Цукербергтің көршілері

Цукербергтің көршілері

By Zuckerberg.korshileriBusinessEntrepreneurship
Download on the App Store

Цукербергтің көршілері episodes

  • Жәнібек Рысбек: Егер дұрыс қолданбаса, робототехника адамзатқа зиян әкелуі мүмкін.

    Жәнібек Рысбек - әлемдегі алдыңғы қатарлы хирургиялық роботтарды жасап шығаратын ірі америкалық компанияда робототехникамен айналысады. Жәнібектің жұмысын жасай алу үшін механика, компьютер ғылымдары, инженерия, физика, математика мен биологиядан хабардар болуыңыз керек. Жәнібек құрастыруға ат салысқан роботтар осы күнге дейін миллиондаған адамға жеңіл ота жасалып, олардың тез аяққа тұруына себеепші болған. Талантты отандасымыз роботттардың не екенін, олардың күнделікті өмірімізге, тұрмысқа қашан енетінін, роботтардың болашақта қандай роль алатынын әңгімелеп берді.

    1 hr 46 min
  • Жан Мұқанов: "Қазақша сөйле" деп талап ету дұрыс емес". ЛГБТ, кәнселинг, демократия, әйел ролі туралы

    Продюсер, кәсіпкер Жан Мұқанов - "Цукербергтің көршілерінде" қонақта. Соңғы кезде қазақ қоғамын толқытып жүрген мәселелер бойынша қызу пікірталас туындады. "Қазақша сөйле" деп талап ету дұрыс емес. Шаконың қызы оны таңдағаны үшін өзі кінәлі. Асырай алмайтынын біле тұрып, бес бала туу - әйелдің кінәсі. Бала тәрбиесіндегі жақсы да, жаман да әйелден. Демократия шектен шықса, жақсылыққа әкелмейді. Қонағымыздың осы секілді екіұдай пікірлеріне сіз қалай жауап берер едіңіз?

    1 hr 56 min
  • Роза Әшірбаева: Cтэнфорд, AI, АҚШ-қа сапары, бизнесі, медиадағы образын таңдау, хейт туралы

    Кәсіпкер әрі инфлюенсер Роза Әшірбаева Сан Францискода. "Қазақ қыздарының дауысы" болып, Роза Коуч атымен танылған блогер АҚШ-та не істеп жүр? Медиадағы образы мен өмірдегі образы сәйкес келе ме? Роза көпшілікке танылу үшін қандай қадамдарға барды? Жасанды Интеллект оның өмірі мен кәсібіне қандай жаңалық алып келді? АҚШқа жасаған алғашқы сапарында ойындағы Америка мен шынайы Америка образдары сәйкес келді ме? Нью Йорк несімен таң қалдырды? Стэнфорд профессорлары мен Big Tech компанияларынан не үйренді? Мүмкіндікті пайдаланып, Розадан "Цукербергтің көршілері" туралы пікір сұрап, фидбәк алдық.

    1 hr 51 min
  • Айына $4000 стипендия алу үшін қайда оқу керек? Стэнфорд студентімен экскурсия

    Физика бойынша дүниежүзілік олимпиадалардың жүлдегері, Назарбаев университетінің түлегі, қазір Стэнфорд университетінде "Электротехника" мамандығында докторантурада оқып жатқан Айвар Абрашұлы подкасымыздың бүгінгі қонағы. Әлемдегі топ университетке түсу кішкентайынан арманы болған Айвар осы арманына қалай қол жеткізгенімен бөлісті. Сонымен бірге бізбен бірге кампусты аралап, тұратын, оқитын, спортпен айналысып, тамақ ішетін жерлеріне дейін көрсетіп, экскурсия жасады. Мектепте оқып жүріп, дүниежүзілік олимпиадаларға қай жастан бастап дайындалған дұрыс? Магистратура оқымай-ақ, бірден PhD студент атану үшін не істеу керек? Тараздағы ҚТЛ мектебінде MIT, Стэнфорд секілді ЖОО неге үлкен беделге ие? Айына $4000 стипендия барлық шығынды жабуға жете ме? Стэнфорд асханасында түскі ас ішу қанша тұрады және қандай тамақ ішуге болады?Тараздағы қарапайым отбасыдан шығып, әлемдегі ең үздік оқу орындарының бірінде білім алып жатқан қазақ жігітінің жолы сізді де шабыттандырады деген ойдамыз. Сапалы қазақша контентті қолдау үшін лайк басып, комментарий қалдырып кетсеңіз, алғысымыздың астында қаласыз.

    1 hr 22 min
  • Ислам туралы сұрай алмай жүрген сұрақтарыңызға жауап. Дінтанушы Айбөпе Кемелдинова

    Дінтанушы, Құран оқытып үйрететін ұстаз әрі блогер Айбөпе Кемелдинова ислам туралы сұрай алмай жүрген сұрақтарыңызға жауап береді. Исламды Түркия мен АҚШтағы көрнекті ЖОО-да игеріп, қарапайым да қанық тілмен көпке танытып жүрген Айбөпе "қазақтар арабтанып бара жатыр" деген пікірге қатысты өз жауабын берді. Қазақтың ұлттық дәстүрі Ислам қағидаттарына кереғар ма? Қазақстан қоғамы мұсылман дініне көзқарас негізінде неге екіге бөлінеді? Орамал таққан қыздар мен сақал жіберген жігіттерден қорқу қайдан шықты? Төрт әйел алуға рұқсат, музыка тыңдау харам деген сияқты пікірлер туралы дін жолындағылар не дейді? Айбөпенің ислам діні туралы курстары мен блоггинг қайдан бастау алады?

    2 hr 17 min
  • AI адамзатты басып ала ма, үйде қызметші роботтар қашан болады, Meta-да ғалым болу қаншалықты қиын?

    Арман Жармағамбетов Кремний алқабында жасанды зердені ғалым ретінде зерттеп жүрген қазақ жігіті. Ақтөбедегі қатардағы мектептердің бірін бітіріп, Калифорнияда Computer Science-тан PhD қорғап, қазір Марк Цукербергтің қасында Fundamental AI Research деп аталатын ғылыми жобада зерттеуші болып жұмыс істейді. Хайп болған AI тақырыбын бүге-шігесіне дейін білетін екі қазақ болса, соның бірі - Арман. Жасанды зердеден келетін пайда көп пе, зиян көп пе? Жасанды интеллект қарапайым адамдардың өмірін қалай өзгертеді? Әр үйде киім үтіктеп, кір жуып беретін роботтар қашан пайда болады? Жасанды зерде дамып кетіп, қойылған қауіпсіздік шараларын айналып өтіп, адамзаттың өмір сүруіне қауіп төндіруі мүмкін бе? Адамзаттың психологиясы, әлеуметтік антропология бірер жылда қалай өзгеруі мүмкін? Жүздеген миллион қаржы құйылып жасалған Open AI, LLaMA секілді жобаларды бірнеше миллион доллар ғана қаржы жұмсалған қытайлық DeepSeek-тің басып озғаны рас па? Қазақстандағы қатардағы орта білімнің сапасы АҚШта мықты карьера жасауға жеткілікті ме? Осы және басқа да көптеген сұрақтардың жауабы бүгінгі эпизодта.

    1 hr 48 min
  • 23 жаста миллион $ табыс табатын компанияны қалай басқаруға болады?

    23 жасында табысы миллион доллардан асатын технологиялық компанияны басқарып, өнімдерін ЦОНдар, университеттер мен ҰБТ орталықтарына сатып, Кремний алқабына көшіп, компанияны халықаралық деңгейге шығару үшін не істеу керек? Бүгінгі эпизодтың кейіпкері Нұрәлі Сарбақыш осы сұрақтың жауабын біледі. Адамдар алдауға неге құмар? Қазақстанда тұрмыстық коррупцияны жою мүмкін бе? Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету неге маңызды? Қытай soft powerді қалай дамытып жатыр? Қытайлықтар Қазақстанға шынымен жау ретінде қарай ма? "Кремний алқабынан келген стартап" деген сөз есіктерді қалай ашады? Нұрәлі өзінің жасын бизнестік қарым-қатынаста қалай пайдаланады? Тамашалап, тыңдап, ұнаса лайк басып, жазылуды ұмытпаңыздар. Қазақ тіліндегі сапалы контентті бірге қолдайық

    1 hr 29 min
  • Ата-бабаның өмір салты, ішкен асы, сезімдері бізге қалай әсер етеді? Биохимик ғалым түсіндіреді

    Жадыра Еркеш - Беркли университетіндегі Ногалес зертханасында постдок жасап жатқан Қазақстаннан шыққан ғалым. Оның зерттеу саласы ДНК структурасындағы хроматин мен жалпы эпигенетиканың биохимиясын қамтиды. Біздің жеті атамыздың басынан өткені, жеген тамағы мен өмір сүрген салты біздің өміріміз бен денсаулығымызға қалай әсер етіп жатыр? Бала денсаулығына ана ғана емес, әкенің таңдаулары қалай әсер етеді? Қазақы тәрбиенің кемшілік тұстары бар ма? Нобель сыйлығының иегерлерімен жұмыс істеу қалай? Жадыра Сауд Арабиясы мен АҚШта оқығанда мәдени шокта болмай, оның орнына ҚазҰУдан Назарбаев Университетіне барғанда неліктен мәдени шокта болды?

    1 hr 51 min
  • Reunited with Her Mother After 25 Years: Sage Gulmira Foley — "Finding My Birth Family Was a Miracle"

    The story of Sage Gulmira Foley, an American Kazakh girl who lost her mother at birth and reunited with her after 25 years, might touch anyone. The American Foley family adopted her from an orphanage in Astana, Kazakhstan, when she was 3. Her birth mother thought that her daughter died at birth. Years later, Sage Gulmira reunited with her biological mother. This story is beautifully depicted in the episode "Dead Daughter Comes Back to Life" of the series "Adopted Kazakh Children Abroad." Link: https://www.youtube.com/watch?v=bo1rCJj39QYIn today's episode, Sage Gulmira shares details about her reconnection with her birth family. Did she know about Kazakhstan from a young age? What was it like growing up as the only Asian in a white family in America's most conservative and rural state? Why did she not believe that she would find her birth family, and how did Sage Gulmira feel when she found them? What were her thoughts when she first arrived in Kazakhstan? Why did she not like horse meat and camel milk? How did reuniting with her birth family change her life and profession? Enjoy watching "Zuckerberg's Neighbors." For the authenticity, we decided to keep it in English. Please excuse our imperfect English, and hopefully, you will learn one or two things about Kazakhstan. (If you are interested in Kazakhstan, Kazakh culture, are a researcher of Kazakhstan or think your life journey might be interesting for Kazakh viewers, please email us at [email protected])

    1 hr 50 min
  • Қалтадағы "періште". Қазақ қызы әркімнің жеке досына айналатын жасанды интеллект көмекші жасауда.

    Не керек болса, сондай көмек беретін, әрқашан қасыңыздан табылатын, хатшы-көмекші-дос-құрбы-қызметші "Періште" ойлап тапқан Қазақстаннан шыққан америкалық кәсіпкер Ардақ Құсайынова "Цукербергтің көршілері" подкасының кезекті эпизодында. Егер ChatGPT қосымшасын күнделікті қолданып жүрген болсаңыз, оның дауыспен жұмыс жасайтын түрін Ардақ басқаратын Atarino компаниясы құрастырып жатыр. Қалтаңыздағы робот сізбен жай ғана ақпарат алысып қоймайды, сонымен бірге, көңіл-күйіңізді дөп басып, сізге қазір керек сөздерді таба алады, әзілдесіп, салмақты тақырыптарда да шүйіркелесе алады. АҚШқа келгеніне 13 жыл болған қазақ қызы көп жылдар бойы видеоойындар индустриясында айтарлықтай карьера жасаған. Видеоойындардың болашағы, олардың жасөспірімдер психикасына әсері, Америкада бастық қызметін атқарудың ерекшеліктері туралы сөз қозғадық.

    1 hr 4 min

About Цукербергтің көршілері

From the publisher's feed

Кремний алқабы қазақша сөйлейді! Білім, ғылым, технология, бизнес, инновация, кәсіп шыңына ұмтылған қазақ жастары туралы подкаст. Журналист Ақсәуле Әлжан мен ақпараттық технологиялар маманы Арай…