Мың сұрақ
Ертеде Ұрым шаһарында Әрiп Сұлтан деген патша болыпты. Оның Мәлике деген сұлу қызы бар екен. Әкесі дүние салған соң алтын таққа қызы отырады. Бірақ патшайым өзіне лайықты бірде бір жар таба алмапты. Бір күні патшайым шартарапқа бүй деп жар салыпты:
«Кімде кім жан сарайымдағы мың сұраққа мүдiрмей, кiдiрмей жауап берсе, соған тұрмысқа шығамын. Ел басқару тізгіні соның қолына өтеді. Жауап бере алмаса көзінің оты сөнеді. Иығынан басы кетеді» депті.
Ертесіне оқымысты, ғұламалар сарайға ағылып бастайды. Бірақ бәрі де сыннан сүрініп, сұраққа мүдіріп, зынданнан бір-ақ шығады. Жер бетіндегі ғалымдардың саны күнен күнге азая беріпті.
Күндердiң күнi болғанда, ай толықсып толғанда Түркістан шаһарынан Әбілда есімді ғалым Ұрымды бетке алып, сапарға шығыпты. Ұрым мен Түркістанның арасы қырық күншілік жол екен. Ол дария кешіп, тау асып, әбден ашығып, күнге тотығып, желге қақталып, жабайы аңмен алысып, құрақшылармен жұлысып, әрең дегенде патша сарайына жетіпті.
Мәлике оны көргенде білімі таяз көп ғалымның бірі деп ойлайды. Алыстан әрең жеткен жолаушыға төрден орын да бермей, сұрақтың астына алады.
--------------------------------------------------------
Құрметті тыңдарман!
«Мың сұрақ» ертеде Бұқара, Самарқан, Түркістан медреселерінде ең көп оқылған кітаптардың бірі. Ел ішінде ауызша нұсқасы көп тараған. Кейін баспахана ісі дүниеге келгенде алғаш рет 1891 жылы «Қазан» баспасынан хатталып жарыққа шықты. 1914 жылғы баспаханалардан жиі шығып отырды.
1917 жылы большевиктер билік басына келген соң қазақтың ділін, дінін талқандай бастады. 1926 жылы соңғы "Мың сұрақты" жойып, ел санасынан өшіруге тырысты. Алайда, 1991 жылы тәуелсіздік алған соң, бұл кітап Алматыдағы "Санат" баспасынан қайта жарық көрді. Елдің санасын жаңғыртып, рухани шөлін басты. Кейін 1997 жылы және 2002 жылы да тағы өзге нұсқалары шығып жатты. Бірақ, Таяу Шығыстан соққан радикалды діни ағымдар тарапынан бұл кітап тағы да соққыға ұшырады. Сөйтіп, қайтадан архив құшағына енді.
2019 жылы қайтадан өшкенімізді жағып, өлген дүниемізді тірілтіп "Мың сұрақ" деген атпен қайта шығардық.
Сіздер осы 2019 жылы шыққан "Мың сұрақтың" аудио-нұсқасымен таныстыңыздар! Сіздей тыңдарманның барына біз расымен қуанамыз. Бабалар мұрасын өлтірмей, бірлесіп қайта тірілтейік, ұрпақтың санасына осы құндылықты сіңірейік. --------------------------------------------------------
✅Құрметті тыңдарман. Өзіңіздің ыңғайыңызға қарай Telegram, YouTube,VK немесе Подкаст қолданбалар арқылы толықтай тыңдап жүре аласыз. Басты Ниет көкірекке құндылық құю.
© Отбасы Хрестоматиясы жобасы.
Оқыған: Қайрат Әділгерей
Telegram: https://t.me/Myn_surak
YouTube: www.youtube.com/@Руханипортал Apple Podcast: https://podcasts.apple.com/us/podcast/ruhani-portal/id1787933052
VK : https://vk.com/club224884126
RSS*: https://anchor.fm/s/f2d57954/podcast/rss