"Психолог нені шешеді? Ұлттық ерекшілігімізге сай психология неге жоқ?" сынды сауалдарға жауап іздейтін боламыз. Сонымен қатар, психолог Нұргүл Молдабайқызы тыңдаушылардың санасында қордаланған сауалдарына да жауап береді.
Қазақта, «Тән жарасы жазылар, жан жарасы жазылмас» деген сөз бар. Бүгін де тән жарасынан жан жарасы көп, олардың қатары артып келеді. Бұған да өзіндік себептері бар. Біріміз қоғам дейміз, біріміз тағдыр дейміз, біріміз күнделікті тұрмыс дейміз. Сан саққа жүгірген сана сергелдеңінде бір сәт болсын өз уайымыңды тыңдап, ойыңмен бөлісіп, ішкі толқынысыңды түсінер жан іздейтін кездер болады. Сондайда әр жұманың кешінде жаныңыздан табылар «Жан әлемі» хабарын тыңдаңыздар.