Sign up to save your podcastsEmail addressPasswordRegisterOrContinue with GoogleAlready have an account? Log in here.
"Зере" - Азаттықтың әйел құқығы жайлы подкасты. Бұл подкаст қоғам естімейтін я байқамайтын әйелдердің проблемасын шешуге бағытталған. Әр эпизод тыңдарманға әйел құқықтары туралы ой тастайды. Және оны ... more
December 08, 2023Абьюз деген не? Абьюзер деген кім?"Жаншипа" психологиялық подкастының 24-эпизодында абьюз қарым-қатынас тақыбырын талқыладық. Абьюзер деген кім? Нарцисс деген кім? Абьюз қарым-қатынас деген не? Неге адам абьюз қарым-қатынасты бейсаналы түрде бастап кетеді? Бұл қарым-қатынастан қалай шығамыз? Абьюз бен нарцисс адамды қалай танимыз? Бұл сауалдарға психолог Іңкәр Алиевамен бірге жауап іздедік....more43minPlay
December 06, 2023Зымыран бөлшектерінің құлағанына куә болған экс-полицейдің хикаясыМаңғыстау облысы Қарақия ауданы тұрғындарының сөзінше, 2000-жылдардың басында аудан жері бірнеше жыл бойы Ресейдің зымыран сынықтарының құлауы үшін пайдаланылған. Бірақ ол туралы ақпарат өте аз....more24minPlay
December 02, 2023Советті әшкерелеген диссидент қазақ. Махмет Құлмағамбеттің соңғы сұхбаты...more39minPlay
November 25, 2023Елеусіз тарих. Азаттық 40 жылдан аса қазақша латын әліпбиін қолдандыАзаттық радиосы ондаған жыл латын әліпбиімен жазды. Советтік Қазақстанды көрген адамдар "қадімше" латын әліпбиін пайдаланды. Кейінгі толқын латынның түркиялық нұсқасын жаңаша жазу ретінде қабылдады. Бұрын радиода қызмет атқарған, қазір Түркияда тұратын тарихшы Әбдіуақап Қара Азаттықтың латын тәжірибесі жайлы айтады....more18minPlay
November 24, 2023"Дәстүрді, әйелге қарсы әрекетті ақтап, қылмысты жабу үшін қолдану – сатқындық"25 қараша –Әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні. Кейінгі уақытта әйелді ұру, өлтіру мен зорлық фактілері көбейді. Заңгер әрі тәуелсіз сарапшы Әйгерім Құсайынқызы Қылмыстық кодекске "адам өлтіруден" бөлек "феминицид" терминін енгізіп, әйелді әйел болғаны үшін өлтіргендерді қатаң жазаламайынша жағдай өзгеруі екіталай дейді. Ал сіз қалай ойласыз? Үйде зорлыққа ұшырап, жақындарынан қорлық көрген әйелдер санын қалай азайтуға болады?...more34minPlay
November 18, 2023Түркі әліппесі. "Латынға көшпеген Қазақстан мен Қырғызстан қалды"Ортақ түрік алфавиті, латын әліппесі туралы бір ғасырға жуық айтылып келеді. Кейінгі кезде саяси мінбеден де естіле бастады. Бірақ не өзгерді, не шешілді? Не кедергі? 46 жыл бұрын жарық көрген түркі әліппесіне арналған кітап туралы Азаттық қандай хабар таратты? "Азаттық радиосына 70 жыл" аудиоподкасында осы жөнінде айтамыз....more23minPlay
November 17, 2023Невроз: Оған не себеп, қалай алдын алуға болады?"Жаншипа" психологиялық подкастының 23-эпизодында невроз және невроздың салдары жайлы талқыладық. Неврозға не себеп? Невроздың алдын алуға бола ма? Невроздың адам денсаулығына әсері қандай? Неврозды қалай емдейді? Осы сауалдарға психотерапевт-дәрігер, клиникалық психолог Абылайхан Рысдәулет жауап берді....more43minPlay
November 11, 2023Тұрар Рысқұлов пен Түркістанның түбіне өз партиясы жеттіТүркістанның мұсылман коммунистері деген кімдер? Батыста олар туралы не деген? Тұрар Рысқұловтың Түркі компартиясы мен Түркі республикасын құру идеясын тұншықтырған совет компартиясының әрекеттері жайлы "Азаттық радиосына 70 жыл" подкасының кезекті эпизодында айтылады....more24minPlay
November 04, 2023Түркістан одағына жете алмаған Орталық АзияНазарбаевтың мәлімдемесі Түркістан конфедерациясы мәселесінің көтерілуіне себеп болды ма? Мұндай ықпалдасудан қоғам не күтті, билік не істеді? Демократиялық күштердің ұстанымы қандай еді? "Азаттық радиосына 70 жыл" подкасының кезекті эпизоды осыған арналады...more24minPlay