Sign up to save your podcastsEmail addressPasswordRegisterOrContinue with GoogleAlready have an account? Log in here.
"Зере" - Азаттықтың әйел құқығы жайлы подкасты. Бұл подкаст қоғам естімейтін я байқамайтын әйелдердің проблемасын шешуге бағытталған. Әр эпизод тыңдарманға әйел құқықтары туралы ой тастайды. Және оны ... more
August 24, 2023Ұрып-соққанға көну я түрмеге түсу. Күйеуін өлтірді деп айыпталған әйелдің оқиғасынан не сабақ алдық?Айы-күні жетіп отырған павлодарлық келіншек өзіне пышақ ала жүгірген күйеуін өлтірді деп айыпталып, сотқа тартылды. Оқиға отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесіне тағы назар аудартты. Агрессор күйеуінен қорғану үшін әйел не істеуі керек? Психолог және заңгермен осы жайттарды сөз еттік....more18minPlay
August 19, 2023Азаттыққа қарсы ұйымдасқан пропаганда. Театрға – пьеса, газетке – мақалаСовет одағы мен одан саяси науқан кезінде Азаттық радиосына қарсы үгіт-насихат қандай болды? Азаттыққа қарсы науқанның айырмасы бар ма? "Азаттық радиосына – 70 жыл" подкасының бұл эпизодында осы туралы айтылады....more24minPlay
August 18, 2023"Туған ағам зорлады". Бала кезде зорланғандар жан-жарасын қалай жазады?Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасында бала кезде сексуалды зорлық зомбылық көргендердің психологиялық мәселелерін, бала кезде зорлық-зомбылыққа тап болғандарға көмектесу жолдарын, балаларды сексуалды зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесін талқыладық. Бұл эпизодта психолог маман Әсем Байбасаровамен "зорлық-зомбылық көргендерге қалай көмектесеміз?", "зорлық-зомбылық көргендердің өмірге деген сенімін қалай қайтарамыз?", "зорлық көрген ер адамдарға қандай көмек көрсетеміз?" деген сауалдарға жауап іздедік. Бұдан бөлек "баланы педофилден сақтау үшін ата-аналар не істеу керек?" деген мәселені де қозғадық....more42minPlay
August 16, 2023“Твоя вода” жобасының кураторы: Қалада рефилл станциялары көп болса, жұрт қазіргідей пластик бөтелкеге көп жүгірмес еді...more38minPlay
August 11, 2023"Қоғамда көп балалы ананың сыйы кеткені өкінішті"Ол үш балалы қарапайым әйел еді. 4 жыл бұрын астанада бір отбасының төрт қызы жанып кеткен өрттен соң көп балалы ана құқын қорғайтын белсендіге айналды. Екі жетім баланы бауырына басып, өзі де көп балалы болып шыға келді. "Қамқор ана" қоғамдық қорының жетекшісі Аида Букаева күресі жайлы әңгімелейді....more25minPlay
August 05, 2023Тәуелсіздіктің бір жылдығында жұрт Алашорда мен Желтоқсанды еске алды1992 жылы Қазақстан тәуелсіздігінің бір жылдығы Алашорда автономиясының 75 жылдығымен тұспа-тұс келді. Билік бұл датаны елемеді. Бір жылдық кезінде президент Назарбаев "жаңарған Қазақстан" туралы айтып, даму жоспарынан хабардар етті. Ал Ақмоланы "Ақорда" деп атауды кім ұсынған еді? "Азаттық радиосына 70 жыл" подкасының бүгінгі эпизодында сол кезден жеткен дауыстарды тыңдап, 1992 жылғы кейбір оқиғалармен танысуға болады....more18minPlay
August 04, 2023"Ата-анам ішеді, шаршадым". Эмоционалды есеймеген ата-ана балаларын қалай қинайды?Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 17-эпизодында психологиялық тұрғыда есеймеген ата-ананың есейген балалары деген тақырыпта сөз қозғамақпыз. Бұл – өте ауыр әрі маңызды тақырып. Себебі бұл тақырып қазақ медиасында, интернет кеңістігінде көп айтыла бермейді. Яғни, психологиялық тұрғыда есеймеген ата-анадан тәрбие алған бала кейін есейгенде қандай мәселелерге тап болады? Дизфункциональды отбасыдан шыққан балалардың есейгендегі мәселелері қандай болады? Ата-анасы ішімдік ішкен балалар үлкейгенде тап болатын қиындықтар қандай? Бұл сауалдарға практик психолог Гүлзат Қанатпен жауап іздедік....more35minPlay
August 02, 2023"Қоқыс өңдейтін компаниялар шикізаттарын өткізе алмай отыр, себебі Қытай, Ресейден арзан пластиктер келеді"...more40minPlay
July 29, 2023Президенттің мойындауы. Тәуелсіздіктің бір жылыҚазақстан өз тәуелсіздігінің бір жылдығын қалай қарсы алды? Совет одағынан ең соңынан бөлініп шыққан мемлекеттің алғашқы қадамдары қандай болды? Назарбаев пен Әбділдин Азаттыққа берген сұхбатында не айтты? "Азаттық радиосына – 70 жыл" подкасының бүгінгі эпизоды осы туралы болмақ....more20minPlay
July 28, 2023"Қаңтаршылардың көрген азабы жаныма батты"Әйел адвокат болу қиын ба? Оның ішінде азапталғандардың құқығын қорғаудың ерекшелігі қандай? Қаңтардың травмасы адвокатқа қалай әсер етеді? Қаңтар оқиғасына қатысқан, кейін азапталған азаматтардың құқығын қорғап жүрген адвокат Жалғас Сапарханова - "Зеренің" бүгінгі қонағы....more26minPlay