Sign up to save your podcastsEmail addressPasswordRegisterOrContinue with GoogleAlready have an account? Log in here.
"Зере" - Азаттықтың әйел құқығы жайлы подкасты. Бұл подкаст қоғам естімейтін я байқамайтын әйелдердің проблемасын шешуге бағытталған. Әр эпизод тыңдарманға әйел құқықтары туралы ой тастайды. Және оны ... more
November 03, 2023Психотерапия өмірімізге қалай әсер етті? Психологқа барып жүрген адамдардың әңгімесі"Жаншипаның" осыған дейінгі эпизодтарында психолог мамандар "көп мәселенің шешімі психолог өткізетін терапияда, бұл мәселені шешу үшін психологқа бару керек" дегенді жиі айтқан еді. Сондықтан бұл эпизодта психологқа барып жүрген Арайлым Нұрланқызы мен "Жаншипа" авторы Руслан Меделбек психотерапия өмірлеріне қалай әсер еткенін талқылады....more43minPlay
October 28, 2023Орны толмаған мал, тоналған мұнай. Дербестіктің ақсақ қадамы1990 жылы Қазақ ССР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданатын кезде Қазақстандағы шаруашылық қалай өрістеді? Жаңа одақ шарты әзірленгенде Қазақстан Мәскеумен қатынаста нені ескеруі керек? Азаттық радиосы шолу хабарларында совет кезінде мұнайшы мен малшыға жеткілікті жағдай жасалмағанын сынайды....more23minPlay
October 27, 2023"Өзбекстанға барсам өлім күтіп тұр". Қарақалпақ белсендісінің үміті мен үрейі47 жастағы Зиуар Мирманбетова жақында ғана түрмеден босап шықты. Өзбекстанның сұрауымен бір жыл бойы Алматыдағы тергеу изоляторында отырған қарақалпақстандық әйел Қазақстаннан босқын мәртебесін алуға үмітті. Босқын мәртебесі берілмесе Өзбекстанға экстрадициялануы мүмкін. Ал "бұл – өліммен тең" дейді Зиуар. Оның себебін қонағымыз "Зеренің" кезекті эпизодында кеңінен баяндап береді....more23minPlay
October 21, 2023Сәбетқазы Ақатай – Назарбаевқа сенімнің құрбаны"Азат" азаматтық қозғалысы ұлттық-демократиялық бағытта Алашордадан кейінгі ірі саяси ұйым аталады. Қозғалыстың негізін қалағандардың бірі Сәбетқазы Ақатай оның ыдырауына да себепші болды ма? Оппозицияда болған ол билікті неге қолдады? Назарбаевқа неге сенді? Биылғы күзде Сәбетқазы Ақатайдың туғанына 85 жыл толса, дүниеден өткеніне 20 жыл болды. Азаттық радиосы хабарларындағы саясаткердің бейнесіне шолу....more37minPlay
October 18, 2023Каспийдің ащы суы Маңғыстауды жұттан құтқара ала ма?Маңғыстау – климаты құрғақ, жауын-шашын өте аз түсетін, өзен-көлі жоқ Қазақстанның батысындағы облыс. Бірнеше жыл бұрын мұнда қуаңшылық болып, малдар қырылды, жұрт күн көріп отырған малдарынан айырылып қиналды. Облыс әлі күнге дейін жем-шөптің негізгі бөлігін өзге аймақтардан тасиды....more18minPlay
October 13, 2023КГБ-ға хат. Жазушылар одағы Мағжанның ақталуына неге қарсы болды?Совет билігі кезінде қайта-қайта сотталған Мағжан Жұмабаев неге басқалардан кеш ақталды? Туыстары қалай қудаланды? Мағжанның көзін көрген туысы не дейді? Ал Мағжанды 1950 жылдары Қиыр Шығыста көрдім деген адам не дәлелдегісі келді? "Азаттық радиосына 70 жыл" подкасының осы эпизодынан тыңдаңыз....more32minPlay
October 13, 2023Жалғыз қызынан айырылған ананың әділдік іздеген жолыКейіпкеріміз Қарлығаш Есенбекқызының қызы Айманды бұрынғы күйеуі былтыр 18 жерінен пышақтап өлтірген. Қылмыс сотта дәлелденді. Дегенмен сот оны 1,5 жылға соттаған. Кейін іс қайта қаралып, қылмыс жасады деген адам 11 жылға сотталды. Бұл эпизодта Қарлығаш апай әділдік жолындағы күресі жайлы айтты....more21minPlay
October 13, 2023"Жазалау баланың құндылығын жояды". Бала психикасының ерекшелігі неде?"Жаншипа" психологиялық подкастының 21-эпизодында бала психологиясын, бала психикасын, баланың мінезінің ерекшеліктерін талқыладық. Баланы жазалау дұрыс па? 3-4 жастағы кризис кезінде ата-ана қалай әрекет еткені дұрыс? Баланың өтпелі кезеңін қалай еңсереміз? Осы сауалдарды балалар психологы Ақгүл Төлеуханқызымен талқыладық....more42minPlay
October 06, 2023Қарасартов қарсы. Ақталған Шәкерім мұрасын жариялаудағы кедергі1931 жылғы 2 қазанда совет билігі тергеусіз, сотсыз атып өлтірген Шәкерім Құдайбердіұлы 1958 жылы ақталды. Бірақ тағы 30 жыл бойы оның аты-жөнін айтқызбай, шығармаларын жариялатқызбады. Азаттық радиосы 1973 жылы Шәкерім жайлы хабарында ақын шығармалары ел арасында қолжазба түрінде тарайтынын айтқан. Шәкерім мұрасын жариялауға кім қарсы болды? Оның жырлары кітапханадан да қолды болған ба? Аудиоподкасты тыңдаңыз....more19minPlay
September 30, 2023Атаманның ақыры. Орал оқиғасы ұмытылды ма?Қазақстан тәуелсіздік алардан тура үш ай бұрын, 1991 жылғы 15 қыркүйекте Оралда болған болған сепаратистік сипаты бар оқиға жайлы бүгінде аз айтылады. Оқиғадан соң оған саяси баға беруді талап еткен акциялар да өткен. Азаттық архивіндегі деректер бұл туралы не дейді? Оқиға кейіпкері мен сол кездегі шенеуніктің бүгінгі көзқарасы қандай? Бұл жолғы хабарда Орал оқиғасының аяғы немен тынғанын баяндаймыз....more31minPlay