Цукербергтің көршілері

Цукербергтің көршілері

By Zuckerberg.korshileriBusinessEntrepreneurship
Download on the App Store

Цукербергтің көршілері episodes

  • Әлем қолданатын Apple өнімдерін жасаған қазақ жігіті

    Apple Watch-қа уатсаптан келетін қоңырау мен Apple өнімдерін көлікте отырып көріп, жүрек айнытпайтын функцияларын жасаған қазақ жігіті Ерсұлтан Сапар "Цукербергтің көршілерінің" кезекті эпизодында. 18 жасында әлемдегі ең қымбат университеттердің біріне келіп оқып, оқу ақысын өзі қалай көтерді? Университеттегі төрт жылда сабаққа қоса жеті стажировка мен оқытушы көмекшісі болудың "құны" қандай? Ауылда туып-өсіп, Apple компаниясынан бір шығу үшін не істеу керек? Ондағы "жылы жерден" не үшін кетті? Enjoy!

    1 hr 28 min
  • Интернетті қазақша сөйлеткен Рауан Кенжехан: "Біз мәдениетті өзгерте алдық"

    Қазақстанда мектеп оқушыларының 75% қазақ тілінде білім алады. Алдағы 10-20 жылда қазақ тілінің қолдану аясы бұдан да кеңейіп, қазіргі оқушылар экономикалық белсенді азаматтарға айналады. Қазақстан бұған дайын ба? Қазақ тілінің шынайы орны мен мәртебесі қандай? Он жыл бұрынғы және қазіргі қазақ қоғамдары салыстыруға келе ме? Онлайн сервистерді қазақшаландыруға әрбір адам қандай үлесін қос алады? "Білім Медиа Груп" компаниясының негізін қалаушы және жетекшісі Рауан Кенжехан "Цукербергтің көршілеріне" қонаққа келді.

    55 min
  • "Мәңгі жастық" туралы арман қол жетімді ме?

    Адам жасушасын қартаю мен ауырудан аман ұстап, клетка жастығын ұзақ сақтап тұру мүмкін бе? Иммун жүйесінің клеткаларын "көлікке мінгізіп", нысанаға дөп жіберу қаншалықты қиын? Әлемнің ең бай адамдары миллиардтап ақша салған стартапта Нобель сыйлығының иегерлерімен бірге жұмыс істеу үшін не істеу керек? Папиломма вирусынан вакцина ойлап тапқан ғалымнан тәлім алу қалай болды? Ғылымда жүрген қыз-келіншектер нені білуі керек? Биолог Самал Жүсіпбекова Кремний алқабындағы адамзат үшін маңызды миссияны орындап жатқан ғылыми карьерасы туралы әңгімелеп берді.

    1 hr 11 min
  • Цукербергтің көршілері-2. Стэнфордқа түсу үшін не істеу керек?

    Әлемдегі ең үздік ЖОО бірі - Стэнфорд университетінің студенті, қазақстандық Амира Махмеджан топ университетке түсудің жолдарымен бөліседі. Құжат тапсырған жүз адамның тек үшеуі ғана қабылданатын ең бәсекелі бағдарламада озып шығу үшін Амира неше жасынан бастап дайындалды? Қатардағы мемлекеттік мектепте оқып, Ivy League-тан бір шығу мүмкін бе? Программист қыздар неге аз? Орамал таққан қыздарға деген дискриминация Қазақстанда көп пе, АҚШта көп пе? Амираның білдей Білім министрімен "жағаласқан" сәті, және т.б. қызықты оқиғаларды есту үшін "Цукерберг көршілерінің" екінші шығарылымын тыңдап шығыңыздар.

    1 hr 4 min
  • Қазақша сөйлейтін Кремний алқабы. Цукербергтің көршілерімен танысамыз

    Google-да қызмет ету шынымен "арман жұмыс" па? Кремний алқабының төрінде жұмыс істеу үшін не істеу керек? Ал одан өз еркімен бас тарту үшін ше? Қазақстандағы журналистика мамандығының студенттері неліктен "телекте" "жұлдыз" болуды армандайды? Қазақ қыздары бақытты ма? Ақсәуле Әлжан мен Арай Сабыржан подкастарының ең алғашқы шығарылымында осы және басқа да көптеген сұрақтардың басын шалады.

    1 hr 24 min

About Цукербергтің көршілері

From the publisher's feed

Кремний алқабы қазақша сөйлейді! Білім, ғылым, технология, бизнес, инновация, кәсіп шыңына ұмтылған қазақ жастары туралы подкаст. Журналист Ақсәуле Әлжан мен ақпараттық технологиялар маманы Арай…