Дина әже бұл эпизодта ертеде қазақ даласында болған жұқпалы аурулар және онымен күресу жолы туралы айтады.
Бұрын оба, сүзектен есік ашатын адам қалмай, бір ауыл түгел қырылып қалғанда, қазақ халқы жұқпалы ауруларды қалай жеңіп шыққан?
Коронавирус Дина әженің өміріне қалай әсер етті?
COVID-19 туралы мифтер қалай пайда болады?
Қазақстанның вируспен дұрыс күресіп жатыр ма?Бұл эпизодта осы сұрақтарға жауап таба аласыз.
Эпизодта Қарақат Әбілдинаның орындауындағы "Асыл әжем" әнінің әуені қолданылды.
"Русское радио" жүргізушісі Күнту Арынбек пен журналист Айгерім Амалбекке жобаға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.Эпизод көңіліңізден шықса, қолдау көрсетіп, пікір жазып қалдыруға рұқсат.
Тыңдарманға деген құрметпен Дина әженің немересі - Дана Маратова. Әдемі әңгімелер көп болсын!
Ұсыныс пен пікір қалдыру үшін:
E-mail: [email protected]
WhatsApp: +77756507327; +905528990569
https://www.instagram.com/ajemnin_angimesi/
https://www.instagram.com/mara_zho/