өлтірмей, бірлесіп қайта тірілтейік, ұрпақтың санасына осы құндылықты сіңірейік.
Осымен "Мың сұрақ" тәмам! Аман болыңыздар!
Кітабын алып оқимын десеңіздер Отбасы Хрестоматиясына хабарласыңыздар
--------------------------------------------------------
✅Құрметті тыңдарман. Өз ыңғайыңызға қарай Telegram, YouTube, VK немесе Подкаст қолданбалар арқылы толықтай тыңдап жүре аласыз. Басты Ниет көкірекке құндылық құю.
Оқыған: Қайрат Әділгерей
Барлық сілтемелер бір жерде: https://t.me/otbasysilteme
Telegram: https://t.me/Myn_surak
YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052
VK : https://vk.com/club224884126
*RSS: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss