Әжемнің әңгімесі

Әжемнің әңгімесі

By Qazaq RadiolaryParentingKids & Family
Download on the App Store

Әжемнің әңгімесі episodes

  • Баянғали Әлімжанов: Әжемнің әңгімесі алға жетеледі
    Баянғали Әлімжанов: Әженің «Айналайын» деген бір ауыз сөзін естіп өскен бала мейірімді болады.

    Елдің, жердің, ұрпағының амандығын тілеп отыратын әзіз әжелердің көзін көріп өскен Баянғали ақын тарих пен тағылымды үлкендердің аузынан естіп өсті. «Егер, адам өз ұлтының тамырымен терең байланысып жатса, рухани қазынасы, байлығымен сусындаса жан-жақтан соққан желге қарсы тұра алады»,- дейді драматург, жазушы, жыршы-жырау Баянғали Әлімжанов Қазақ радиосындағы «Әжемнің әңгімесі» хабарына берген сұхбатында.
    Бала санасы ақ қағаз емес пе? Кішкентайында естіген әңгіме санада қашалып қалатыны анық. Баянғали Әлімжанов осы күнге дейін алпысты алқымдап, жетпіске жол тартса да Алтын апасының айтқан әңгімесі есінде қалған. Есейе келе сол әңгіме желісімен «Пайғамбар мен қаҺарман» деген өлең жазған. Жазушы сол әңгімені немерелеріне де айтып отыратынын айтады.
    Толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.
    Хабардың авторы әрі редакторы- Альмира Елімсары.
    5 min
  • Әже тәрбиесі – қазақ қоғамының жазылмаған оқулығы
    Әже әлдиіндегі әлем – тұнып тұрған салт дәстүр, әдет ғұрып. Әже әлдиі, қазақтың қара өлеңі әлемдегі ең әдемі ән. Ал, әже ертегісі бастан аяғына дейін халқымыздың ауыз әдебиеті. Әженің тәрбиесі –  қазақ қоғамының жазылмаған оқулығы. Жадымызға қашалған қасиетті ілім.
    «Әжемнің әңгімесі» хабарында Жасыл экономиканы қолдау мен G-GlobaL-ды дамыту коалициясының атқарушы директоры Асхат Сүлейменов әжесінен алған тәрбиесін айтып берді.
    Асхат жүрегіне таза тамшы болып тамған әже ақылы мен әңгімелерімен өсті. Жаз шықса ауыл қайдасың деп тұратын жеткіншектің бірі болды.
    Мемлекет отбасыдан басталады. Сол себепті де қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңызы зор. Ал, отбасы мен ағайын-туыс, ел-жұрттың амандығын, тіпті тілеуін тілеп, салт-дәстүрімізді ұрпағына ұғындырып, үлгі-өнеге көрсететін Асхат Сүлейменовті тәрбиелегендей әзіз әжелеріміз.
    Өмірде немересін тағдырдың сан тарау соқпағында адаспауға, білімді де білікті болуға баулыған Гүлжамал мен Бәтеш әжелердің өнегесі осындай. Ұрпағының жұдырықтай жүрегіне парасаттылықтың дәнін еккен, періштедей пана болған әжелер-ай дейсің мұндайда. Рас, «Тәрбиенің мықты іргетасы отбасында қаланады» деген қағидаға талас жоқ. Ал, мықты мемлекет негізі отбасынан құралады.
    Толығырақ «Әжемнің әңгімесі» хабарының аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.
    Хабар авторы Альмира Елімсары.
    16 min
  • Әже – отбасының ғана емес, ұлттың ұйтқысы
    Қазақ поэзиясында әже бейнесін қайталанбастай сомдай білген ақындар жетіп артылады. Отбасының ғана емес, ұлттың ұйтқысы әжелер жайындағы жыр шумақтарды оқи отырып, сол ақынның әжесi сенiң де, менiң де, оның да әжесi секiлдi әсер қалдырады. «Әжемнің әңгімесі» хабарына әжесіне деген махабаты мен мархаббатын жыр арқылы жеткізіп, әнге қосқан ақын сазгер Жанайхан Мұхтар қатысты.
    Халық даналығында «аспанда ай ортақ, көкте күн ортақ» деген сөз бар. Жерде жақсы адамдар ортақ. Жанайхан Мұхтардың әжесі Мәкіш ана бір әулетке ғана емес, ауылға сыйлы болды. Көрген баққанын айтып отыратын жаны жайсаң, мәрттігі бір төбе кейуана. Ақын әрі сазгер ең алғаш туындысын әжесіне арнапты. Сөзі мен әнін өзі жазып, орындауын белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербаевқа сеніп тапсырған көрінеді.
    «Жарқын жүздерінен шуақ шашылған, ақ жүректерімен дүниені нұрландырған ата мен әже – әрбір әулеттің алтын қазығы, түп-тамыры. Осыны естен шығармаған жөн»,-  дейді ақын Жанайхан Мұхтар.   
    Мемлекеттің іргетасы – ол отбасы. Еліміздің тұғыры мықты болуы үшін оны құрайтын отбасы мықты болуы керек. Өмірін бір арнаға тоғыстырып, болашаққа бағыт алған отбасының басты қызығы да, қуанышы да – бала. Болашақ тізгінін ұстайтын, елінің ертеңі болатын, ата-ананың үмітін ақтай білетін дені сау, білімді де саналы жас ұрпақты тәрбелеуде әжелер академиясының орны бөлек.
    Толық ақпарат аудионұсқада.
    Хабардың авторы әрі редакторы - Альмира Елімсары.
    14 min
  • Генерал әже әлдиіндегі әлемімен бөлісті
    Қазақ радиосының «Әжемнің әңгімесі» хабарында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант Абай Тасболатов әже әлдиіндегі әлемімен бөлісті.
    Адам анасының бойына біткеннен пешенесіне тағдыры жазылады дейді. Бала Абайдың пешенесіне жазылғаны өзгеге ұқсамайтын ерекшелеу болды. 4 айлық сәбиді ата мен әже бауырына басады. Емшектегі баланы ала биенің сүтімен асыраймыз дейді. Бірақ... іші өтіп мазасыздана бастайды. Шырылдап жатқан немересін көргенде тұла бойы толқып, еміренген әже омырауынан сүт шығады.
    Хабардың толық нұсқасы аудиотаспада.
    Хабар редакторы: Альмира Елімсары.
    15 min
  • Әже баласы көпшіл болады
    Қазақ отбасында қалыптасқан жақсы бір дәстүр, жаз шықса балаларын әже мен ата шаңырағына жібереді. Кейде тіпті ала жаздай сол жақта асыр салып ойнап, аунап қунап жақсы дем алып қайтады. Оған қоса үлкендерге қолғабыс жасап, қолдарын ұзартып, еңбекпен тәрбиеленеді. Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі Сәуле Есенбекқызы да осындай ойын баласы болған.
    16 min
  • Әже мейірімі
    Әже мейірімі. Мықты мемлекет іргетасы негізін өнегелі отбасы қалыптастырады. Оның түп төркінінде әжелер академиясы жатқанын қалай ұмытайық. Түркі дүниесінің ойшылы Жүсіп Баласағұн “Кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің” деп, мейірімділікке зор мән берген екен. Бүгінгі хабарымызда ата мен әже мейіріміне қанып өскен, биология ғылымдарының докторы, репродуктолог-эмбриолог Салтанат Байқошқарованың әже әлиіндегі әлеміне үңіліп көрмекпіз.
    15 min

About Әжемнің әңгімесі

From the publisher's feed

Ұлттық тәрбиенің өзегі әжелер мектебінің құндылығы дәріптеледі. Әже ұлағатымен өскен ұрпақтың пайымды парасаты тыңдаушыға жеткізіледі.