Сөйлеу мәдениеті

Сөйлеу мәдениеті

By Qazaq RadiolaryArts
Download on the App Store

Сөйлеу мәдениеті episodes

  • Біздегі ілеспе аударманың жайы қалай?
    Қазақ тілінен басқа тілге, басқа тілден қазақ тіліне ілеспе (синхронды) аударма жасау мәселесі жайлы Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл -Қазына" Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Терминология және ономастика басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Бақытгүл Дәуітбекқызы әңгімелеп берді.

    Толық ақпарат "Сөйлеу мәдениеті" хабарының аудионұсқасында.

    Хабардың редакторы: Айнұр Шамшейтова.
    11 min
  • Азаматхан Әміртай: Қазақстан азаматтарына қазақ тілін білуді талап етуіміз керек
    Азаматхан Әміртай: Қалада пәтерде отырып, асфальтта жүрген ол ешқандай мәдениет емес. Қазақстан азаматтарына қазақ тілін білуді талап етуіміз керек.

    Қазақ тілінің ұлтаралық тіл ретінде қалыптасуы бағытында не істеуіміз керектігі жайлы "Байтақ болашақ" экологиялық альянсының президенті Азаматхан Әміртай әңгімелеп берді.

    Толық ақпарат "Сөйлеу мәдениеті" хабарының аудионұсқасында.

    Хабардың редакторы: Айнұр Шамшейтова.
    10 min
  • Қазақ тілі – ұлтаралық қатынас тілі
    Қазақ тілінің ұлтаралық тіл ретінде қалыптасуы бағытында практикалық тұрғыда атқарылып жатқан шаралар жайлы Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Айдос Тұрсынбайұлы әңгімелеп берді.

    Хабардың редакторы: Айнұр Шамшейтова.
    11 min
  • Сөздің жүйесі мен киесі
    «Сөйлеу мәдениеті» хабарының кезекті санын назарыныңызға ұсынамыз. Басты мақсатымыз – сауатты сөз саптап, дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Қоғамдық ойға қозғау салатын хабарымыздың тұрақты қонағы: филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Әбдірәсілқызы.


    Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат - саналы ұрпақ, ұлтжанды ұл-қыз тәрбиелеу. Жас буынға дұрыс жол сілтеп, оң бағыт-бағдар беру. Осы жолда кім қаншалықты қызмет сіңіре алса, соншалық аянбай еңбек етуі керек.

    Сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың тетіктері аз емес. Олардың ең бастысы – жеке тұлғаның рухани қажеттілігінің, өзіндік ізденісінің болуы.

    Ақылдың кені Абайдың сөзімен айтсақ «жан құмары қажет». «Адам баласы әсемнен әсем таңдайды» дейді Мағжан. Ендеше, біздің әсемдікке деген құштарығымыз сөйлеу мәдениетінен де көрініс табуы тиіс.

    Болашақ ұрпақ – қоғам иесі! Өскелең ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық азамат етіп тәрбиелеу кім-кімнің де қоғам алдындағы борышы деп білеміз. Бұл хабарды сөзімізге қарап тек балаларға арналған деп ойлап қалмаңыз. Негізі адам қартайғанша оқып-біліп, үйренуі керек. Сондықтан білім алу – адамзат баласы үшін тал бесік пен жер бесіктің арасындағы қасиетті парызы деп санаңыз.

    Хабардың авторы әрі жүргізушісі: Айнұр Шамшейтова.


    Әуенін әрлеп, сазбен көркемдеген: Гүлжанат Байшотқызы.
    6 min
  • Терминология – тіл саясатының маңызды бөлігі
    Азаматтардың қазақ тілін игеру деңгейіне қарай мемлекеттік тілді кезең-кезеңімен енгізу біртіндеп жүзеге асырылуда.

    Қоғамда, әсіресе, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтып жүрміз. Дегенмен, терминология саласындағы шет тілдік сөздердің қолданысы кең өріс алып барады. Терминология- тіл саясатының маңызды бөлігі екенін сіз-бен біз үмытпауымыз керек.

    Хабар қонағы: "Тіл-қазына" Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Терминология жəне ономастика басқармасының жетекші ғылыми қызметкері, Филология ғылымдарының кандидаты Бақытгүл Ысқақ.
    11 min
  • Тіл – халықтың жан айнасы
    «Сөйлеу мәдениеті» хабарының осы санында «Ана тілімізге деген құрметті ұстана отырып, адамның өзін-өзі тәрбиелеуі» деген тақырып төңірегінде әңгіме өрбіді.

    Тіл - қарым-қатынас құралы. Ол – адамның ой-өрісін, мәдени деңгейін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. «Төрде отырып теріс сөйлегеннен без» деген Бәйдібек бидің сөзі бар ғой. Көргені көп, көңілге түйгені мол бидің осы сөзінен-ақ біраз сұрақтың жауабы табылып тұрған сияқты. Расында алдыңғы дөңгелек қайда жүрсе соңғысы сонда жүретінін ескеріп, аға-апаларымыз сауатты сөйлеп, дұрыс бағыт-бағдар көрсете білсе кейінгі ұрпақ та ана тілімізге деген құрметті ұстана отырып, өзін-өзі дұрыс тәрбиелеуі жемісті болар еді.

    Дана халқымызда тәлім-тәрбиенің тәсілдері көп. Қоғам үшін қай кезеңде болмасын, әрбір от басында, ошақтың қасында өсіп-өніп келе жатқан өрімдей ұл-қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке құмар, білімге құштар болып өсуі - ең ізгі ниет, игі тілек екені даусыз. Ал ана тілімізге деген шынайы құрмет баршаға ортақ талап болуы тиіс. Өйткені, өзімізді-өзіміз тәрбиелеуді тоқтатқан жерден рухани тоқырау басталары кәдік.

    Хабар қонағы - филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Әбдірәсілқызы.
    10 min
  • Көп тіл үйренудің пайдалы және зиянды тұстары
    Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі көрінісі, нағыз белгісі. Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілімізді білмеуі, не шала білуі – бүгінгі қоғамның басты дертіне айналып отыр. Әсерлі тілдердің қақпанына қалайша оңай түсіп қалып жатырмыз?

    Хабар барысында осы және өзге де сұрақтарға филология ғылымдарының кандидаты Нұрсәуле Рсалиева жауап берді.
    11 min
  • Ұлағатты ұстаз ұлтын сүйетін ұрпақ тәрбиелейді
    «Сөйлеу мәдениеті» хабарының осы санында «Балабақшадағы ағылшын тілін оқыту» мәселесін сөз болды. Жас сәбидің ойлау жүйесі қалыптаспай жатып өзге тілді оқыту қаншалықты дұрыс? Ұрпақ – ұлт болашағы десек, бұл әрекетіміз арқылы сол ұрпақтың тамырына өз қолымызбен балта шаппаймыз ба?

    Алаш арысы Жүсіпбек Аймауытов «Тәрбие басы – тіл» дейді. Ал біз өз ана тілін толық танып үлгермеген балаға үш тілділік пен жаһандану туралы білім береміз. Қазақ даналығында «Тіл – ұлттың жан дүниесі, сезімінің, ойдың жанды көрінісі» деп тегін айтпаған. Үш тілділік реформасы жүзеге аса бастағаннан-ақ қоғам тарапындағы пікірлер екіге бөлінді. Бірі қолдаса, екіншісі жеті жасқа дейін тек қана ана тілінде білім алып, өз тілінде ойлай алуы керек десті. Бірақ министрлік тарапынан мектепке дейінгі білім алу мәселесінің шешімін әрбір ата-ананың өзіне қалдырды. Яғни, ата-ана баласын өзі қалаған балабақшаға бере алады.

    Осы мәслеге байланысты филология ғылымдарының кандидаты Нұрсәуле Рсалиева сұхбат берді.
    11 min

About Сөйлеу мәдениеті

From the publisher's feed

Бағадарлама мақсаты: сауатты сөз саптап, дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат – саналы ұрпақ, ұлтжанды ұл-қыз тәрбиелеу. Жас буынға дұрыс жол…