Tuime

Tuime

Download on the App Store

Tuime episodes

  • Дұрыс кешірім сұраймыз: “Ренжісең, кешірім сұраймын”

    Адам айтуын айтып алып, артынан кешірім сұрауы – аса жағымды зат емес.

    Бірақ одан да күйдіретіні – адамның кешірімін міндетсінуі мен “көңіле тиер сөз тапсаң, кешір” дейтін сөздерін айтамыз. Ойлап қарасаң, түймедей зат. Бірақ неге жөні түзу емес кешірімнен кейін жеңілдік келмейді? Жөні түзу не қисығын қалай ажырата аламыз? Ашу үстінде айтылған сөз айыбын көтеру оңай ма?

    Өткен эпизодтарда адам ренішті манипуляция үшін қолданатынын білдік. Дегенмен оны шынымен ренжітіп қойсақ, не істейміз? Айыпты мойындай салсақ жеткілікті ме?

    Біз бұл санда біраз реніштің бетін ашып, шынайы кешірімнің мәніне көз салдық. Білгіңіз келсе, тартылыңыз. Заңғар Дастанды ел көзінше масқаралағаны бар екен. Дастан оны кешіре ме? Осы санда біле алатын қызық заттың бірі болсын.

    Одан өзге кешірім сұрау мәдениеті, оның құрылымы мен шарттары жайлы біле аласыз. Реніштің артын шайып, сенімді қайтару жолдары жайлы да сөз етеміз. Қозғайтын тақырыптың бірі - аудитория алдындағы жауапкершілік. Еліміздегі блогерлердің кешірімі неге өтімсіз? Олар ауыр сөз артын дұрыс жамай ала ма?

    Сұрақ көп, айтар зат та аз емес. Жарты сағат әңгіме артында көп кеңес пен дөп тиген сөздер жатыр.

    Аааа, сосын! Біз мына санды тыңдаған адамдарды өз ренішімен бөлісуге шақырамыз! Сол үшін сырласуға асық болыңыз!

    Instagram

    Telegaram 

    29 min
  • Манипуляторды әшкерелейміз: “Тух, сен көмектесем деп едің ғой”
    Туғанымыздан бастап манипуляция маңында жүреді екенбіз. Бірақ ол өзі не?
    Мектепте ұстаздар мен ата-аналар біздің қалауымыздан тыс жақсы оқуымыз үшін манипуляция жасайды. Кейін мамандық таңдау және т.б. Бұл қатынам моделі ескірген сияқты, себебі ресурсыңды тауысып тастайды.
    Бұл жолы Заңғар мен Дастан пікірі бір жерден шыққан жоқ. Араларындағы пікір келіспеушілігін түсіну үшін, оны шешу үшін осы эпизодты тыңдап қойыңыздар.
    Осы санды тыңдап, мына сұрақтарға жауап таба аласыз:
    • Манипуляция деген не?
    • Кім манипуляция таныта алады?
    • Дастан манипулятор екені рас па?
    • Олар қандай әдістер қолданады?
    • Манипуляцияны тоқтату амалдары қандай?
    Түймедей заттар болса да, түйедей салдарлары бар. Осының ақ-қарасын бірге ажыратайық! Сау қатынастағы қоғам құрайық! 
    Instagram: tuime.podcast
    Telegram: tuimepodcast
    31 min
  • Тұтынушылық қарым-қатынас: “Не керек, бірден айтшы!”

    Біз күнделікті көп адаммен араласамыз. Тек олар хабарласқанда “қалың қалай?” дегеннен кейін не сұрарын күтіп отырамыз. Егер осындай үрей көп болса, онда сіз тұтунышылық қатынас нысанысыз. 


    Ал оны енді қалай анықтаймыз? Ол қандай қатынаста болады? Жалпы, дұрыс нәрсе ме осы? Тура осындай майда әрі маңызды сұрақтардың көбіне жауап табуға тырыстық, талқыладық, талдадық.


    Қарым-қатынасты реттеу ше? Ол да болады. Тек дұрыс істесек болды. 


    Ата-ана, достар, жұбыңыз - бұл кісілердің бәрі тұтынушылық қатынас нысаны бола алады. Көп жағдайда соны танытушы адамдар да осы кісілер. Тек ол жаман ба? Ал жақсы кездері бола ма?


    Қысқасы, айтар зат көп! Қызығы да біршама! Түймемен бір толқында болып, көп әңгіме тоқ етерін айтайық!



    Біздің жаңа эпизодты тыңдап, осында пікір жазып қолдасаңыздар болады. Бізге ондай қолдау өтімді.


    Қызық әңгіме айтып, қызықты жайттардан хабардар болу үшін біздің инстаграм мен телеграмға тіркеліңіз!


    Пысы. Сіздің рұқсатыңызбен құшақтап жатырмыз!)


    Instagram: tuime.podcast


    Telegram: tuimepodcast

    30 min
  • Дұрыс қолдаймыз: “сенің қолыңнан келеді”
    Түйменің аясында көп мәселелерді талдадық. Енді біз қолдау тақырыбын түйедей етпекшіміз. Күрсінгенде арқадан қаққан жөн бе? Әлде жылы сөздер айтып жас тыйған артық па? Қолдаймын деп қорламау амалдары қандай?
    Әр адам қынжылғанда әртүрлі амалмен ес жиып жатады. Сол амалдар жайлы сөз еттік. Дұрыс әрекет пен орынды сөз - жақсы қолдау формуласы. Тек әрдайым емес. Ал неге олай екенін кезекті эпизодымызда біле аласыз.
    Біздің жаңа эпизодты тыңдап, осында пікір жазып қолдасаңыздар болады. Бізге ондай қолдау өтімді.
    Келешекте жақындарыңызды қолдай алу үшін өзіңізбен бірге қалам алып, қызық мысалдарды түртіп отырыңыз!
    Қызық әңгіме айтып, қызықты жайттардан хабардар болу үшін біздің инстаграм мен телеграмға тіркеліңіз!
    Пысы. Сіздің рұқсатыңызбен құшақтап жатырмыз!)
    Instagam: tuime.podcast
    Telegram: tuimepodcast
    33 min
  • Эмоционалды күю: “өтірік сылтау айтпаш”

    Түйменің үшінші эпизодында эмоционалды күю синдромы мен оның салдарлары туралы сөйлестік. Көбінің басынан өтетін, бірақ байқалмайтын күйдің маңызы не? Оның жұмыс өнімділігіне тигізетін әсері қандай? Көп дүниені тым асыра сілтемейміз бе?


    Кейде тоқтаусыз жұмыстан құлазып, қуаныш сезбей кетеміз. Бұл дұрыс па? 


    Өз тәжірибемізден бөлек күю себептері мен салдарларын, онымен күресу жолдары мен маңыздылығын да талдап алдық. 


    Одан өзгенің бәрін білу үшін 30 минуттарыңызды қиып, кезекті эпизодты тыңдаңыздар!


    Мына жерге пікір қалдырған адамның шекарасы бұзылмасын!)


    Бірге түймелеу үшін байланыста болайық! 


    @tuime.podcast инстаграм парақшамыз


    @tuimepodcast телеграм-каналымыз

    31 min
  • Құнсыздандырудан арыламыз: "Ой, осы-ақ па?!"

    Бұл эпизодта көбімізге таныс, бірақ түсініксіз ұғымды талқыладық. Кемсіту, маңыздылығын жоққа шығару, құндылығын асыра сілтеу – осының бәрі құнсыздандырудың жарнақтары. Күнделікті өмірде "Уайымың осы ғана ма? Менікін айтсаш", "Онда тұрған ештеңе жоқ", "Мен сенің жасыңда деген тау қопарғам" деген сынды қызық қолдаулар мен орынсыз салыстырулардан шаршасаңыз, демек бұл эпизодты сіз үшін жаздық.

    Әр сезімнің маңыздылығы жоғары. Оны сезіну мен сол күйден өту де солай. Құнсыздандыруды талдап, оны қалай қолдану керектігін білгіңіз келсе, құлағыңыз бізде болсын! Ой, назарыңыз!


    Айтпақшы, бізбен бір толқында болыңыз!


    @tuime.podcast инстаграм парақшамыз


    @tuimepodcast телеграм-каналымыз

    27 min
  • Жеке шекараны анықтаймыз: «Өзіңше болмаш!»

    Түйменің алғашқы эпизодында «жеке шекара» туралы сөйлестік. Ол не? Оны қалай анықтайды? Біреудің шекарасына қалайша басып кірмеуге болады?


    Бұл бөлімде Заңғар мен Дастан дәстүрлі қоғамдағы шекараның бар-жоғын анықтап, өз тәжірибелерін талқыға салды. Қанды ішкен жағдайлары мен қуантарлық жайттары туралы айтып, «шекараның» нендей (түйедей) затқа ұласуы мүмкін екенін болжап көрді. Әркімнің айтқысы келгені мен ойында жүргені осы эпизодта. Ас болсын!


    Сосын кімде-кім дейді, бізге пікір қалдырып, тіркеліп, әлеужеліде тегтесе дейді, сол адам бақытты болады дейді-мыс!


    @tuime.podcast инстаграм парақшамыз


    @tuimepodcast телеграм-канал

    30 min
  • Әзірге осыны тыңдай тұрыңыз)

    Бұл – күнделікті өмірдегі түймедей мәселелерді саралайтын, өте өмірлі подкаст. Подкасттың жүргізушілері Дастан мен Заңғар эпизод сайын күнделікті тұрмыста туындайтын, бірақ әдетте назардан тыс қалатын этика, дұрыс қарым-қатынас және қоғаммен байланыс сияқты майда заттарды талқылап, олардың ТҮЙЕДЕЙ салдарын болжап көреді. 

    Бұл тақырыпты сарапшы ретінде талқылағымыз келмейді. Олай талқылайтын кәсіби біліміміз де жоқ. Біз тек – мейірімді, жайлы қоғамда өмір сүргісі келетін, қарапайым қазақы отбасыдан шыққан жігіттерміз. Сондықтан бұл сұрақтарды сол қарым-қатынас пен жағдайға өзі де араласып жүрген адам ретінде, күліп не жылап отырып талқылайтын боламыз

    Эпизодтарымыз әр екі апта сайын шығатын болады. Қарап жүріңіздер, тыңдаңыздар!

    Сіздің “иә! Айтпаш! Өмір ғой” деген пікіріңіз – біз үшін үлкен қуаныш 

    2 min

About Tuime

From the publisher's feed

Бұл – күнделікті өмірдегі түймедей мәселелерді саралайтын, өте өмірлі подкаст. Подкасттың жүргізушілері Дастан мен Заңғар эпизод сайын күнделікті тұрмыста туындайтын, бірақ әдетте назардан тыс қалатын…