
Sign up to save your podcasts
Or


Жаңа жыл алды көңіл күйіңіз қалай? Біздің бұл қосымша санымызда Түйме тағдыры мен өз өміріміз жайлы сөйлестік. Табысқа толы есептерден көз ала алмай, кейде көре алмай жүрген адамдар болса, онда сіз жалғыз емессіз! Жылды қорытындылап, күшіңіз таусылса, ол қалыпты жағдай. Жаңа жылға артық үміт артпау да қалыпты жайғдай. Күйген адамдардың есебі мен қызыққа толы қорытындысына құлақ салыңыз.
Құрметті тыңдарман, егер сіз Түйменің үшінші маусымы шағуы үшін бір үлес қосқыңыз келсе, бізді қаржылай қолдай аласыз!
💳4400 4301 4329 6355
Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бір ағытыңыз.ё
Бар болғаныңызға рақмет! Instagram Telegram
Кішкентай кезімізден бойымызға сіңіп қалған бір түсінік бар. Сол түсінікті талдауға тырыстық. Түйменің бұл санында жұрттың баласы кім/не екенін, оның пайдасы мен зияны не екенін біле аласыздар. Тек қызық зат айтайық.
Бұл эпизодты жазу үшін Заңғар мен Дастан Алматы марафонына қатысып, жүгіріп шықты. Аяқты шаршатқан қадамнфң да мәні бар. Оны осы санды тыңдаған соң біле аласыз. Салыстыру мәдениеті, құнсыздандыру, бойға сіңген “жұрттың баласы” синдромы, одан арылу, оның жүгі мен өмірге ықпалы жайлы талқылаған терең эпизод шықты. Мектептен басталған “сәйгүліктер жарысының” салдары қандай? Ол пайдалы ма? Нендей залалы бар? Даму жолында көмектесе ме? Заңғар не үшін моншаға барудан қысылады? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын білу үшін тездетіп тыңдаңыздар! Ал Дастан мен Заңғарға сыйлық жасап, туған күнмен құттықтағыңыз келгсе, мына реквизит бойынша кез келген сома аудара аласыз!)
💳4400 4301 4329 6355
Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бір ағытыңыз. Бар болғаныңызға рақмет!
Instagram Telegram
Жақында Түйме авторларының туған күні. Атаулы күн алдындағы уайым мен жайсыз күй, туған күндегі сезім мен одан кейінгі өмір - осы санның басты тақырыбы.
Жаңа жасқа қатысты мақсат қойып, қорытынды жасау деген не? Ал туған күн иесіне бөлінетін назар ше?
Чаттағы смс-тен шаршаған не түн ортасындағы қоңыраудан үрейленген адамдардың жаны тынышталатын өмірлі жайттар жайлы сөйлестік.
Жылына бір рет келер күннің қандай артықшылығы бар? Өмірлік еркелігіңізді көрсетер сәт осы ма? Туған күнде жасалатын нендей дәстүрлеріміз бар? Оның қуатқа қатысы қандай?
Түйменің жаңа санында осы сауалдардың жауабы бар.
Ал Дастан мен Заңғарға сыйлық жасап, туған күнмен құттықтағыңыз келгсе, мына реквизит бойынша кез келген сома аудара аласыз!)
💳4400 4301 4329 6355
Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бір ағытыңыз.
Бар болғаныңызға рақмет!
Telegram
Күніне неше смс жазасыз? Жұмыс барысында жазылатын бір сөйлемдік хаттар саны неше?
Біз бұл эпизодта іскерлік қатынаста КҮЙДІРЕТІН хаттар жайлы сөйлестік. Хаттар дегенде хабарламалар жайлы айтамыз. Қазір адамға хат жазғанда )) қоймасаң ыңғайсызданасың, бірақ капслокпен жазатындар саны азаяр емес.
Бұл эпизод күлкілі әрі пайдалы. Хабар алысу әдебі, хат жазысу мәнері мен қоңырау шалу уақыты (спойлер: ешқашан) жайлы көп сөйлестік.
Әріппен эмоционалды күйін көрсете алатын адамдар мен оны түсінетін адамдар туралы эпизод десек дұрысырақ.
Кейде артық нүктенің азабы көп болады. Кейде бір рет шалынған қоңырау бар абыройыңды төгеді. Оның аражігін қалай ажыратса болады? Осы эпизодтың басты қызығы - жұмыстағы сау қатынас (хат алмасудағы)
Telegram
Әзіл - кез келген қарым-қатынастың таптырмас бөлігі. Ол арқылы адамдар достасады, табысады, бірақ кейде ренжіседі.
Арқамыз қозғанда шек білмей артық кетер кездеріміз сирек болмайтыны өкінішті. Заңғар мен Дастан Түйменің қосымша санында осы құбылысты талқылады.
Подкаст демалыста болғанымен сіздерді жаңа эпизодсыз қалдыра алмадық. Әдеттегіден қысқа санымызда айтылған заттардың мәні барынша зор.
Әзілдеймін деп артық кеткен адамдар, ортаның гүлі болам дем мазақтайтын жандар мен қой дегенді білмейтін азаматтар тыңдауға міндетті сан.
Сіз тыңдап, өз ойыңыз бен алып-қосар затыңызды әдеттегідей телеграмда жазыңыз!
А сосын мына санды таратсаңыз, әзілқойларға ашуыңызды астарлап жеткізе аласыз!
Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бір ағытыңыз.
Құлаққап дайын болса, play-ді басыңыз!
Telegram
Бұл табу тақырыпты талдайтынымыз әлдеқашан анықталған еді. Бірақ біз жыныстық қатынас емес, ол туралы ҚАЛАЙ, КІММЕН және ҚАЙ ЖАҒДАЙДА СӨЙЛЕСПЕУ КЕРЕКТІГІ ЖАЙЛЫ АЙТАМЫЗ.
Бұл жыныстық сауат ашу емес, интим тақырыпты байыппен талқылау жайлы эпизод.
Заңғар мен Дастан оқыған мектеп пен өскен ортасындағы қателер қандай? Не үшін Заңғар жыныстық қатынас тақырыбын талдамайды, әрі секс сөзін ұнатпайды? Дастан өз тәжірибесі жайлы өтірік алдағаны рас па? Ал бұл тақырыпты қозғаудағы жауапкершілік деген не?
Иә, бұны талдау мен талқылау ауыр болғаны анық. Бірақ біз көп пайдалы түйме шығарып, біраз заттың бетін аша алдық. Этикет пен сырласу арасындағы кішкентай шекараны асып-аспау жайлы сөйлескен санымызды тыңдаңыз!
Біз қыз бен жігіт арасындағы қатынасты емес, ол қатынасты әңгіме ету жайлы көбірек сөйлестік. Туыстардың абырой төгуі мен бізден кішілердің денсаулығын сақтау амалдары жайлы да сөз еттік. Қысқасы, жасқанатын да, жасыратын да зат аз, сол үшін тездетіп тыңдап қойыңыз! Пікіріңізді қалдырып, өз қызық оқиғаңызбен бөлісіңіз!
Ал кеттік!
Пысы. Сәлем жолдаған адамдар, сәлемімізді қабыл алдыңыз ба?
Telegram
From the publisher's feed